Дауыс көмекшісі
kk
Қазақша
Русский
English

Күні бойынша сүзу

  • 27 мамыр
  • 24 сағат
  • Апта
  • Ай
  • Жыл
  • Барлық уақыт

Санатты таңдаңыз

Жаңалықтар санаттары

Күні бойынша сүзу

Барлық уақыт

Құрметті клиенттер! Jusan Bank АҚ су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың кредиттері бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігі туралы хабарлайды.


Кейінге қалдыру 2024 жылғы 01 сәуірден 30 маусымға дейін 3 ай мерзімге беріледі. 
Қарыз алушы өтінішті (өтініш үлгісін алуға арналған сілтеме - ссылка) жеке басын куәландыратын құжат және мүлікке, жеке шаруашылыққа, табысқа және қаржылық жағдайға келтірілген залалды растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Банктің филиалына/бөлімшесіне бару немесе қарыз алушы қолын қойған өтінішті Банктің info@jusan.kz электрондық поштасына жіберу арқылы береді. 
Сонымен қатар, Банк жергілікті атқарушы органдардан алынған тізімдерге сәйкес қарыз алушыларға кейінге қалдыру мүмкіндігін беретінін хабарлайды