Бизнес туралы мақалалар

Инвестициялардан салық төлеу

Инвестициялық табысқа салық салу жүйесі

Инвестициялардан салық төлеу
Айжан Қыдырманова

Айжан Қыдырманова

20 жылдық тәжірибесі бар бухгалтер

Мақаланың мазмұны

Инвестициялардан түрлі табыс түседі — акциялардан дивидендтер, облигациялардан купондық сыйақы мен активтердің құнының өсімінен кіріс (сатып алу және сату бағасының оң айырмасы). Инвестициялық табысқа салық салу жүйесі инвестицияның түріне байланысты. ҚР-ның резиденттерінің инвестициялардан қашан және қандай салық төлейтінін бірге анықтайық.

Инвестициялық табыс салық төлеуден босатылатын жағдайлар

Акциялар мен дивидендтер

Акцияларды сатып, біржолғы пайда табуға болады. Компанияның акцияларынан түсетін тұрақты кірісті белгілі кезеңдегі (ай, тоқсан және т.б.) бір реттік төлем яғни дивидендтер құрайды. 

KASE мен AIX қазақстандық қор биржалары боп есептеледі. Айталық, жеке кәсіпкер яғни жеке тұлға акцияларды қазақстандық биржада сатып алды. Акциялардың бағасы көтерілді. Оларды сатып, пайда табуға болады. Акциялар сатылған сәтте қазақстандық биржалардың ресми тізімдерінде болса, олардың құнының өсімінен түсетін кіріс салықтан босатылады. Бұл сондай-ақ заңды тұлғаларға (ЖШС) да қатысты.

Жеке тұлғаларға түсетін дивидендтерден мына жағдайларда салық төленбейді:

  • дивидендтер түскен күні акциялар KASE немесе AIX биржалардың ресми тізімдерінде бар;
  • акциялар қазақстандық биржалардың ресми тізімдерінде болмаса да,  дивидендтер төлейтін компания — ҚР-ның резиденты, бір жылдағы төленген дивидендтердің жалпы сомасы 30 000 АЕК-дан кем (2024 жылы — 110 760 000 млн теңге);
  • акцияларды сатып алу (сатудың) жалпы сомасы айына 25 млн теңгеден артық;
  • бір айда акциялар 50 рет сатып алынды және (немесе) сатылды;

Облигациялар мен купондар

Облигацияларды сатып, біржолғы пайда немесе купондық сыйақы түріндегі тұрақты табыс табуға болады.

Жеке және заңды тұлғалардың облигацияларына салық салу шаралары акциялардың жағдайымен ұқсас. KASE немесе AIX биржаларында сатып алынған облигацияларды сатқан кезде осы биржалардың ресми тізімдерінен табылса, олардың құнының өсімінен салық төлеудің қажеті жоқ. 

Купоннан салық төленбейтін жағдайлар

Жеке тұлғаларға: купондарға салық салынбайды, бұған қоса купондық сыйақы төлеу туралы шартты қазақстандық та, шетелдік биржаларда да жасауға болады.

Заңды тұлғаларға: купондық сыйақы есепке жазылған күні облигациялар KASE немесе AIX биржаларының ресми тізімдерінде бар.

Пайлар

Жеке тұлғаларға: пайды қазақстандық немесе шетелдік қор биржаларында сатып алғанына немесе сатқанына қарамастан, оның құнының өсімінен түсетін кіріс салықтан босатылады.

Заңды тұлғаларға: пайды KASE немесе AIX биржаларында сатып алып, қайта өткізгенде оның құнының өсімінен түсетін кіріс салықтан босатылады.

Инвестициялық табысқа салық салынатын жағдайлар

Жеке тұғалардың акциялары, облигациялары мен пайлары: шетелдік биржаларда сатып алынып, кейін қайта өткізгеннен түскен кірістеріне 10% мөлшерлеме бойынша ЖТС салынады.

Жеке тұлғалардың дивидендтері: салықтан босату шарттарына сай болмаса, дивиденттердің сомасына 10% мөлшерлеме бойынша ЖТС салынады.

Заңды тұлғалар шетелдік биржаларда сатып алынған бағалы қағаздарынан түскен инвестициялық кірістерді өздерінің жылдық кірістеріне қосады. Сол себептен олар салықты заңды тұлғаның жалпы табысына салық салу режиміне сәйкес салық төлейді. Бұл қазақстандық биржалардың ресми тізімдеріндегі бағалы қағаздардан түсетін табысқа қатысты емес.

Инвестициялардың басқа түрлері

Жеке тұлғаның банктегі депозиттен түсетін кірісі салықтан босатылады.

Жеке тұлғаның инвестициялық алтынының құнының өсімі ретінде түскен кірісіне 10% мөлшерлеме бойынша ЖТС салынады.

Салық есептілігі

Бағалы қағаздарға инвестициялаған жеке тұлғалар 240.00 нысаны бойынша салық декларациясын тапсырады.

Декларацияны мына кезде тапсырады:

  • KASE немесе AIХ биржаларына тіркелген акциялардың құнының өсімінен кіріс түсті — мұндай акциялар салықтан босатылғанмен, декларацияда тек кіріс көрсетіледі;
  • шетелдік биржалардағы бағалы қағаздардың құнының өсімінен кіріс түсті — салық есептеліп, кіріспен бірге декларацияда көрсетіледі;
  • шетелдік биржаларда түскен дивидендтер — салық есептеліп, кіріспен бірге декларацияда көрсетіледі.

Декларацияны тапсырудың қажеті жоқ жағдайлар:

  • бағалы қағаздары KASE немесе AIX биржаларында сатып алынған  қазақстандық компаниялардан дивидендтер түсті — салықты дивиденд төлейтін тұлға төлейді;
  • бағалы қағаздар KASE немесе AIX биржаларында сатып алынды, бірақ әлі сатылмады (кіріс түспеді).

Есептік жыл үшін 240 СЕН декларациясын келесі жылдың 31 наурызына дейін тапсырып, салықты сәуірдің 10-на дейін төлеу қажет.

Салық инвестициялық кірістердің барлығына салынбайды. Егер бағалы қағаздар Қазақстандық биржаларға тiркелген болса, түсетін кіріс салықтан босатылады. Басқа жағдайларда жеке тұлғаның бағалы қағаздар құнының өсімі және олардан түскен сыйақылар ретінде түсетін табысқа  ЖТС салынады.

Инвесторлар қазақстандық биржалардың ресми тізіміндегі акциялардан есепке түсетін дивидендтерден басқа барлық жағдайларда 240.00 нысан бойынша салық декларациясын тапсырады.