Дауыс көмекшісі
jusan_logo
kk
Қазақша
Русский
English
location
Jusan-да іздеу
Хабарламалар07.10.2022

«Jusan Bank» АҚ шарттарды орындаудан бас тартуына байланысты ағымдағы банктік шоттарды

Құрметті клиенттер!


«Jusan Bank» АҚ (бұдан әрі-Банк) осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сізге құрмет көрсетеді және Банкке көрсеткен сеніміңіз үшін алғыс білдіреді.
Осы хабарлама (бұдан әрі-Хабарлама) заңды тұлғалар (олардың филиалдары мен өкілдіктері), кәсіпкерлік қызметті, адвокаттық қызметті, жеке нотариаттық қызметті, жеке сот орындаушысының қызметін, кәсіби медиатордың қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын клиенттерге, сондай-ақ заңды тұлға құрмаған шаруа (фермер) қожалықтарына жолданады.
Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 28-бабының 1-тармағына сәйкес Клиенттің банктік шотын жабуды клиенттің өтініші бойынша немесе осы Заңның 29-бабында көзделген тәртіппен банктік шот шартының, банктік салым шартының қолданылуы тоқтатылған не оларды орындаудан бас тартылған жағдайларда банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым өзі дербес жүзеге асырады.
Заңның 29-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, клиенттің банктік шотында бір жылдан астам ақша болмаған жағдайда банк банктік шот шартын орындаудан бас тартуға (ағымдағы банктік шотты жабуға) құқылы.
Заңның 29-бабының 7-тармағында клиенттің банктік шотында ақша болмаған кезде банк банктік шот шартын орындаудан бас тарту туралы хабарлама жасалған күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң банктік шот шартын бұзады және банктік шоттарды жабуды жүзеге асырады деп көзделген.
Заңның жоғарыда көрсетілген нормаларын назарға ала отырып, осы арқылы Банк ағымдағы банктік шоттадың жабылғаны және  соңғы 12 (он екі) айдан асатын кезең үшін қалдық 0 (нөлге) тең және хабарлама орналастырылған күннен бастап келесі 3 (үш) айда ақша қалдығы болмайтын төлем карталарын пайдалана отырып операциялар көрсетілетін (жоғарыда көрсетілген шарттарды орындаудан бас тарту туралы) ағымдағы банктік шоттардың жабылғаны туралы хабарлайды.


Хабарламаның жарияланған күні: 07.10.2022 ж.


Құрметпен,
«Jusan Bank» АҚ
 

Басқа жаңалықтар

Jusan Bank «Қазақтелеком» АҚ-ның 9% акциясын сатып...

«First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank, бұдан әрі – Банк) «Қазақстан қор би...

Jusan Bank басқармадағы өзгерістерді жариялады

10 Тамыз, 2023 (KASE: TSBN): 2023 жылдың 10 тамызында «First Heartland Jusan Ban...

Ұқсас жаңалықтар

Санкциялық банктер тізіміне енгізу туралы

Құрметті клиенттер, Осы арқылы көрсетілген банктерге қатысты санкциялық шектеуле...

2023 жылғы 02 қазаннан бастап Jusan Bank-тің жеке ...

Құрметті клиенттер! Осы арқылы «Jusan Bank» АҚ Сіздерге 2023 жылғы 02 қазаннан б...

2023 жылғы 23 қыркүйектен бастап Jusan Bank-тің же...

Құрметті клиенттер!Осы арқылы «Jusan Bank» АҚ Сіздерге 2023 жылғы 23 қыркүйектен...