Дауыс көмекшісі
jusan_logo
kk
Қазақша
Русский
English
location
Jusan-да іздеу
Жаңалықтар10.08.2023

Jusan Bank басқармадағы өзгерістерді жариялады

10 Тамыз, 2023 (KASE: TSBN): 2023 жылдың 10 тамызында «First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank) Акционерлердің кезектен тыс жиналысы өткізді, онда Директорлар кеңесінің жаңа мүшелері сайланып, банк басшылығы бекітілді.

Ғалымжан Есенов Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Сондай-ақ Директорлар кеңесіне Жарқынбек Азбеков пен лауазымын сақтап қалған Санжар Жамалов тәуелсіз директор ретінде енді. 

Jusan Bank Басқармасының құрамына Ирина Мерзлякова (Басқарма Төрағасының М.А.), Асқар Хамидуллин және Ғалия Маханова кіреді. Басқарманың қалған мүшелері уәкілетті органның қажетті келісімін алғаннан кейін тағайындалады.

Сонымен қатар Jusan Bank және акционерлер Ғалымжан Есенов пен Jusan Technologies Ltd (JTL) арасындағы бітімгершілік келісімін мақұлдады. Келісімге сәйкес, JTL активтері Қазақстан Республикасының юрисдикциясына қайтарылды. Келісім аясында Қазақстан Республикасы, Jusan Technologies Ltd және Ғ.Есеновке қатысты Қазақстан Республикасындағы, АҚШ пен Ұлыбританиядағы барлық сот процестері тоқтатылады.

Jusan Bank туралы:

- Jusan Bank – активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы топ 6 банк қатарына кіретін Қазақстанның жетекші қаржы институттарының бірі. Банктің өтімді активтері 1,2 трлн теңгеден асады. 2022 жылы Банктің аудиттелген таза пайдасы 89 млрд. теңгеге жетті.

- Jusan Bank – қаржылық жағдайы, өтімділік коэффициенттері мен меншікті капиталдың жеткіліктілігі бойынша көш басындағы ҚР ЕДБ бірі. Moody's Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі Jusan Bank-тің ұзақ мерзімді рейтингін B1 деңгейінде растап, оған қатысты болжамын «Тұрақты»-дан «Оң» деңгейіне көтерді.

- Jusan Bank-тің Қазақстанның 43 қаласында 118 филиалы, 3 миллионнан астам клиенті және 6 мың қызметкері бар.
 

Басқа жаңалықтар

Jusan Bank «Қазақтелеком» АҚ-ның 9% акциясын сатып...

«First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank, бұдан әрі – Банк) «Қазақстан қор би...

Jusan Business халықаралық төлемдерді бақылау қызм...

Отандық бизнес үшін жетекші қаржы шешімдерін ұсынатын Jusan Business SWIFT GPI т...

Ұқсас жаңалықтар

Jusan Bank бақылауы Қазақстан Республикасына толығ...

Шешімнің бір шарты – қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру...

Jusan Bank-тің орнықтылығы мен сенімділігіне қатыс...

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Jusan Bank-ті бақылауды Қазақстан Р...

Бизнес интуициямен емес, деректермен жұмыс істейді...

Қазақстанда банктің бизнеске қызмет көрсетуі қаржы қызметтерінің шеңберінен асып...