Дауыс көмекшісі
jusan_logo
kk
Қазақша
Русский
English
location
Jusan-да іздеу
ESG25.01.2023

Jusan Bank S&P Global Corporate Sustainability Assessment агенттігінің пилоттық ESG бағасына ие болды

S&P Global Corporate Sustainability Assessment халықаралық агенттігі алғаш рет Jusan Bank-тің тұрақты даму саласындағы қызметін бағалады.

S&P Global Corporate Sustainability Assessment Қазақстан Республикасындағы жетекші банктердің бірі – Jusan Bank-ке 23/100 деңгейінде баға берді. Банк басқару және экономикалық аспект бойынша 27 балл, экологиялық аспект (Environmental Dimension бойынша 11 балл және әлеуметтік аспект (Social Dimension) бойынша 24 балл алды.

Бұл – Қазақстанның екінші деңгейлі банктеріне берілген алғашқы қоғамдық және халықаралық мойындауға ие болған ESG рейтингтерінің бірі. 

S&P Global Corporate Sustainability Assessment мәліметтеріне сәйкес, 2022 жылдың 14 желтоқсанындағы жағдай бойынша Jusan Bank жаһандық банк индустриясындағы (BNK) 60-шы процентилінде орналасты. Агенттік хабарлауынша, жаһандық банк саласындағы 705 компания тұрақты даму қызметі бойынша бағалаудан өткен. 

Одан бөлек бағалау кезінде Jusan Bank-тің ақпараттық қауіпсіздік және киберқауіптерге қарсы тұру, сондай-ақ іскерлік этика саласындағы берік ұстанымы ескерілді.

Банк пилоттық ESG скорингіне ие болғанын ескере келе, тұрақты даму саласындағы корпоративтік тәжірибені жетілдіріп, сондай-ақ қаржылық емес ақпаратты жариялау сапасын арттыруды әрі қарай жалғастыруға мүдделі.

Jusan Bank жауапты банк қызметі пен мүдделі тараптарға ашықтық қағидаттарына назар аудара келе, жыл сайын тұрақты даму саласындағы қызметін бағалаудан өткізуді көздеп отыр. Айта кетсек, былтыр Банк алғаш рет көміртегі ізі бойынша есебі мен 2021 жылғы деректерге негізделген әрі халықаралық GRI стандартына сәйкес құрастырылған қаржылық емес тұрақтылық есебін жариялады. Бұл қаржы институтының этикалық түрде бизнес жүргізуге, қызметкерлер мен қоршаған ортаға қамқорлық бойынша талаптарға сәйкес келуге деген ұмтылысын көрсетеді (Jusan Bank-тің тұрақтылық есебі). 

Басқа жаңалықтар

Ғалымжан Есенов пен Jusan су тасқынынан зардап шек...

Ғалымжан Есенов пен Jusan Bank тобы 2024 жылғы су тасқыны салдарынан зардап шекк...

Jusan Bank мемлекеттік қолдаудың 100 миллиард теңг...

Алматы. 9 сәуір 2024ж. 9 сәуірде «First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank) «С...

Ұқсас жаңалықтар

Jusan Bank тұрақты даму туралы үздік есебі үшін ма...

Қазақстан қор биржасы (KASE) ұйымдастырған жылдық есептер байқауында Jusan Bank ...

Jusan банктер арасында ESG-қорытынды есебі рейтинг...

Jusan Bank PwC Kazakhstan құрастырған ESG-қорытынды есебі бойынша елдің 50 үздік...

«Жасыл офис» жобасының аралық қорытындысын шығарам...

Jusan Bank дамуындағы маңызды бағыттардың бірі – экологиялық, әлеуметтік және ко...