Қоңырауға дайын болу: алаяқтар қалай әрекет етеді
Құрметті клиенттер!
Алаяқтар сіздерге полиция, Ұлттық Банк, ҰҚК, Киберполиция және басқа да органдардың атынан қоңырау шалуы мүмкін.
Бұл ретте, қоңырау шала отырып, алаяқтар өз сөзіне сендіру үшін жиі түрде мынадай әдістерді қолданады:
🚨 1) «Басшыдан» немесе «әріптестен» келетін хабарлама
Мессенджер (негізінен WhatsApp) арқылы басшыңыздан немесе әріптесіңізден хабарлама келеді. Алаяқтар өзін басшыңыз деп таныстырады, тіпті оның аватарында басшыңыздың суреті де тұруы мүмкін.
Бұл «басшы» әлдебір органдар тексерістер жүргізіп жатқанын, салдары ауыр болады деп қорқытып жатқанын, қазір органдардың қызметкері сізге хабарласатынын, оған бәрін түсіндіру керектігін айтады. Содан кейін осы органның қызметкері деп өзін таныстыратын алаяқтан қоңырау түседі.
🚨 2) Кодты сұрау өтінішін қамтитын қоңыраулар
Нөмірге қандай да бір сервистен SMS код келеді. Алаяқтар өздерін осы сервистердің қызметкерлері (мобильді операторлар, коммуналдық қызметтер, поликлиникалар, курьерлік жеткізу және т.б.) ретінде таныстырады. Олардың мақсаты — неше түрлі сылтау айтып, Сізді SMS-тегі кодты айтып беруге мәжбүрлеу.
Егер кодты айтып беретін болсаңыз, шамалы уақыттан соң сізге басқа алаяқтан қоңырау түседі, ол өзін орган қызметкері ретінде таныстырады. Осы «орган қызметкері» Сізге код айтып қойғаныңызды, осылайша алаяқтарға кредит ресімдеуге және шоттан ақшаны алуға жол бергеніңізді хабарлайды.
🚨 3) «Жазып алынған әңгімелесу»
Алаяқтар қоңырау шалады, бірнеше секунд үндемей тұрады да, бірден «Сіздің дауысыңыз жазып алынды» немесе оған ұқсас мәтін айтып, бірден әңгімені үзіп тастайды.
Содан кейін екінші алаяқ қоңырау шалып, өзін орган қызметкері ретінде таныстырып, клиенттің транзакциялары бойынша бір күдікті нәрселер болып жатқанын хабарлайды. Содан кейін оның дауысын жазып алғандықтан алаяқтар клиенттің атына кредит ресімдегенін, немесе клиенттің шотынан ақшаны аударып жатқанын түсіндіреді.
Қорытынды:
Осылайша, жоғарыда сипатталған әдістердің әрқайсысында алаяқтар осындай әрекеттерімен ықтимал зардап шегушіні «орган қызметкерінің» қоңырау шалуына дайындауға тырысады. Барлық жағдайларда осы «орган қызметкері» алаяқтардан қорғануға көмектесейін деп жатқанын, бірақ ол үшін оның нұсқауларын нақты орындау керетігін хабарлайды.
Қоңыраулар сериямен жүреді. Алаяқтар түрлі сендіру әдістерін, оның ішінде қорқыту амалын пайдалана отырып өзін түрлі органдардың қызметкерлері ретінде таныстырады, кредит ресімдеуге немесе ақша қаражатын сақтап қалу үшін «қауіпсіз» шоттарға аударуға тырысатын болады.
Егер сізге осындай қоңыраулар шалынса немесе хабарламалар келсе, бұл алаяқтар. Абай болыңыздар!