Бизнес туралы мақалалар

ЖК-ті жалпы тәртіпте қалай жабуға болады

Салық қызметтері тарапынан қиындық туындамас үшін жеке кәсіпкерлікті жабу алдында нені тексеру, төлеу және жабу керегі туралы

ЖК-ті жалпы тәртіпте қалай жабуға болады

Мақаланың мазмұны

ЖК-ті жабу рәсімі тарату деп аталады, оның нәтижесінде ЖК тіркеуден шығарылып, қызметін тоқтатады. Содан соң ғана кәсіпкер салық төлеу мен есептілік беруді доғарады.

Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті кім қолдануға тиіс

ЖК-ті жабу алдында не істеу керек

ЖК-ті таратар бұрын, құжаттық тексеру кезінде сұрақ болмас үшін құжаттарды ретке келтіріп, қарыздарды жауып, келісімшарттар бойынша міндеттемелерді орындау керек.

Не істеу керек:

  • Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында салық бойынша қарыз бар-жоғын тексеріп, бар болса, өтеу.
  • ЖК-тің жабылуы жоспарланған кезең үшін барлық салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу.
  • Барлық қызметкерлерді жұмыстан босату.
  • Серіктестер алдындағы барлық міндеттемелерді орындап, клиенттерден қарыздарды қайтару.
  • ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығу — ол үшін салық төлеушінің кабинетінде 300.00 СЕН-ын толтырып, «тарату» ұяшығын белгілеу керек, содан кейін «ҚҚС бойынша есептен шығу»-ды белгілеп, ҚҚС бойынша тіркеу туралы өтініш беру.
  • ЖК-тің банк шотын жабу.
  • Бақылау-касса машинасы немесе онлайн касса бар болса — оны тіркеу есебінен шығару.

ЖК-ті жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте жабу рәсімі қалай өтеді

Салық төлеушінің кабинетінде келесі құжаттарды тапсыру керек:

Бұл жағдайда тарату туралы өтініш берудің қажеті жоқ, себебі ЖК құжаттық тексеру қорытындысы негізінде жабылатын болады.

Құжаттық тексеру қалай өтеді

Тексеру қашан басталады: өтінім бергеннен кейін 20 жұмыс күні ішінде.

Өткізу мерзімі: 30 жұмыс күні, бірақ кейбір жағдайларда бұл мерзім қосымша 60 күннен 180 күнге дейін ұзартылуы мүмкін.

Тексеру нәтижесі:

  • құжаттар, есептеулер және тексеру кезінде қолданылған басқа да материалдар тіркелген тексеру актісі;
  • бұзушылық анықталған жағдайда — тексеру нәтижесі туралы хабарлама.

Егер кәсіпкер анықталған бұзушылықтармен келісетін болса, келісу туралы өтініш беріп, оған барлық берешекті өтеу туралы растаманы қоса жіберу керек. Бұны тексеру нәтижесі туралы хабарламаны алғаннан бастап, 25 жұмыс күні ішінде жүзеге асыру керек. Ал егер келіспейтін болса, салық органында тексеру нәтижесі жөнінде шағымдануға болады.

ЖК жабылғаны туралы қалай білуге болады

Тексеру аяқталғаннан кейін және барлық салық міндеттемелер орындалғаннан кейін, салық комитеті ЖК-ті 3 жұмыс күні ішінде таратуға міндетті. ЖК-тің жабылғанын салық төлеушінің кабинетінде, ЖК иесінің ЖСН-і арқылы ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында немесе e-Salyq Azamat қосымшасында тексеруге болады.