Бизнес туралы мақалалар

Қазақстанда патентпен жұмыс істейтін ЖК ашу

Жұмыскерсіз жұмыс істейтін кәсіпкерлерге арналған салық режимі. Патентті қандай қызмет түрлері үшін алуға болатыны және өзі үшін қандай салық төлеу керегі туралы сөз қозғаймыз

Қазақстанда патентпен жұмыс істейтін ЖК ашу

Мақаланың мазмұны

ЖК — бұл жеке шағын бизнес ашудың ең жеңіл және заңды жолы болып табылады. Жеке кәсіпкер басқа ұйымдармен жұмыс істеп, тапқан табысын өз еркімен жұмсай алады. Сонымен қатар, ЖК зейнетақы жарнасын төлегендіктен, оның жұмыс стажы есептелетін болады.

ЖК тіркеу алдында жасалатын қадамдар

Тіркеу бұрын қызмет түрі мен салық режимін таңдау керек. Оны алдын-ала істеу керек, себебі тіркеу кезінде сәйкес тармақтарды толтыру қажет болады.

ЖК қызмет түрлері

Елімізде экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші — ЭҚЖЖ бар. Онда мал шаруашылығынан бастап, бағдарламалық жасақтама әзірлеуге дейінгі кәсіпкерліктің барлық түрлері аталған.

Жіктеуіш бойынша қызметтің үш түрін таңдауға болады:

  • Қызметтің негізгі түрі — басты табыс көзі.
  • Қызметтің қосымша түрі — негізгіге қарағанда азырақ табыс әкелетін қызмет түрі.
  • Қызметтің қосалқы түрі — негізгі және қосымша қызмет түрлерін сүйемелдейтін қызмет түрі: тасымалдау, сақтау, сатып алу, өнім өткізуді дамыту, тазалау, жөндеу, күзет және тағы басқа мақсаттарда пайдаланады.

Қажетті ЭҚЖЖ-ны таңдау барысын телеграмдағы боттың көмегімен жеңілдете аласыз.

ЖК қызмет түрінің коды

Әр қызмет түрінің өзіне сәйкес коды болады, ол код қызметтің бөлімін, тобын, класын және ішкі класын анықтайды.

Мысалы, егер сіз азық-түлік дүкенін ашатын болсаңыз, негізгі қызмет түрі ретінде 47.11.1 «Сауда алаңы 2 000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылмаған дүкендерде көбінесе тамақ өнімдерін, сусындар мен темекі өнімдерін бөлшек саудада сату» кодын таңдауыңызға болады.

Егер оның жанында көкөніс киоскісін ашқыңыз келсе, қосымша қызмет түрі ретінде 47.21.1 «Сауда алаңы 2 000 ш.м-ден кем сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде жеміс-жидектер мен көкөністерді бөлшек саудада сату» кодын таңдауға болады.

ЖК салық режимдері

Салық төлеу және есеп беру кәсіпкерліктің салық режиміне сәйкес жүзеге асырылады.

Салық режимдерінің негізгі түрлері:

  • ЖБР — жалпыға бірдей белгіленген салық режимі.
  • Оңайлатылған — оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі.
  • Патент — патент негізіндегі арнаулы салық режимі.
  • Бөлшек салық — бөлшек салық арнаулы салық режимі.
  • Мобильді қосымша — арнайы мобильді қосымша қолданылатын арнаулы салық режимі.
  • Тіркелген шегерім — тіркелген шегерім пайдаланатын арнаулы салық режимі.
  • Шаруа немесе фермер қожалығының арнаулы салық режимі.

Бұл мақалада патент бойынша жұмыс істейтін ЖК ашу туралы айтатын боламыз. Басқа салық режимдері туралы мына сілтемеге өтіп оқыңыздар:

ЖК ашу

Патенттегі ЖК

Патент негізінде жұмыс істейтін ЖК қызметкер жалдамай, жалғыз өздері жұмыс істейтін кәсіпкерлерге ыңғайлы болады. Мысалы, патент бойынша такси жүргізуші, фотограф, репетитор, шаштараз ретінде жұмыс істеуге, немесе пәтер жалға беруге болады. Патентпен сауда жасауға тыйым салынады.

Патенттің ерекшелігі — барлық салықтар мен төлемдерді алдын-ала төлеу керегінде. Патент мерзімі бір айдан бастап, жылдың соңына дейін созылады, бірақ 31 желтоқсанда аяқталуға тиіс. Мерзім неғұрлым ұзақ болса, салық мөлшері соғұрлым үлкейе түседі.

Патенттегі ЖК шарттары

  • қызметкерлері жоқ
  • максималды жылдық табысы — 3 528 АЕК-ке дейін, 2024 жылы ол 13 025 376 теңге
  • төлемдерді қолма-қол ақшамен және төлем карталарымен қабылдау онлайн-касса арқылы жүзеге асырылады
  • есеп тапсырудың қажеті жоқ

Егер ЖК осы шарттардың бірін бұзса, автоматты түрде оңайлатылған режимнен жалпыға бірдей белгіленген режимге (ЖБР) көшеді.

Патент алу тәртібі

Алдымен ЖК тіркеу керек, содан кейін cabinet.kgd.gov.kz сайтында келесі құжаттарды жіберу керек:

  1. 911.00 «Патент құнының салық есебі» нысаны бойынша өтініш
  2. жеке кәсіпкер ретінде қызмет бастау туралы талон немесе хабарлама
  3. патент құнын төлеу туралы құжат
  4. бизнес түріне байланысты талап етілетін болса — лицензиясы

Патентті бір айдан бір жылға дейінгі мерзімге алуға болады, ал кейін тағы қажет болса, мерзімін ұзартуға болады.

Патенттегі ЖК салықтары

Патенттегі ЖК төлейтін жеке табыс салығы табыс мөлшерінің 1% құрайды. Ол алдын-ала төленеді: кәсіпкер табысының болжалды мөлшерін өз бетімен жоспарлап, салық сомасын патентті сатып алар бұрын есептейді. Егер ЖК меншігінде коммерциялы мүлік немесе көлік болса, онда ол үшін тиісті салықтарды төлеп отыру қажет. Салық салу туралы толығырақ біздің басқа мақаламыздан оқыңыздар.

ЖК ашу тәртібі

ЖК тіркеу үшін мемлекеттік органдарға онлайн хабарландыру жіберу керек. Ол үшін электронды лицензиялау сайтында немесе екінші деңгейлі банктер қосымшаларында белгіленген үлгі бойынша өтініш беру керек. Тіркелу қызметі толығынан тегін.

ЖК-ны мемлекеттік қызмет арқылы онлайн тіркеу үшін тек қана электронды-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет. Оны ХҚКО-да немесе egov.kz электрондық үкімет сайтында алуға болады.

Elicense.kz-те ЖК ашу тәртібі

1. ЭЦҚ арқылы авторизациялану

2. «Қызмет көрсету» бөліміне өту → «Дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама» → «Қызметке онлайн тапсырыс беру»

3. Деректерді толтыру:

  • ЖК нақты мекенжайы
  • ЖК атауы
  • қызмет түрі (ЭҚЖЖ)
  • салық режимі (ЖБР, оңайлатылған, патент, т.б.)

4. ЭЦҚ көмегімен өтінішке қол қою

Jusan Business қосымшасында ЖК ашу

Jusan Business мобильді қосымшасында да ЖК жылдам ашуға болады. Ол үшін JB қосымшасын жүктеп алып, телефон нөмірі мен ЖСН енгізіп, «ЖК тіркеу» деген экран шығады → «Тіркеуді бастау» → ЖК-ның аты-жөнін және қызмет мекенжайын толтыру керек → ЭҚЖЖ кодын таңдау → салық режимін таңдау → өтінімді растау.

Содан кейін Jusan Business-те шот ашып, бизнесті дәл қосымшада басқаруға болады.

ЖК тіркелгені туралы elicense.kz порталындағы жеке кабинетте білуге болады:

Ары қарай не істеу керек

Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы хабарландыру келген соң, бірден жұмыс істей беруге болады. ЖК ашылғаннан соң аталған хабарландыру расталды деп саналады. Енді табысты ресми түрде есептеу үшін клиенттерден төлем қабылдау тәсілдерін таңдау керек.

Клиенттерден төлем қабылдау тәсілдері

ЖК клиенттерден төлем қабылдау түріне байланысты келесілерді тіркеу керек:

  • Онлайн-касса — қолма-қол ақшамен және банк карталары арқылы төлем қабылдау.
  • ЖК шоты — қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау.
  • POS-терминал — төлемдерді карта және QR көмегімен қабылдау.

Шотты Jusan Business мобильді қосымшасында ашуға болады — бұл тез, тегін, әрі банкке барудың қажетісіз. Сондай-ақ, бірден карта және QR арқылы төлем қабылдайтын POS-терминалға тапсырыс беруге болады — оны банк қызметкерлері бір күнде жеткізіп, қосып береді.