Jusan Дүкенінде сауда жасау жолдары

Сатушыларға жеке қолдау көрсету, төмен комиссиялар мен тұрақты клиенттер ағыны

Дана Ермұхан

Дана Ермұхан

автор

Ақбота Хасенова

Ақбота Хасенова

автор

Ирина Дубчак

Ирина Дубчак

редактор

Антон Соколов

Антон Соколов

Jusan Дүкенінің өнімдерді дамыту директоры

Jusan Дүкенінде сауда жасау жолдары

Jusan Дүкені — бұл тауар мен қызмет сатуға арналған электронды сауда платформасы. Платформа екі негізгі қызметті — маркетплейсте немесе QR Lite тауарды несиелеу қызметі арқылы онлайн сату мүмкіндігін ұсынады. Маркетплейсте тұрмыс техникасы мен киімнен бастап, бағдарламалау курстары мен туристік жолдамаларға дейін 3 500 санатқа бөлінген миллиондаған тауар сатылады. Jusan Дүкенінде тіркелу жолын, онда нені сатуға болатыны және шарттары туралы осы мақалада айтып береміз.

Маркетплейсте тіркелу тәсілі

Jusan Дүкеніне серіктес болу үшін кәсіпкердің жасы 21 жастан асуға тиіс. Ол үшін оның жеке кәсіпкерлігі немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үш айдан астам уақыт бұрын тіркелген болуы керек.

ЖК үшін 10 минуттық тіркелу

  1. Jusan Business қолданбасын орнату.
  2. Банк шотын онлайн ашу.
  3. Тіркеу формасын толтыру арқылы өтініш беру.
  4. Электронды поштаға сатушының жеке кабинетіне кіру үшін толық нұсқаулар мен керек деректер жазылған хат жіберіледі.
  5. Кабинетке кіріп, қажетті өрістерді (жеткізу, тапсырыстарды беру пункті, т.б.) толтырып, тауарларды қосу.
  6. Дайын! Енді сауда жасасаңыз болады.

 

Маркетплейсте сатуға болатын тауарлар

Онлайн дүкенде Қазақстан заңнамасында тыйым салынбаған заттардың барлығын сатуға болады. Ең бастысы — тауарыңыз берілген сипатына сай болуы тиіс.

Ол үшін сатушылар арнайы офертаға қол қойып, тауар туралы жалған ақпарат бермеуге міндеттеледі. Jusan Дүкені тауар сертификаттарын тексере алады немесе тұтынушылардан немесе авторлық құқық иелерінен шағым түскен жағдайда тергеу жүргізе алады.

Егер тауарды қосу кезінде кәсіпкер оның қажетті санатын таппаса, онда қолдау көрсету қызметіне хабарласу керек.

Комиссиялар

Сатушы әрбір сатылған тауар немесе қызмет үшін Jusan Дүкеніне комиссия төлейді. Комиссия мөлшері тауар санатына және сатып алушы таңдаған төлем әдісіне — картамен, несиеге немесе бөліп төлеуге байланысты.

Кез келген банктің картасымен төлеу үнемі қолжетімді, ал несие және бөліп төлеу тек 10 000 теңгеден жоғары тауарларға қолжетімді. Бөліп төлеу мерзімдері (0-0-3 / 0-0-6 / 0-0-12 / 0-0-24) маркетплейстегі науқандар кестесіне сәйкес қолжетімді (Сатушы кабинетіндегі «Науқандар кестесі» бөлімі).

Комиссияны есептеу мысалы

Тауар бағасы — 10 990 теңге. Сатып алушы 0-0-6 (комиссия 12%) бөліп төлеуді таңдады.

Комиссия мөлшері = Тауар бағасы × Комиссия пайызы = 10 990 × 12% = 1319 теңге

Төлем мөлшері = Тауар бағасы – Комиссия мөлшері = 10 990 – 1319 = 9 671 теңге

Ағымдағы комиссияларды ресми телеграм арнасынан бақылауға болады.

Тауарды жеткізу

Сатушылар тапсырыстарды жеткізудің ыңғайлы әдісін  — JPost маркетплейс қызметін немесе өздігінше тасымалдауды таңдай алады.

JPost — Қазақстанның 30 қаласына тапсырыстарды жеткізетін Jusan Дүкенінің логистикалық компаниясы. Өз курьерлер штаты мен серіктестермен келісімі бар (СДЭК, Tastamat постаматтар қызметі және т.б.).

