2ГИС-тегі пікірлермен жұмыс істеу
Компанияларға арналған нұсқаулық
Андрей Кожевников
2ГИС-те UGC-контент менеджері
Мақаланың мазмұны
2ГИС-те қойылған бағалар мен адамдардың қалдырған пікірлері компаниялардың рейтингілеріне әсер етеді. Барлық ұйымдарды осы критерий бойынша іріктеп, талаптарыңызға сай ұйымды таңдауға болады. Бұл 2ГИС-тегі компанияларды таңдаудың танымал жолдардың бірі. Компанияның рейтингін қалай көтеруге болатынын, пікірлерге қалай дұрыс жауап беру керектігін және қажет болса пікірге қарсылық білдіру жолдары туралы айтып береміз.
Компанияның рейтингі дегеніміз не
Рейтинг — бұл пайдаланушылар қойған барлық бағалардың орташа арифметикалық мәні ғана емес. Пікір жиі жазатын авторлардың, яғни, кафелер мен мейрамханаларға жиі барып, бұл туралы пікірімен бөлісетіндердің қойған бағалары басқа авторлардың бағаларына қарағанда рейтингті есептеу формуласында көбірек салмақ алады.
Жаңа пікірлер бұрын жазылған пікірлерге қарағанда жоғарырақ бағаланады. Рейтингті есептеу формуласы қиын болғанына қарамастан, пайдаланушылар нәтижесінде тек бір ғана санды көреді — пайдаланушылардың компанияның қызметтері немесе тауарларымен бес балдық шкала бойынша қанағаттанғанының белгісі.
Компанияларды сұрыптау кезінде оларға қойылған баға ғана емес, сонымен қатар пікірлердің жалпы саны да ескеріледі. Жиірек бағаланған компаниялар, тіпті олардың рейтингі 5-тен төмен болса да, саны азырақ, бірақ пікірлері оң бәсекелестеріне қарағанда тізімнің басында болады.
Компанияның рейтингін көтеру
Іс-шаралар ұйымдастыру
Клиенттерден көбірек пікір алу үшін науқандар мен байқаулар өткізуге болады, бірақ келесі ережелерді сақтау маңызды:
- науқанның шарттары ашық әрі қолжетімді, мысалы, әлеуметтік желілерде орналастырылуы тиіс
- бонус ретінде тек компанияның өнімдері немесе жеңілдік берілуі мүмкін, ақшалай ұсынуға болмайды
- ұтыс ойындары шынайы пікірлер қалдыруға ынталандыруы керек
- клиенттер пікірлерін өз телефондарынан қалдыруы керек, компанияның немесе қызметкерлердің құрылғыларынан қалдыруға болмайды
Ережелерді бұзу, пікірлерді бұрмалау үш айға пікір қалдыруға компания карточкасының бұғаттауына әкелуі мүмкін.
«Мұнда жақсы» жапсырмасы мен пікір қалдыру QR-кодын алу
Жоғары рейтингі бар компаниялар 2ГИС-тен сапа белгісін — «Мұнда жақсы» жапсырмасын ала алады. Клиенттердің сенімін арттыру үшін оны сөреге қоюға немесе кіреберістегі есікке жабыстыруға болады.
Оған қол жеткізу үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
- деректеріңіз, байланыс телефоныңыз бен компания профиліне сілтемені қалдырып, 2ГИС сайтында өтінімді толтырыңыз
- модераторлар компанияның рейтингін тексеріп, сізбен байланысқа шығады
Сондай-ақ, 2ГИС менеджерінен пікір қалдыруға сілтейтін QR-коды бар тейблтентке тапсырыс беруге болады. Оны касса немесе кіреберістің жанында қоюға болады.
Пікірлерге жауап беру ережелері
2ГИС-те әрекеттесудің өз ережелері бар, оларды ұстанған жөн:
- тіл тигізуге тыйым салынады — қарым-қатынас тілі сыпайы болуы керек, балағат сөздерді қолдануға болмайды
- бәсекелестер туралы пікір қалдыруға болмайды
- жосықсыз пікір жойылады, кез келген пікірге компаниялар да, пайдаланушылардың өздері де наразылық білдіре алады. Егер компания карточкасында олардың көмегіне жүгінбеген клиент пікір жазса, онда 2ГИС ондай пайдаланушының жаңа пікір қалдыру мүмкіндігін уақытша шектей алады
- компаниялардың жануарлармен кіруге шектеу немесе арнайы дресс-кодты бұзу сияқты ішкі ережелер бойынша қызмет көрсетуден бас тартуға құқығы бар
- пікірлерді компанияның қызмет көрсетуін пайдаланған немесе тауар сатып алған барлық клиенттер қалдыра алады
Теріс пікірлерге қалай дұрыс жауап беру керектігі туралы осы мақалада жаздық:
Пікірге қарсылық білдіру жолы
Егер жазылған пікір негізсіз болып көрінсе, клиенттен Жеке кабинет арқылы келесі ақпаратты сұрау қажет:
- келу күні
- чектің немесе келісімшарттың нөмірі
- егер компания клиенттердің деректер базасын телефон нөмірлері бойынша жүргізсе, онда телефон нөмірінің соңғы төрт санын сұрау
- тапсырысты алу күні мен мекенжайы
Егер жауап берілмесе, онда шағым беріп, пікірді «Расталмаған» қойындысына жіберуге болады.
Клиенттің пікірі өзгеріп жатса, ол оны өз еркімен өзгерте алады — 2ГИС тараптар арасындағы дауларға араласпайды.
Пікірлермен тиянақты жұмыс істеу компанияның іздеу нәтижелерінде тізімнің басына шығуына мүмкіндік береді, ал клиенттермен адал қарым-қатынас жасап, ережелерді сақтау және 2ГИС-тің мүмкіндіктерін пайдалану компанияның рейтингін көтеруге және көбірек клиенттерді тартуға көмектеседі.