Бизнес туралы мақалалар

Банк операцияларынан үнемдеу жолдары

Қаражатыңызды тиімді реттеңіз

Банк операцияларынан үнемдеу жолдары

Мақаланың мазмұны

Қымбат өз үйінде кондитер өндірісін ашып, тапсырыс бойынша торт пісіреді де, Instagram арқылы сатады. Заңды бұзбай, адал кәсіпкер болу үшін ол оңайлатылған режимде істейтін «Тоқашмейкер» жеке кәсіпкерлігін (ЖК) ашады. Енді бизнестің ақшасын бөлек ұстау үшін банк шотын ашу қажет, бірақ Қымбат кәсібін енді ғана бастап жатқандықтан, қаржы операцияларынан төмен комиссия ұстайтын банк іздемекші.

Банк шотын ашу

Банк шоты электронды банк операцияларын жүргізу үшін қажет. Ондай операцияларға клиенттермен және серіктестермен есептесу, компания шотын толықтыру, жұмыскерлерге еңбекақы төлеу, компания шығындарын өтеу, т.б. жатады. Банк шоты ақша реттеуді жеңілдетеді: оның көмегімен қаражат қозғалысын бақылауға және кірістер мен шығындарды оңай қолға алуға болады. Сондай-ақ, шотсыз онлайн-касса тіркеу немесе бизнеске кредит алу мүмкін емес.

Танымал банктердің шарттарын оқып, Қымбат ЖК шотын Jusan банкінде ашады. Ол үшін Jusan Business қосымшасын жүктеп алып, ЖСН көмегімен бес минутта банкингке тегін тіркеледі.

Енді шот валютасын таңдау керек. Егер жергілікті жеткізушілер мен тапсырыс берушілермен есептесу керек болса — теңге шотын, ал шетелден кондитер құрал-жабдығын алу керек болса — шетел валютасымен істейтін шот ашуға болады. Қымбат теңге шотын ашады, себебі торт құрамына кіретін азық-түлікті әзірше өз қаласында сатып алып, дайын торттарды тек қала тұрғындарына сатпақшы.

Шот ашу үшін Қымбат Jusan мобильді қосымшасын пайдаланып, Jusan Business-ке қосылады, сөйтіп, шотқа қызмет көрсету комиссиясынан үнемдейтін болады, себебі банк бұл комиссияны интернет-банкинг қосқандардан ұстамайды. Ал егер Қымбат шотты банк бөлімшесінде ашып, банкингке қосылмағанда, онда салық төлеу, банкоматтан ақша алу, клиенттерден төлем қабылдау сияқты транзакциялар үшін ай сайын 1 мың теңге комиссия ұсталушы еді.

Қаражатты онлайн реттеу

Интернет-банкинг — бұл банк клиенттеріне ақшаларын кез келген жерден кез келген уақытта реттеуге мүмкіндік беретін онлайн-сервис. Банкингте компания шоттары арасында ақша аударуға, басқа банктердегі шоттар төлем жіберуге, сондай-ақ, телефон нөмірі арқылы ақша жөнелтуге, кредит төлемдерін төлеуге және депозиттерді толықтыруға болады.

Қымбат Jusan Business банкингіне шот ашқан кезде қосылды. Оның арқасында ол жеткізушілерге жылдам әрі комиссиясыз ақша аудара алатын болады.

«Тоқашмейкер» ЖК оңайлатылған режимде істейтіндіктен, Қымбат онлайн-бухгалтерия тегін қызметін пайдаланып, бюджетке төленетін салықтар мен аударымдарды банкингтен тікелей жібере алады. Бірақ әзірше кәсіпкерлікте өзінен басқа жұмыскер жоқ болғандықтан, ол зейнетақы жарналарын, ЖМЗЖ және әлеуметтік аударымдарды дайын үлгі пайдаланып, бір шертуден төлейді.

Ақшаны бизнеске арналған картада бөлек ұстау

Сырттан білінбейтін тағы бір үнемдеу тәсілі — бизнеске арналған карталарды пайдалану. Ондай картаның қарапайым картадан айырмашылығы шамалы: онымен дүкендерде төлеуге, бонустар мен кэшбек жинауға және банкоматтардан ақша шешуге болады. Сонымен қатар, картамен төленген шығындарды мобильді қосымшада тексеріп отыруға, қаражат қайда жұмсалғанын көріп отыруға және ақша жұмсауға лимиттер орнатуға болады. 

Тортқа қажет азық-түлік бизнеске қатысты шығынға жатады, оны Қымбат өзінің жеке картасынан төлегісі келмейді. Ал ЖК шотынан ақша шешу үшін банкомат іздеп, тағы уақыт кетіру керек. Ең оңайы — ЖК шотына байланған карта ашу. Қымбат жылдам әрі банкке бармай-ақ өзіне цифрлы карта ашып алады.

Цифрлы картамен ол маркетплейстерден торттарға арналған қораптар мен безендіруге арналған жейтін әшекей сатып алады. Ал картаны Google Pay-ге қосқаннан кейін дүкенде жұмыртқа, ұн, какао, қопсытқыш, шоколад, сүзбе ірімшік және торт пісіретін қағаз сияқты заттар алғанда, телефон арқылы карта жанастырмай төлейді. Терминал арқылы төлеген сайын жұмсалған ақшаның 1%-ы картаға кэшбек түрінде қайтып келеді.

Бизнеске арналған карта тегін ашылады. Оған қоса, Қымбат картаны бірінші жылы тегін пайдаланып, ай сайын 1 млн теңгеге дейін комиссиясыз ақша шеше алады. Сондай-ақ, ол пластик карта пайдаланбағандықтан, ақша шешу үшін Cash by Code қызметін қолданады — ол үшін Jusan Business қосымшасында өтініш жіберіп, қажет соманы енгізіп, телефонына SMS кодын алады да, кодты жақын жердегі банкоматқа енгізіп, керек ақшаны шешіп алады.

Жұмыскерлерге ақша жұмсау мүмкіндігін шектеу

Жұмыскерлерге бөлек карта шығаруға болады. Оған қоса, әр картаға бөлек лимит қоюға, яғни, артық ақша жұмсауға тыйым салуға болады. Бұл жерде тек жұмсалатын ақша мөлшерін шектеп қана қоймай, ақша шешу, мобильді байланыс ақысын төлеу, картадан картаға ақша аудару сияқты әрекеттерді де шектеуге болады. Бұның барлығы компания қаражатын сақтап қалу үшін жасалады.

Бизнес бірте-бірте өсе келе, Қымбаттың торттарды жеткізуге қолы тимей бастайды. Ал жеткізу қызметтерімен істейін десе, курьерлер нәзік торттарды дұрыс тасымалдамай, байқамағаннан сыртқы безендіруін бүлдіріп алған да жағдайлар болды. Ақырында, Қымбат өзіне автокөлігі бар жеке курьер жалдамақ болады. Ол жаңа қызметкерге жалақыдан басқа, жанармайға кеткен шығындарды да төлеуге уәде береді. Курьер жанармайды өзі құйып отырсын деп, Қымбат оған бөлек пластик карта ашып береді. Бірақ шоттағы ақша курьерге көрінбесін деп, немесе курьер ақшаны басқа бірдеңеге жұмсамасын деп, Қымбат оған күніне 8 мың теңгеден аспайтын ақша жұмсауға шектеу қояды. Бұл сома қозғалтқыш көлемі кіші көлікке 10 литр жанармай алуға жетеді. Сөйтіп, курьер картамен төлеген сайын, Қымбат қосымшада жанармай станциясының атауын және картадан шешілген соманы көріп отырады. 

Қымбаттың инстаграм арқылы тапсырыс қабылдауға, торттарды суретке түсіруге және таргет жарнамасын жіберуге қолы мүлдем тимей қалдғанда, оның кішкентай командасына SMM менеджері қосылады. Қымбат оған арнайы тағы бір карта ашады да, оған басқа түрлі лимит қойып, интернеттегі төлемдер мен мобильді интернет ақысынан басқа барлық операцияларға шектеу салады. Сонда жұмыскер тек таргет жарнамасы мен мобильді интернет ақысын ғана төлейтін болады, ал Қымбат өз ЖК-ның ақшасын қосымшадан басқарып, артық ақша жұмсалатынын уайымдамайтын болады.

Visa мүмкіндіктерін пайдалану

Jusan арқылы Visa төлем жүйесінің шағын бизнеске арналған барлық ұсыныстарын пайдалануға болады. Jusan Business қосымшасында бизнесті дамытуға және процестерді басқаруға көмектесетін халықаралық және қазақстандық сервистердің тиімді ұсыныстары, промокодтары және жеңілдіктері бар: коворкинг немесе конференц-зал жалдауға арналған жеңілдіктер, бизнеске арналған лицензиялар мен бағдарлама жасақтауына жазылымдар, курьер қызметтері, т.б.

Қымбат қолына түскен мүмкіндіктерді толығынан пайдалануға ұмтылатын кәсіпкер. Jusan картасын иелене отырып, ол Meta жүйесінде таргет жарнамасын және кәсіби бухгалтер кеңесшілердің қызметтерін жеңілдікпен сатып алады. Теңге тиыннан өсер демекші, Қымбат ақшаны ұқыпты ұстап, шығындарын есептеп отырады, соның арқасында оның бизнесі де өркендеп келеді.

Jusan банкінде тек банк операциялары ғана емес, онлайн-бухгалтерия, Jusan Tole атты кассирлерге арналған қосымша мен POS-терминалдар, субсидиялау және кепілдік беру мемлекеттік бағдарламалары және бағалы қағаздарға байланысты қызметтер де бар. Олардың барлығы қаражатты ыңғайлы реттеп, бюджетті үнемдеуге және ақшаға байланысты биік мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді.