«Jusan Bank» АҚ акционерлерінің назарына! 2023 жылғы «02» мамыр акционерлерінің жылдық Жалпы жиналысы
Атқарушы органның толық атауы және орналасқан жері: «First Heartland Jusan Bank» Акционерлік қоғамының Басқармасы (бұдан әрі – «Jusan Bank» АҚ), A26F8T9, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй.
«Jusan Bank» АҚ «Jusan Bank» АҚ акционеріне 2023 жылғы «02» мамыр, Алматы қаласының уақыты бойынша 12 сағат 00 минутта «Jusan Bank» АҚ акционерлерінің жылдық Жалпы жиналысының мына мекенжай бойынша өткізілетінін хабарлайды: A26F8T9, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй.
Жоғарыда көрсетілген жиналыс «Jusan Bank» АҚ Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша шақыртылып жатыр және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өткізіледі.
Акционерлердің жылдық Жалпы жиналысының күн тәртібі «Jusan Bank» АҚ Директорлар кеңесімен қалыптастырылды және келесі мәселелерді қамтиды:
- «Jusan Bank» АҚ Акционерлерінің жылдық Жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.
- «Jusan Bank» АҚ-тың 2022 жыл үшін аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.
- «Jusan Bank» АҚ-тың есептік қаржылық 2022 жылдағы таза табысын бөлу, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау тәртібін бекіту және «Jusan Bank» АҚ-тың бір жай акцияға есеппен дивидендінің мөлшерін бекіту туралы.
- «Jusan Bank» АҚ Директорлар кеңесінің және атқарушы органының мүшелерінің сыйақы мөлшері және құрамы туралы ақпаратты қарастыру туралы.
- Акционерлердің «Jusan Bank» АҚ-тың және оның лауазымдық тұлғаларының іс-әрекеттеріне қатысты мәлімдемелері және оларды қарастыру нәтижелері жайындағы ақпаратты қарау туралы.
- Директорлар кеңесінің және Директорлар кеңесі Комитеттерінің мүшелерінің қызметімен байланысты шығыстарды жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы.
- «Jusan Bank» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне бекітілмеген сыйақы төлеу туралы.
Акционерлер күн тәртібіндегі мәселелермен танысуы үшін материалдарды мына мекенжайдан ала алады: A26F8T9, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй, 462-каб., С.Г. Ганиевадан (e-mail: s.ganieva@jusan.kz).
«Jusan Bank» АҚ акционерлерінің жылдық Жалпы жиналысына қатысу және дауыс беру құқығы бар акционерлер тізімін құрастыру күні – 2023 жылғы «22» сәуір (00 сағат 00 минут).
Акционерлердің жылдық Жалпы жиналысының қатысушыларын тіркеудің басталуы – Алматы қаласының уақытымен 11 сағат 30 минут.
«Jusan Bank» АҚ акционерлерінің жылдық Жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеуді аяқтау акционерлердің жылдық Жалпы жиналысы басталуға 5 (бес) минут қалғанда жүргізіледі.
Кворум болмаған жағдайда, «Jusan Bank» АҚ акционерлерінің қайталама жылдық Жалпы жиналысы 2023 жылғы «03» мамыр, Алматы қаласының уақытымен 12 сағат 00 минутта мына мекенжай бойынша өткізіледі: A26F8T9, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй.
Акционерлердің жылдық Жалпы жиналысын өткізу тәртібі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Сырттай дауыс беру арқылы шешімдер қабылданбайды.
Осы жиналысқа қатысушы акционерлер – заңды тұлғалар өз акционерлерінің (қатысушылардың) тіркелген еліне қатысты өз акционерінің (қатысушысының) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 5-1 тармағының бірінші бөлігінің талаптарын орындағаны туралы өтінішті табыс етеді. Өтініш нысаны «Jusan Bank» АҚ-тың корпоративті вебсайтында орналастырылған: https://jusan.kz/
Акционерлердің және сенім білдірілген тұлғалардың қолында жеке куәлігі/паспорты, сенім білдірілген тұлғалардың қолында акционерлердің жылдық Жалпы жиналысына дауыс беру құқығымен қатысуға берілген сенімхат болуы тиіс.
Басқа жаңалықтар
13.09.2023
Jusan Bank «Қазақтелеком» АҚ-ның 9% акциясын сатып...
«First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank, бұдан әрі – Банк) «Қазақстан қор би...
10.08.2023
Jusan Bank басқармадағы өзгерістерді жариялады
10 Тамыз, 2023 (KASE: TSBN): 2023 жылдың 10 тамызында «First Heartland Jusan Ban...
Ұқсас жаңалықтар
18.09.2023
Санкциялық банктер тізіміне енгізу туралы
Құрметті клиенттер, Осы арқылы көрсетілген банктерге қатысты санкциялық шектеуле...
14.09.2023
2023 жылғы 02 қазаннан бастап Jusan Bank-тің жеке ...
Құрметті клиенттер! Осы арқылы «Jusan Bank» АҚ Сіздерге 2023 жылғы 02 қазаннан б...
08.09.2023
2023 жылғы 23 қыркүйектен бастап Jusan Bank-тің же...
Құрметті клиенттер!Осы арқылы «Jusan Bank» АҚ Сіздерге 2023 жылғы 23 қыркүйектен...