Дауыс көмекшісі
jusan_logo
kk
Қазақша
Русский
English
location
Jusan-да іздеу
Orangelife09.11.2022

Әріптестер, Жетісу жаңа филиалының ашылғаны туралы қуана хабарлаймыз

Әріптестер, Жетісу жаңа филиалының ашылғаны туралы қуана хабарлаймыз

Осы жылдың мамыр айында ҚР Президентінің Жарлығымен үш жаңа облыс құрылғаны белгілі: 

1. Семейде әкімшілік орталығы бар Абай облысы (Шығыс Қазақстан облысынан бөлінген)

2. Жезқазғанда әкімшілік орталығы бар Ұлытау облысы (Қарағанды облысынан бөлінген)

3. Талдықорғанда әкімшілік орталығы бар Жетісу облысы (Алматы облысынан бөлінген). 

Жаңа өңірлерге жасалған талдау жұмыстарының қорытындысы бойынша Банк Жетісу облысында филиал құру туралы шешім қабылдады, өйткені бұл өңірдің экономикалық және әлеуметтік әлеуеті зор.

Облыста ауыл шаруашылығы саласын және қайта өңдеу секторын дамытуға, туризмге, қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайтуға, жолдарды жөндеуге, елді мекендерді газдандыруға, өнеркәсіпке, шағын және орта бизнеске ерекше назар аударылатын болады. 

Облыстың сондай-ақ, транзиттік мүмкіндіктері жоғары. Мұнда құрғақ портты, логистикалық және индустриялық аймақтарды қамтитын «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейді.

Осы жобалардың барлығын бірлесіп іске асыру өңірдің қарқынды дамуына мүмкіндік береді, осыларды зерделей келе біз облыстың орасан зор банктік әлеуетіне көз жеткіздік.

Осы уақытқа дейін бұл облыста Алматы облыстық филиалы жұмыс істеп келді, осы бөлімше енді «Jusan Bank» АҚ Жетісу филиалы  болып қайта құрылды. 

Әріптестерімізге ірі жобалар мен табысты жұмыс тілейміз! Жаңа филиал өңірдің дамуына өз үлесін қосатынына сенімдіміз. 

Өйткені, біз – еліміз бен халқымыздың гүлденуі үшін жұмыс істейтін қазақстандық банкпіз.

Басқа жаңалықтар

Jusan Bank «Қазақтелеком» АҚ-ның 9% акциясын сатып...

«First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank, бұдан әрі – Банк) «Қазақстан қор би...

Jusan Bank басқармадағы өзгерістерді жариялады

10 Тамыз, 2023 (KASE: TSBN): 2023 жылдың 10 тамызында «First Heartland Jusan Ban...

Ұқсас жаңалықтар

ORANGELIFE

«Жасыл офис» жобасының аралық қорытындысын шығарам...

Orangelife

ORANGELIFE

Jusan WOW HR 2022 бизнес сыйлығының номинанты болд...

Orangelife

ORANGELIFE

Jusan жаңа көрнекті орындар жасайды

Orangelife