Төлем терминалынсыз тауарды бөліп төлеу арқылы және несиеге сату
QR Lite арқылы сатылымды арттыру
Алим Амраев
Jusan Дүкенінің қызметтерді дамыту департаментінің жетекшісі
Мақаланың мазмұны
QR Lite — бұл тауарлар мен қызметтерді үш айдан екі жылға дейін бөліп төлеуге және несие беру арқылы сатуға мүмкіндік беретін Jusan Дүкенінің қызметі. Бұл микро, шағын және орта бизнеске қолайлы. Сатушыға тіпті POS-терминал да қажет емес, ал сатып алушылар кез келген банктің клиенттері бола алады.
Қызметтің бизнеске беретін мүмкіндіктері
QR Lite қызметі офлайн және интернет-дүкендерде сауда жасайтын кәсіпкерлерге қолайлы. Бұл клиенттердің төлем әдістерінің санын кеңейтуге және компанияның ақша ағынын арттыруға мүмкіндік береді. Бөліп сатуға болатын тауардың ең төменгі сомасы — 10 мың теңге, ал ең жоғарғы — 3 миллион теңге. Бұл нарықтағы бірегей сауда ұсынысы, клиенттерге қымбат тауарды немесе қызметті бөліп сатып алуға және ұзақ мерзімге қаржылық жүктемесі аз несие алуға мүмкіндік береді.
Дүкенде сататындар төлем қабылдау үшін смартфонда QR-кодты көрсетеді, ал қашықтықтан төлем қабылдау үшін — мессенджерге сілтеме жібереді. Егер клиентте банк қолданбасы болмаса, онда оған оны жүктеудің қажеті жоқ, тек QR-кодын сканерлегені немесе сілтеме бойынша өткені жеткілікті болады. Кез келген банк клиенттеріне сатуға болады.
QR-кодты басып шығаруға және сауда нүктесіне орналастыруға болады. Қажет болса, Jusan Дүкені тейбл-тент сияқты жарнама материалдарын береді.
QR Lite-ты қосу барысы
QR Lite қызметін үш айдан астам бұрын тіркелген ЖК және ЖШС қоса алады. Ол үшін:
- Jusan Business қолданбасын орнату немесе ib.jusan.kz сайтына өту.
- Банк шотын онлайн ашу.
- Қызметке қосылуға өтінім беру — жұмыста қолданатын электронды поштаңызды енгізіп, банк шотып таңдап, телефон нөмірін қалдыру керек.
- Өтінім үш сағат ішінде қарастырылады. Тексеруден сәтті өтсе, поштаға логин мен құпиясөзі бар хабарлама келеді, ол арқылы Jusan Дүкенінің жеке кабинетіне кіруге болады.
- Дайын! Енді сілтемелер немесе QR-кодтарын жасап, клиенттермен бөлісе аласыз. Сатып алушыларға әлеуметтік желілерде немесе сайтта төлеудің жаңа әдісі туралы айтуды ұмытпаңыз.
Сатып алушыға QR-код жасау
Алматыдағы туристік компания бүкіл әлем бойынша турлар сатады делік. Шымкентте туратын клиент турды 1 млн теңгеге 6 айға бөліп төлеу арқылы үйден шықпай-ақ, сатып алғысы келеді. Төлемді қабылдау үшін сатушыға не істеу керектігін анықтайық.
Жұмыс барысы келесідей болады:
- Сатушы сілтемені көшіреді немесе Jusan Дүкеннің жеке кабинетінде QR-кодын жасап, клиентке ыңғайлы жолмен, көбінесе мессенджер арқылы жібереді.
- Сатып алушы сілтеме арқылы өтеді немесе QR-кодын сканерлейді. Экранда өтінім нысаны ашылады, онда ЖСН, телефон нөмірі және тапсырыс сомасын жазу керек. Әрі қарай, бөліп төлеу мерзімін таңдау керек. Жаңа клиенттерге жеке куәлікті де қосу керек болады.
- Биометриялық тексеруден кейін өтінім банкке жіберіледі, оны қарастыруға 5 минутқа дейін уақыт кетеді. Клиентке SMS хабарламасы келеді, сол арқылы ол келісімшартқа қол қояды.
- Қол қойылғаннан кейін банк сатушыға операцияның сәтті өткені туралы хабарлайды. Ақша бір сағат ішінде сатушының шотына түседі.
- Сатушы тауарды жібереді немесе қызметті орындайды.
Комиссия мөлшері
Сілтеме және QR-код арқылы сатылған әрбір тауар немесе қызмет үшін сатушы комиссия төлейді.
Комиссияның мөлшері серіктес таңдаған тарифке байланысты.
- 3 айға бөліп төлеу (0-0-3) — 5%,
- 6 айға дейін бөліп төлеу (0-0-6) — 9%,
- 12 айға дейін бөліп төлеу (0-0-12) — 12%,
- 24 айға дейін бөліп төлеу (0-0-24) — 15%.
Комиссияның мөлшерін күніне бір рет өзгертуге болады. Сатушы Jusan Дүкенінің шарттарына тәуелді емес және бизнестің ерекшеліктері мен маусымдылығына қарай қашан және қандай тарифті қосуды өзі таңдайды. Мысалы, Back to school, Black Friday, мереке акциялары қарсаңында серіктестер сатып алушылардан үлкен сұранысты күтіп, тарифті уақытша өзгерте алады.
24 айға бөліп төлеу акциясы тоқсанына бір-екі рет іске қосылады. Сатушылар акцияларды Жеке кабинетте «Акциялар кестесі» бөлімінде бақылай алады.
QR Lite қызметінің қосымша артықшылықтары
Қызметтің жаңа серіктестері арнайы ұсынысты қолданып, Jusan Дүкенінің маркетплейсінде тұрмыстық техника мен киімнен бастап бағдарламалау курстары мен туристік жолдамаларға дейін әр түрлі тауарлармен сауда жасай алады. Сатушы үшін бұл өз тауарлары мен қызметтерін сатуға болатын қосымша сауда алаңы.
QR Lite әр сату нүктесі бойынша статистиканы бөлек және бірге бақылауға мүмкіндік береді. Сатушы белгілі бір кезең — күн, апта, ай ішінде сауда нүктесінің сатылымын бақылай алады және орташа чек сомасын, сату жиілігін, табысты нүктелерді көре алады. Әр филиалға өз бөліп төлеу кезеңдерімен QR-кодын жасауға болады.
QR Lite қызметінде тіркелу оңай және түсінікті. Жеткізушілер үшін бұл сатылымды арттыруға, клиент базасын кеңейтуге және тұтынушылардың ықыласына ие болуға көмектесетін тағы бір тиімді бизнес құралы.