ВТБ (Қазақстан) Банкімен операциялар
Құрметті клиенттер!
«Jusan Bank» АҚ-ның ішкі саясатына сәйкес 2024 жылдың 17 қыркүйегінен бастап сіздің шоттарыңыз бойынша ВТБ (Қазақстан) Банкімен ұлттық валютада тек белгілі төлем және аударым операциялары ғана қолжетімді.
Теңгедегі кіріс төлемдері тек мына тағайындау кодтары бойынша рұқсат етіледі:
ТТК 421: қысқа мерзімді қарыздарды өтеу (бір жылдан аспайтын), оның ішінде овердрафт пен овернайтты өтеу;
ТТК 423: ұзақ мерзімді қарыздарды өтеу (бір жылдан астам);
ТТК 429: басқа да қарыздар, оның ішінде мерзімсіз қарыздарды өтеу;
ТТК 430: бұрын төленген шығындарды өтеу;
ТТК 490: қате есептен шығарылған соманы қайтару.
Ұлттық валютадағы шығыс төлемдері бойынша төлем талаптарын және инкассолық өкімдерді орындау ғана қолжетімді.