«Jusan Bank» АҚ акционерлерінің назарына!
Атқарушы органның толық атауы және орналасқан жері: «First Heartland Jusan Bank» Акционерлік қоғамының Басқармасы (бұдан әрі – «Jusan Bank» АҚ), A26F8T9, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй.
«Jusan Bank» АҚ «Jusan Bank» АҚ акционеріне 2022 жылғы «12» желтоқсан, Алматы қаласының уақыты бойынша 12 сағат 00 минутта «Jusan Bank» АҚ акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысының мына мекенжай бойынша өткізілетінін хабарлайды: A26F8T9, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй.
Жоғарыда көрсетілген жиналыс «Jusan Bank» АҚ Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша шақыртылып жатыр және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өткізіледі.
Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысының күн тәртібі «Jusan Bank» АҚ Директорлар кеңесімен қалыптастырылды және келесі мәселелерді қамтиды:
«1. «Jusan Bank» АҚ акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;
2. «Jusan Bank» АҚ-тың 2022 жыл үшін жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымды анықтау туралы;
3. «Jusan Bank» АҚ-тың Жарғысын жаңа редакцияда бекіту туралы.»
Акционерлер күн тәртібіндегі мәселелермен танысуы үшін материалдарды мына мекенжайдан ала алады: A26F8T9, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй, 462-каб., С.Г. Ганиевадан (e-mail: s.ganieva@jusan.kz).
«Jusan Bank» АҚ акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысына қатысу және дауыс беру құқығы бар акционерлер тізімін құрастыру күні – 2022 жылғы «02» желтоқсан (00 сағат 00 минут).
Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысының қатысушыларын тіркеудің басталуы – Алматы қаласының уақытымен 11 сағат 30 минут.
«Jusan Bank» АҚ акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеуді аяқтау Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысы басталуға 5 (бес) минут қалғанда жүргізіледі.
Кворум болмаған жағдайда, «Jusan Bank» АҚ акционерлерінің қайталама кезектен тыс Жалпы жиналысы 2022 жылғы «13» желтоқсан, Алматы қаласының уақытымен 12 сағат 00 минутта мына мекенжай бойынша өткізіледі: A26F8T9, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй.
Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысын өткізу тәртібі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Сырттай дауыс беру арқылы шешімдер қабылданбайды.
Осы жиналысқа қатысушы акционерлер – заңды тұлғалар өз акционерлерінің (қатысушылардың) тіркелген еліне қатысты өз акционерінің (қатысушысының) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 5-1 тармағының бірінші бөлігінің талаптарын орындағаны туралы өтінішті табыс етеді. Өтініш нысаны «Jusan Bank» АҚ-тың корпоративті вебсайтында орналастырылған: https://jusan.kz/.
Акционерлердің және сенім білдірілген тұлғалардың қолында жеке куәлігі/паспорты, сенім білдірілген тұлғалардың қолында акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысына дауыс беру құқығымен қатысуға берілген сенімхат болуы тиіс.
Басқа жаңалықтар
13.09.2023
Jusan Bank «Қазақтелеком» АҚ-ның 9% акциясын сатып...
«First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank, бұдан әрі – Банк) «Қазақстан қор би...
10.08.2023
Jusan Bank басқармадағы өзгерістерді жариялады
10 Тамыз, 2023 (KASE: TSBN): 2023 жылдың 10 тамызында «First Heartland Jusan Ban...
Ұқсас жаңалықтар
26.09.2023
Жеке тұлғаларға арналған бонустық бағдарлама
Құрметті клиенттер!Осы арқылы Jusan Bank 2023 жылғы 09 қазаннан бастап күшіне ен...
18.09.2023
Санкциялық банктер тізіміне енгізу туралы
Құрметті клиенттер, Осы арқылы көрсетілген банктерге қатысты санкциялық шектеуле...
14.09.2023
2023 жылғы 05 қазаннан бастап Jusan Bank-тің жеке ...
Құрметті клиенттер!Осы арқылы «Jusan Bank» АҚ Сіздерге 2023 жылғы 05 қазаннан ба...