ISO 20022
ISO 20022 деген не?
ISO 20022 — банктер мен қаржы ұйымдары арасында электрондық хабарлама алмасудың халықаралық стандарты болып табылады.
ISO 20022 стандарты бойынша Jusan Business-те қандай өзгерістер орын алады?
2025 жылдың 13 қантардаң бастап Jusan Business-те төлемдерді қалыптастыру кезінде нақты төлеуші мен алушыны көрсету үшін жаңа өрістер пайда болады. Бұл өзгерістер MT форматындағы файлдарды қолмен енгізуге де, импорттауға да қатысты. Сондай-ақ бейрезиденттер үшін тұрғылықты елді көрсету үшін жеке өріс пайда болады.
Нақты жөнелтуші/төлеуші деген кім?
Нақты жөнелтуші/төлеуші — міндеттемесін орындау мақсатында төлем немесе аударым орындалатын тұлға.
Нақты (түпкі) алушы/бенефициар деген кім?
Нақты (түпкі) алушы/бенефициар — ақшаны түпкі алушы болып табылатын тұлға немесе оның пайдасына міндеттеме орындалған тарап.
Jusan Business-те төлем жасау кезінде алушының тұрғылықты елін қандай жағдайларда көрсету қажет?
Егер алушы/бенефициар Қазақстан Республикасының бейрезиденті болса, алушының тұрғылықты елі — мемлекеттің екі әріпті коды көрсетіледі.
Төлем нысанында «Ел» өрісінде сәйкес елдің кодын таңдау керек.
Маңызды ақпарат
∙ MT файлдарын жүктеу үшін жаңа өрістерді баптау клиенттің есептік жүйесінде IT мамандарының көмегімен жүзеге асырылады;
∙ Егер нақты төлеуші немесе алушы жіберуші және/немесе алушымен бірдей болса, қосымша өрістерді толтырудың қажеті жоқ;
∙ Енгізілген деректердің дұрыстығына төлемді қалыптастырушы жауапты;
∙ ISO 20022 туралы толығырақ ақпаратты Ұлттық төлем корпорациясының сайтынан табуға болады.
Төлемдердің қандай түрлеріне өзгерістер енгізіледі?
Өзгерістер Jusan банкінен басқа екінші деңгейлі банктерге, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитетіне, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» мемлекеттік сатып алулар ұлттық агенттігіне және ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне жасалатын теңгедегі барлық сыртқы төлемдерге әсер етеді.
Шетел валютасындағы операциялар өзгеріссіз қалады.