«Бір ауыл — бір өнім» жобасына қатысу
Жергілікті шикізаттан өнім жасау
Мақаланың мазмұны
Қазақстанның ауыл кәсіпкерлері өз өнімін өндіріп, оның дамытуға және сатуға мемлекет тарапынан қолдау ала алады. Мемлекеттің көмегіне тауар белгісін тіркеу және сертификаттау кіреді. Өнім табиғи шикізаттан жасалған, қолмен өндірілген және экспортқа бағытталған болуы керек. Жобаға кім қатыса алатынын және кәсіпкер қандай талаптарды орындау керектігін осы мақалада айтып береміз.
Жобаның мәні
«Бір ауыл — бір өнім» (БАБӨ) — бұл тауар өндірушілерге арналған «Мен Кәсіпкер» бағдарламасы аясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жобасы. Оның басты мақсаты — белгілі аймақтағы бірегей өнімді тауып, жергілікті бренд жасау.
Кәсіпкерлерге қойылатын шарт — жергілікті табиғи шикізаттан өз қолымен кез келген өнім жасау, ал мемлекет тарапынан — толық қолдау мен сол өнімді нарыққа шығару. Негізгі бағдар — экспорт болу керек. Сатылған өнімдердің ішінде көбісі азық-түлік, ұлттық және денсаулыққа арналған өнімдер. Жоба 2023 жылы басталып, 2025 жылдың желтоқсанына дейін жалғасады деп жоспарланған.
Қатысатын тараптар
Қатысу үшін ауыл, аудан, қала тұрғындары өтініш бере алады (дегенмен, ауыл тұрғындарына артықшылық беріледі). Бұл ЖК ретінде тіркелген және жергілікті шикізаттан өнім өндіретін жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер болуы керек.
Бұрын жобаға тек әйелдер қатыса алатын, ал 2024 жылдан бастап әйелдер де, ерлер де қатыса алады.
Өтініш берушілерге қойылатын шарттар
- өнім тек жергілікті шикізаттан жасалуы керек;
- өндіріс барысында қаржылық шығындарды қажет етпейтін қарапайым құралдар қолданылуы керек;
- өнім мүмкіндігінше аймақтың ерекшеліктерін көрсетіп, құрамында қауіпті немесе зиянды заттар болмауы керек;
- жобаға бірнеше ауыл тұрғындарын тарту қажет.
Мысалы, Маңғыстау облысының тұрғыны қой мен түйе жүнінен этникалық нақышта бұйымдар жасауды жоспарлап отыр дейік. Ол жобаға сол ауылда тұратын екі қыз-келіншекті шақырғысы келеді: бірінен — қой жүнін, екіншісіден — түйе жүнін сатып алады. Бұған дейін әйелдер жүнді өртеген, ал енді жүнін кәдеге жаратып, одан экологиялы таза өнім шығаруды жоспарлап жүр. Ең бастысы — шикізат сол ауылдың тұрғынынан сатып алынады, ал жасау процесі күрделі құрал-жабдықты қажет етпейді. Үш кәсіпкер қыздардың жобасы іріктеуден өтсе, оны тәлімгерлер маркетинг қолдауына алады.
Әр өңірде жүзеге асырылып жатқан жобалардың қатарында ешкі сүтінен жасалған ірімшік, жент, биошірінді, құрт, қымыздан жасалған балмұздақ, талқаннан жасалған печенье, мұздатылған жеміс қағынан жасалған кәмпит, киізден жасалған шәрке және т.б.
Өтініш беру тәртібі
Жобаға қатысу үшін «Атамекен» ҰКП өңірлік кәсіпкерлер палатасына хабарласып, өтінім беру қажет. Кураторлар өндіріске қатысты бірқатар сұрақтары бар өтінішті береді — мұнда бизнестің жылдық айналымы, пайдаланылатын жабдық пен шикізат, сатып алу жерлері, өнімнің бірегейлігін негіздеу және т.б сұрақтар болады.
Өтінімдерді жіберудің арнайы порталы жоқ, бірақ өз аймағыңыздағы БАБӨ кураторының телефон нөмірін байланыс орталығында (1432 нөмірі бойынша) біліп алып, содан өтініш формасын сұрап, оны толтырып, мессенджер бойынша оған жіберуге болады.
Комиссия өтінімдерді қарап, жергілікті көрме-жәрмеңкеге қатысатын үміткерлерді іріктейді. Қатысушылар көрмеде бағалау кезеңінен өтеді — бренд комитеттердің мүшелері жоба финалистерін таңдайды. Жеңімпаздар жәрмеңке өткеннен кейін 10 күн ішінде комиссияның дауыс беру нәтижелері бойынша анықталады. Нәтижесінде жобаға еліміздің әр өңірінен 60-қа жуық қатысушы іріктеліп алынады. Осы жылы аймағыңыздағы өтетін жәрменкеге қатысу үшін өтінім беру мерзімін жергілікті жоба жетекшілерінен біліп алыңыз.
Таңдалған үміткерлер бизнестеріне толық маркетингтік қолдау алады. Кәсіпкерлер алдымен өндіріс технологиялары бойынша оқудан өтіп, одан кейін тауар белгілері мен сапа стандарттарын жасап, жергілікті өнімнің сертификатын алады. Мемлекет әр кезеңде жан-жақты көмек көрсетеді — үйретеді, бағыттайды, кеңес береді, тауарды сату үшін нарық табуға көмектеседі.
БАБӨ жобасының жеңімпаздары 5 миллион теңгеге дейінгі тегін грантқа өтінім беруге құқылы.
БАБӨ жобасының арқасында ауылдағы кәсіпкерлер өз ойларын немесе әуестіктерін нақты жұмыс істейтін бизнеске айналдыра алады, оған қоса серіктестер мен жеткізушілерді тауып, жоғары сапалы тауар өндіріп, табыс таба бастайды.