Цифрлық құралдарды тиімді пайдалану

Кәсіпкерлерге арналған лайфхактар

Цифрлық құралдарды тиімді пайдалану
Альбина Юсупова

Альбина Юсупова

Jusan Business-те бизнес-карталарға жауапты

Мақаланың мазмұны

Цифрлық құралдар бизнесті басқаруды жеңілдетіп, шығындарды азайтуға көмектеседі. Олардың көмегімен бюджетті жоспарлап, жарнама беріп, қызметкерлермен тиімді жұмыс істеуге болады. Бизнесіңізге қандай құралдар қажет екенін және оларды оңтайлы пайдалану тәсілдерін осы мақалада қарастырамыз.

Брендті сұранысқа ие алаңдарда жарнамалаңыз

Көпшілік уақыттың басым бөлігін әлеуметтік желілерде өткізіп, жаңалық оқып, тауарларды интернеттен іздейді. Сондықтан брендтің көзге түсуі үшін онлайн жарнама жасау маңызды. Әлеуметтік желілер мен жарнама платформалары бизнесті алға бастыру үшін дайын құралдар ұсынады:

  • Google Ads — брендті Google қызметтері арқылы ұқсас тауарлар мен қызметтерді іздеп жүргендерге көрсетеді
  • Meta Ads (Facebook және Instagram), X Ads (Twitter) — әлеуметтік желілердегі көрнекі контент арқылы аудиторияны тартады
  • LinkedIn Ads — B2B-компаниялар үшін тиімді, қажет мамандарды жылдам табу үшін лауазымдар мен салалар бойынша таргетинг ұсынады
  • WhatsApp Marketing — клиенттерге хабарламаларды автоматты түрде жіберуге және олардың сұраныстарына жедел жауап беруге мүмкіндік береді

Бухгалтерия мен заңмен байланысты мәселелер бойынша онлайн-көмекшіні пайдаланыңыз

Егер сіз ЖК болсаңыз немесе шағын бизнесті басқарсаңыз, цифрлық шешімдер арқылы бухгалтер мен заңгер қызметіне жұмсалатын шығындарды қысқартуға болады. Мұндай құралдар мамандарды толықтай алмастырмайды, бірақ өз бетінше есеп жүргізуге және қателіктердің алдын алуға көмектеседі.

  • Бухта — салық есептеуді автоматтандыратын, есептілік қалыптастыруға және қаржы ағындарын бақылауға көмектесетін онлайн-бухгалтерия
  • Аллегория — салық салу, келісімшарт жасау және бизнесті тіркеу бойынша жазбаша кеңес беретін сервис
  • Учет. Онлайн Касса — сату есебін жүргізуге, чектер мен есептерді онлайн рәсімдеуге және басқа бухгалтерлік сервистермен өзара байланысуға мүмкіндік береді

Қызметкерлердің білім алуына күш салыңыз

Команданың дамуы бизнестің өсіміне ықпал етеді. Онлайн-курстар уақыт пен қаражатты үнемдеп, қызметкерлерге жұмыстан қол үзбей кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Мысалы, Trello-да жобаларды тиімді басқару курстары бар, ал Whizlabs for Business IT саласында біліктілікті арттыруға көмектеседі. Әртүрлі салалардағы дағдыларды дамытуға арналған кеңейтілген бағдарламалар UpGrad және Skillshare сияқты платформаларда жеткілікті.

Бизнесіңізге қолайлы кеңсе таңдаңыз

Егер бизнесіңізге тұрақты кеңсе қажет болмаса, коворкингті (мысалы, Loop Subscriptions) қарастырғаныңыз жөн. Ал кездесулер мен қашықтан жұмыс істеу үшін Google meet, Regus немесе Spaces қолайлы болады.

Бұл тұрақты кеңсені жалға алуға белгіленген шығындарды азайтады.

Логистиканы оңтайландырыңыз

Жеткізу немесе трансфер қызметімен айналысатын компанияларға арналған пайдалы сервистер:

Цифрлық құралдармен байланысты шығындарды үнемдеу жолдары

Көптеген цифрлық құралдар ақылы, ал оларды белсенді пайдаланғанда шығындар айтарлықтай қаржылық жүктемеге айналуы мүмкін. Мұндай шығындарды азайтуға промокодтар мен жеңілдіктер көмектеседі.

Мысалы, Jusan Business ұсынған бизнес-картаның иелері Google Ads қызметтерімен қолдануға 1 500 долларға дейін бонус алып, онлайн-бухгалтерия құралдарына жеңілдік немесе WhatsApp-тың маркетингтік құралдарына қол жеткізе алады.

Бұл — қолжетімді мүмкіндіктердің бір бөлігі ғана. Тізімде бизнестің әртүрлі салаларына арналған 170-тен астам: маркетинг пен логистикадан бастап заң қолдау мен жобаларды басқаруға дейін ұсыныстар бар. Бірнеше жеңілдікті бірден әрі шектеусіз пайдалануға болады. Visa карталары үшін барлық жазылымдарды Jusan Business қолданбасында басқаруға болады — бұл кәсіпкердің уақытын үнемдейді.

Jusan Business клиенті болмасаңыз, картаны ашпас бұрын мобильді қолданбада барлық ұсыныстар мен шарттармен танысуға болады.

Бизнес-карта тек жұмысқа ғана емес, күнделікті сатып алуларға да ыңғайлы — жеке картаға қаражат аударып жүрудің қажеті жоқ. Цифрлық картаны онлайн ашуға болады, сондықтан банкке барудың қажеті жоқ. Ол пластик карта секілді жұмыс істейді, оның үстіне шығарылғаннан кейін бірден қолжетімді. 1 млн теңгеге дейін қолма-қол ақшаны картасыз, бір реттік SMS-код арқылы комиссиясыз алуға болады.

 

Цифрлық құралдар кәсіпкерлерге бизнесті басқаруды жеңілдетуге және шығындарды азайтуға көмектеседі. Бизнесті өрге бастырып, жарнама жасау үшін әлеуметтік желілер мен интернет-платформалардың арнайы құралдары бар. Ал онлайн-бухгалтерия қаржылық есепті өз бетінше жүргізуге мүмкіндік береді. Ең бастысы — қолжетімді құралдарды мұқият зерттеп, бизнесіңіздің ерекшеліктеріне сай келетінін таңдаған дұрыс.