Франшиза бизнесінің сегіз идеясы

Дайын бизнес сатып алу мүмкіндіктері

Ақбота Хасенова

Ақбота Хасенова

автор

Ирина Дубчак

Ирина Дубчак

редактор

Франшиза бизнесінің сегіз идеясы

Франшиза — бұл бизнесті басынан көтеруге дайын болмаған кәсіпкерлер үшін жеңіл әрі ыңғайлы іс жүргізу түрі. Франшизамен жұмыс істегенде бизнес-модель құрастырудың, брендтің атын шығарудың, дизайн жобасын ойластырудың және тауар ассортиментін жинақтаудың қажеті жоқ, бұның барлығын брендтің иесі — франчайзер дайын түрде беретін болады. Ақшаны қандай жергілікті және шетел компанияларына салуға болатыны және олардан қандай көмек алуға болатыны туралы осы мақалада айтып береміз.

Bro Glasses

Отандық көзілдірік өндіруші бренд

Ел: Қазақстан

Франшизаның құны: 35 млн теңге, паушалдық төлем — 15 млн теңге, роялти — 6%, бағдарламалық жабдықтама — 2%

Өтелімдік мерзімі: орта есеппен 12 ай

Қанша табуға болады: айлық таза пайда 3 млн теңгеден басталады, айналым — 10 млн теңгеден басталады

Франшиза пакетіне не кіреді:

  • дүкенге орын таңдау;
  • заңды және техникалық сүйемелдеу;
  • маркетинг стратегиясын және дүкенде жұмыс істеу стандарттарын орнату;
  • серіктес пен оның командасын оқыту;
  • тауар айналымын нәтижелі етуге жағдай жасау;
  • сапа жағынан бақылау жасау және CRM;
  • дайын дизайн-жоба;
  • IT жабдықтама;
  • серіктес жеткізушілер желісі;
  • сараптау және есеп беру жүйесі;
  • дайын KPI жүйесі;
  • қызметкерлерді жалдау және команда құру жүйелерін үйрету;
  • таза пайданы бөлшектеу;
  • серіктестердің жыл сайынғы жиыны және стратегиялық сессия.

Сайты: broglassesfranchise.com

JOPS optic

Қазақстандық көзілдірік бренді

Франшизаның құны мен табысы франшизаның орналасқан елді мекеніне байланысты болады: бұл жерде үлкен қалаларда халық саны 300 мың адамнан астам, кіші қалаларда халық саны 100 мың адамнан 150 мың адамға дейін болып есептеледі.

Франшизаның құны:

  • үлкен қалада 26 млн теңге, паушалдық төлем — 10 млн теңге, роялти — 6%, бағдарламалық жабдықтама — 2%;
  • кіші қалада 20 млн теңге, паушалдық төлем — 5 млн теңге, роялти — 6%, бағдарламалық жабдықтама — 2%.

Қанша табуға болады:

  • үлкен қалада 2 млн теңгеден астам;
  • кіші қалада 1 млн теңгеден астам.

Айналым:

  • үлкен қалада 7 млн теңгеден астам;
  • кіші қалада 5 млн теңгеден астам.

Өтелімдік мерзімі: орта есеппен 12 ай

Франшиза пакетіне не кіреді:

  • дүкенге орын таңдау;
  • заңды және техникалық сүйемелдеу;
  • маркетинг стратегиясын және дүкенде жұмыс істеу стандарттарын орнату;
  • серіктес пен оның командасын оқыту;
  • тауар айналымын нәтижелі етуге жағдай жасау;
  • сапа жағынан бақылау жасау және CRM;
  • дайын дизайн-жоба;
  • IT жабдықтама;
  • серіктес жеткізушілер желісі;
  • сараптау және есеп беру жүйесі;
  • дайын KPI жүйесі;
  • қызметкерлерді жалдау және команда құру жүйелерін үйрету;
  • таза пайданы бөлшектеу;
  • серіктестердің жыл сайынғы жиыны және стратегиялық сессия.

Сайты: broglassesfranchise.com

SF

Дәмді тағам желісі

Ел: Қазақстан

Франшизаның құны: мекеменің форматына қарай паушалдық төлем 10 млн теңгеден басталады, роялти — табыстың 5%-н құрайды

Өтелімдік мерзімі: 16–24 ай

Қанша табуға болады: айына 3,3 млн теңгеден астам

Франшиза пакетіне не кіреді:

  • бизнес моделі;
  • қызметкерлерді оқыту жүйесі;
  • дизайнерлердің сүйемелдеуі;
  • құрал-жабдық сатып алуға жасалатын жеңілдіктер;
  • сапалы шикізат;
  • қолдау көрсету және дамыту.

Сайты: franchise.shaurma-food.kz

Empire

Премиалды ұлттық кәдесыйлар мен сыйлықтар дүкендерінің желісі

Ел: Қазақстан

Франшизаның құны: паушалдық төлем — 3,2 млн теңге, роялти жоқ

Қанша табуға болады: таза пайда айына 2 млн теңгеден басталады

Франшиза пакетіне не кіреді:

  • франшиза ашудың әрбір кезеңінде қолдау көрсету;
  • дүкеннің орнын таңдауға көмектесу;
  • дизайн-жоба;
  • бизнес-жоба мен қаржы моделін дайындау;
  • қызметкерлерді іріктеу және оқыту;
  • маркетинг жағынан қолдау көрсету;
  • брендбук, клиенттермен тілдесу стандарттары, оқыту материалдары, бизнес-процестердің стандарттары.

Сайты: empire.kz

Verbatoria

Ми белсендігін зерттеу арқылы балалардың жасырын қабілеттерін анықтап, болашақ кәсіп таңдауға көмектесетін EdTech жүйесі

Ел: Грекия

Франшизаның құны: паушалдық төлем — 9 990 доллар (мақала шыққан күні — 4,4 млн теңге), роялти — 299 доллар (132 мың теңге)

Өтелімдік мерзімі: орта есеппен 3 ай

Қанша табуға болады: айына 2 000–3 000 доллар (900 мың теңгеден 1,3 млн теңгеге дейін)

Франшиза пакетіне не кіреді:

  • баға белгілеу және бизнесті дамыту мәселелері бойынша еркін шешім қабылдау;
  • тесттің бағасы франшизаның орналасқан еліне байланысты болады, орта есеппен 80-120 доллар (35 мың теңгеден 53 мың теңгеге дейін);
  • маркетинг бағытында қолдау көрсету;
  • үш адамды толықтай оқыту;
  • кеңсе жалдаудың қажеті жоқ.

Сайты: greekverbatoria.com

ZDROWA KROWA

Гамбургер, стейк және салат дайындауға маманданған мейрамханалар желісі

Ел: Польша

Франшизаның құны: паушалдық төлем — 49 мың злотый (5,2 млн теңге), роялти табыстың 4%-ын, маркетинг шығындары табыстың 2%-ын құрайды

Өтелімдік мерзімі: 3–12 ай

Қанша табуға болады: айына орта есеппен 30 мың злотый (3,2 млн теңге)

Франшиза пакетіне не кіреді:

  • 180 сағат оқыту;
  • бизнесті ашу кезінде көмектесу және консультация беру;
  • менеджермен 24/7 байланыста болу;
  • маркетинг науқанын дайындауға көмектесу;
  • жеткізушілердің байланыс мәліметтері;
  • интерьер дизайны.

Сайты: franczyza.zdrowakrowa.com

ЧебурекМи

Халықаралық чебурек дайындау желісі

Ел: Ресей

Франшизаның құны: 970 мың рубльден басталады (5,2 млн теңге)

Өтелімдік мерзімі: 6 айдан басталады

Қанша табуға болады: 800 мың рубльден астам (4,2 млн теңге)

Франшиза пакетіне не кіреді:

  • сауда нүктесін ашу чек-листі;
  • сауда орнын табуға және қызметкер іздеуге көмек беру;
  • брендбук;
  • маркетинг және заң мамандарының сүйемелдеуі;
  • қызметкерлерді оқыту;
  • технологиялық карталар;
  • мәзір мен бағаларды елді-мекенге сәйкес бейімдеу.

Сайты: cheburek.me

TSUMUGI

Аниме-тауарлар дүкені

Ел: Украина

Франшизаның құны: паушалдық төлем — 1 200 доллар (535 мың теңге), роялти жоқ.

Өтелімдік мерзімі: 6–10 ай

Қанша табуға болады: айына 500–1500 доллар (220 мың теңгеден 670 мың теңгеге дейін)

Франшиза пакетіне не кіреді:

  • жарнама беру, дизайн, жабдық таңдау, тауарларды және қызметкерлерді іріктеу жағынан көмек беру;
  • жеткізушілердің байланыс мәліметтері.

Инстаграм парақшасы: @tsumugi.ua


Франшиза — бұл кәсіппен айналыса бастау үшін жақсы мүмкіндік: мұнда бизнес жүргізуге дайын нұсқаулықтар, танымал бренд, жарнама материалдары және техникалық қолдау ұсынылады. Франшизаны таңдаған кезде салынатын инвестициялардың мөлшеріне ғана емес, брендтің тауар белгісінің бар болуына, оның жетістіктеріне, бәсекелестік артықшылықтарына және нарықтағы сұранысына назар аудару керек. Ал егер сіз франшизаны қандай салада ашу керегін білмей тұрсаңыз, онда ең оңайы — бұрын жұмыс істеп көрген саланы қарастыруға болады.