Кәсіпкерлік субъектілерінің күнтізбелік ай ішінде банктік шоттардан қолма-қол ақша алу
Кәсіпкерлік субъектілерінің күнтізбелік ай ішінде банктік шоттардан қолма-қол ақша алу сомасына қойылатын шектеулер:
1) 20 000 000 (двадцать миллионов) теңге — шағын кәсіпкерлік субъектілеріне;
2) 120 000 000 (жүз жиырма миллион) теңге — орта кәсіпкерлік субъектілеріне;
3) 150 000 000 (жүз елу миллион) теңге — ірі кәсіпкерлік субъектілеріне..
Қолма-қол ақша алу сомасына қойылатын шектеулер келесі кәсіпкерлік субъектілеріне таралмайды:
1) микрокәсіпкерлік субъектілері;
2) ауылшаруашылық азық-түлік өнімін, акваөсіру (балық аулау) өнімін сатып алуды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне;
3) осы бірлескен қаулыға және бұйрық қосымшасына сәйкес экономикалық қызмет түрлерімен тамақ өнімдерін, сусындарды, сондай-ақ фармацевтикалық, медициналық және ортопедиялық тауарларды бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне;
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шоттардан олардың қолма-қол ақшаны алуы кезінде екінші деңгейдегі банктерге және Ұлттық пошта операторына және қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға.