Алматылық әйел «Игі істер үшін миллион» акциясының аясында Tesla ұтып алды
Jusan Bank өткізген «Игі істер үшін миллион» акциясы өз мәресіне жетті. Науқанның бас жүлдесі – Tesla Model Y электрокары 58 жастағы Сәулье Ақпанбаеваға бұйырды.
Сәулье акция барысында 41 жұлдызша жинап үлгерген. Оның сөзінше, бұл науқанға ол отбасымен бірге қатысқан.
"Жеке өзім осы кезге дейін ешнәрсе ұтып көрмеппін. Негізі миллион ұтып алайық деп бастағанбыз, бірақ мұндай ұтыс болады деп ойламадық. Тіпті басында акцияның мәнін түсінбей, қатыспай қалдық.
Немерем 14 жасынан бері осы маркалы темір тұлпарды армандап келген. Биыл 18 жасқа толғанда несиеге бір кішкене көлікті алып береміз деп ойлап жүр едік. Бірақ ол "апа, маған Tesla ғана керек" деді. Енді ол жүргізуші куәлігін алған соң көлікті айдап, отбасымызбен бірге серуендеп, Медеуге барып тұрамыз», - дейді жеңімпаз.
Одан бөлек акция нәтижесі бойынша игі істер жасап жарысқан тағы 63 адам 1 миллион теңгеден ұтып алды.
"Біз әзірлеген ойын кеңістігінде клиенттер біздің қызметтеріміз бен өнімдерімізді пайдалана отырып, бағалы сыйлықтар ұтып алу мүмкіндігіне ие болды. Акцияның өзі ойын форматында өтті, қатысушылар өз кезегінде жақсылық жасап жарысты деуге саяды. Бұл тапсырмалар қарапайым және үлкен шығындарды қажет етпеді. Бас жүлдені жеңіп алған жеңімпазымызды құттықтаймыз. Ол белсенділік пен табандылық танытып, марапатқа ие болды», - деді Jusan Bank Басқарма төрағасының орынбасары Ғабит Нұркенов.
Еске салсақ, 1 миллион теңге мен электромобиль ұтысына қатысу үшін Jusan мобильді қосымшасынан күнделікті қарапайым тапсырмаларды орындау қажет болды. Шарт бойынша клиенттер күнделікті кемінде 1000 теңгеге қосымшада немесе карта арқылы төлем жасауы керек еді. Жеңімпаздар @jusankz Instagram парақшасында тікелей эфирде анықталды. 20-дан астам тапсырма орындаған науқанның барлық қатысушылары автоматты түрде супер жүлде - Tesla Model Y электромобильінің ұтысына қатысуға жолдама алды.
Басқа жаңалықтар
13.09.2023
Jusan Bank «Қазақтелеком» АҚ-ның 9% акциясын сатып...
«First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank, бұдан әрі – Банк) «Қазақстан қор би...
10.08.2023
Jusan Bank басқармадағы өзгерістерді жариялады
10 Тамыз, 2023 (KASE: TSBN): 2023 жылдың 10 тамызында «First Heartland Jusan Ban...
Ұқсас жаңалықтар
26.06.2023
Jusan Business халықаралық төлемдерді бақылау қызм...
Отандық бизнес үшін жетекші қаржы шешімдерін ұсынатын Jusan Business SWIFT GPI т...
13.06.2023
Jusan Bank бақылауы Қазақстан Республикасына толығ...
Шешімнің бір шарты – қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру...
13.06.2023
Jusan Bank-тің орнықтылығы мен сенімділігіне қатыс...
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Jusan Bank-ті бақылауды Қазақстан Р...