Jusan Bank филиалдары мен бөлімшелерінің жұмысын қалпына келтіруде
Құрметті клиенттер!
Jusan Bank Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарын қоспағанда, Қазақстанның барлық өңірлеріндегі филиалдары мен бөлімшелерінің жұмысын кезең кезеңмен қалпына келтіруде.
Филиалдар мен бөлімшелердің жұмыс кестесі әр өңірдегі жағдайға байланысты әрқалай қалыптастырылуда.
2022 жылдың 10 қаңтарынан бастап іске қосылған филиалдар мен бөлімшелердің жұмыс кестесі:
- сағ. 9.00-ден – сағ.16.00-ге дейін – заңды тұлғалар үшін;
- сағ. 9.00-ден – сағ.16.00-ге дейін – жеке тұлғалар үшін теңгемен кассалық есеп айырысу операциялары;
- сағ. 9.00-ден – сағ.18.00-ге дейін – жеке тұлғаларға кеңес беру.
Қазақстан биржа қорының жұмысының тоқтатылуына байланысты волютаны конвертациялау бойынша операциялар уақытша қолжетімсіз.
Ойын-сауық орталықтарында орналасқан банк бөлімшелерінің жұмысы ОСО жұмыс режиміне сәйкес қолжетімді.
Банк филиалдары мен бөлімшелерiнiң жұмыс кестесі өзгеруі мүмкiн. Ақпарат қосымша нақтыланады, жаңалықтарды біздің сайттан және банктің әлеуметтік желілеріндегі ресми беттерінен білулеріңізге болады.
Қазіргі уақытта Қазақстан бойынша банкомат желісінің негізгі бөлігінің жұмысы қалпына келтірілді. Банкоматтар қолма-қол ақшамен қамтамасыз етілді және ақшалай қаражат беруде лимит қарастырылмаған, ал алыс аудандарда, сонымен қатар Алматы, Алматы облысы және Тараз қаласы сияқты «қызыл аймақтарда» банкоматтар желісінің жұмысы жағдайдың тұрақтануына сәйкес мүмкіндігінше қалпына келтіріледі.
Jusan және Jusan Business мобильді қосымшалары қолжетімді және тұрақты жұмыс істеп тұр.
Жұмыс режимі және өз өңіріңіздегі қызмет істеп тұрған бөлімшелердің мекенжайын, сондай-ақ басқа да сұрақтарға жауапты 7711 нөмірі бойнша Jusan Bank байланыс орталығынан біле аласыз.
Бізбен бірге болыңыз,
сіздің Jusan!
Басқа жаңалықтар
13.09.2023
Jusan Bank «Қазақтелеком» АҚ-ның 9% акциясын сатып...
«First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank, бұдан әрі – Банк) «Қазақстан қор би...
10.08.2023
Jusan Bank басқармадағы өзгерістерді жариялады
10 Тамыз, 2023 (KASE: TSBN): 2023 жылдың 10 тамызында «First Heartland Jusan Ban...
Ұқсас жаңалықтар
18.09.2023
Санкциялық банктер тізіміне енгізу туралы
Құрметті клиенттер, Осы арқылы көрсетілген банктерге қатысты санкциялық шектеуле...
14.09.2023
2023 жылғы 02 қазаннан бастап Jusan Bank-тің жеке ...
Құрметті клиенттер! Осы арқылы «Jusan Bank» АҚ Сіздерге 2023 жылғы 02 қазаннан б...
08.09.2023
2023 жылғы 23 қыркүйектен бастап Jusan Bank-тің же...
Құрметті клиенттер!Осы арқылы «Jusan Bank» АҚ Сіздерге 2023 жылғы 23 қыркүйектен...