Сонымен қатар, тауарды алып кету де, оны жеткізу де тегін болады, бірақ сатушы бағдарламалық-техникалық қызметтердің ақысын төлеуге тиіс. Осыған байланысты жеткізу бағасы тұрақты және тауар өлшемдеріне байланысты болады.

Тарифтер

Ірі тауарлар

2290 ₸ Қала ішінде

2890 ₸ Қаладан қалаға

Шағын тауарлар

590 ₸ Қала ішінде

990 ₸ Қаладан қалаға

Сатушы тарифке екі жағдайда төлемейді: бағасы 5000 теңгеге дейінгі тауарлар үшін және жеткізу постаматтарға жасалған болса (тауардың бағасы кез келген болуы мүмкін).

Тауардың ірі ауқымды немесе шағын ауқымды екенін анықтау үшін екі шаманың үлкенін — нақты салмағын немесе көлемді салмағын (21 кг-дан жоғары не төмен) таңдау керек.

Көлемді салмақ мына формула бойынша есептеледі:

Ұзындығы, см × Ені, см × Биіктігі, см ÷ 5000 = Көлемді салмақ, кг

Егер кәсіпкер көлемді тауарларды сатса, оларды формула бойынша тексерген дұрыс.

Сатушы кабинетінің сипаты

Сатушы кабинетінде тапсырыстарды қабылдау-жеткізуден бастап, жаңа қызметкерді қосуға дейінгі барлық жұмысты орындауға болады.

Кабинет сегіз негізгі бөлімнен тұрады:

  • Басты бет (Главная) — Jusan Дүкенінде жұмыс істеу туралы егжей-тегжейлі нұсқаулар
  • Тапсырыстар (Заказы) — тапсырыстар туралы негізгі мәлімет;
  • Көшірме (Выписка) — тапсырыстардың қаржы мәліметтері;
  • Тауарлар (Товары) — сатушының тауарлар тізімі мен бағалармен және қалдықтармен жұмыс жасау бөлімі;
  • Тарифтер (Тарифы) — төлем тәсіліне және санатына қарай белгіленген комиссиялар;
  • QR Lite — басқа банктердің клиенттеріне бөліп төлеуге сату мүмкіндігін беретін қызмет;
  • Баптау (Настройки) — дүкен функционалын сатушыға ыңғайлы етіп өзгерту;
  • Науқандар кестесі (График акций) — дүкеннің науқандары мен іс-шаралары бойынша ақпарат.

Тауарларды дүкенде жайғастыру

Тауарларды өздігінше жайғастыруға болады. «Тауарлар» («Товары») парақшасында «Жүктеу» («Загрузка») бөліміне өтіп, «Тауарларды өздігінше қосуды» («Ручное добавление товаров») таңдау керек. Нұсқауларды орындай отырып, қажет тауарларды қосу қажет.

Тауарларды Excel прайс-листі арқылы да қосуға болады. Ол үшін Excel-дің XLS және XSLX форматтарында жасалған прайс-листті жүктеңіз, немесе автоматты түрде жаңартылатын XML форматындағы файлдың сілтемесін енгізіңіз. Дайын үлгілерді сатушы кабинетінен жүктеп алуға болады.

Егер қосып жатқан тауардың маркетплейсте карточкасы болмаса, жаңасын «Жаңа тауарларды енгізу («Создание новых товаров») парақшасында жасауға болады. Мұнда сипаттамаларды таңдап, тауардың суретін жүктеуге және карточканың сипатын толтыруға болады.

Жүктелген тауарлардың барлығын «Тауарлар» → «Тізім» → «Сатылуда» («Товары» → «Список» → «В продаже») бөлімінде көруге болады.

Саудадан түскен ақшаны шығарып алу

Сатылған тауарлар мен қызметтердің ақшалары сатушының Jusan банкіндегі есеп шотына сатып алушының тауарды қолына алғанын растағаннан кейін түседі. Қаражат шотқа тек жұмыс күндері ғана 30 минут ішінде аударылады. Оны жұмсау үшін Jusan Business-тің мобильді қолданбасына немесе интернет-банкингіне өтіп, төлем мақсатын енгізе отырып аударуға болады. Болмаса, Jusan Business корпоративті картасын ашып, ақшаны соған аударып, банкоматтан шешіп алуға болады.