ISO 20022 жаңа халықаралық қаржылық хабарламалар алмасу стандарты
Құрметті клиенттер!
2025 жылдың 13 қаңтарынан бастап Қазақстан жаңа халықаралық қаржылық хабарламалар алмасу ISO 20022 стандартына көшеді.
Барлық төлемдер, аударымдар және басқа да транзакциялар әдеттегі режимде, қандай да бір кідіріссіз жүзеге асырылатын болады.
Сонымен қатар, кейбір операцияларды жүргізуде уақытша шектеулер болуы мүмкін екенін ескеріп, маңызды төлемдерді алдын ала жүргізуіңізді сұраймыз.