Дауыс көмекшісі
jusan_logo
kk
Қазақша
Русский
English
location
Jusan-да іздеу
Жаңалықтар16.02.2023

Jusan Bank - Қазақстанның ең сенімді әрі қаржылық жағынан тұрақты банктерінің бірі

Алматы. 16.02.2023 ж

Jusan Bank – Қазақстанның ең сенімді, қарқынды дамып келе жатқан және қаржылық жағынан тұрақты банктердің бірі. Банк пен оның негізгі акционерлері – Қазақстан Республикасының азаматтары. Қаржы институты реттеушінің және ұлттық заңнаманың барлық талаптарын орындайды. Сондықтан Бас прокуратура «Jusan» тобына қатысты талап-арыз бойынша ақпараттық хабарламасында атап өткендей, Jusan Bank қызметі бұл талқылаулардың нысанасы емес екенін ескерген жөн. 

Jusan Bank – елдегі ең ірі банктердің бірі. Қазақстандағы ең ірі банктердің арасында капиталдың активтерге шаққандағы көрсеткіші бойынша 1-орында және меншікті капиталы бойынша 3-орында тұр.

Банктің қазіргі көрсеткіштері пруденциалдық нормативтерінен айтарлықтай жоғары, бұл оның қаржылық жағдайы жоғары деңгейде және ұйымның несие тәуекелі төменгі деңгейде екенін көрсетеді. 

Банктің меншікті капиталы 542 млрд теңгеге тең. Бұл ретте капитал резерві 395 млрд теңгеге жетеді. 

Банктің кешіктірілген несиені жабу резервінің деңгейі жоғары, бұл қолданыстағы қарыздарды 225%-ға өтейді.

Банктің ликвидті активтері 1,5 трлн теңгеге жетеді, бұл клиенттердің қолданыстағы қаражатын толық көлемде өтейді. 

Банк белсенді түрде ел экономикасын несиелендіруде. 2022 жылы клиенттерге берілген несие көлемі 12%-ға артты. Өткен жылы клиенттердің жалпы базасы 55%-ға артып, бүгінде Қазақстан бойынша жеке және заңды тұлғалардың саны 3 миллионға жетті. 

Жалпы, Банк бизнесті жүргізудің ашықтық қағидатын ұстанып, қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуды жалғастыра бермек. 

Jusan Bank қызметін қалыпты режимде жалғастырады, клиенттер алдындағы барлық міндеттер орындалады. 

Басқа жаңалықтар

Jusan Bank «Қазақтелеком» АҚ-ның 9% акциясын сатып...

«First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank, бұдан әрі – Банк) «Қазақстан қор би...

Jusan Bank басқармадағы өзгерістерді жариялады

10 Тамыз, 2023 (KASE: TSBN): 2023 жылдың 10 тамызында «First Heartland Jusan Ban...

Ұқсас жаңалықтар

Jusan Business халықаралық төлемдерді бақылау қызм...

Отандық бизнес үшін жетекші қаржы шешімдерін ұсынатын Jusan Business SWIFT GPI т...

Jusan Bank бақылауы Қазақстан Республикасына толығ...

Шешімнің бір шарты – қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру...

Jusan Bank-тің орнықтылығы мен сенімділігіне қатыс...

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Jusan Bank-ті бақылауды Қазақстан Р...