Jusan Bank
Baa2.kz
Ұлттық шкала рейтингісі
Baa2.kz
Кредиттік рейтинг Оңға/NP
Банк тарихы
Jusan Bank бүгінгі таңда ДНҚ-сы алдыңғы қатарлы халықаралық ABN AMRO және RBS банктерінің корпоративтік стандарттарына негізделетін Қазақстанның ең орнықты қаржылық институттарының бірі.
Бүгінгі таңда Банктің 42 қалада 100-ден астам бөлімшесі, 2,5 млн клиенті және 5 мыңға жуық қызметкері бар. Олардың біліктілік деңгейі клиенттерімізге сенімділік пен жайлылықты қамтамасыз ете отырып олардың өсіп жатқан сұраныстарын қанағаттандыру үшін өнімдер мен сервистерді жасауға мүмкіндік береді. Қысқа мерзім ішінде Банк дәстүрлі банкингтен қаржылық және қаржылық емес қызметтерге деген мұқтаждылықтарды кешенді түрде шешетін цифрлық экожүйеге эволюциялық түрде ауысуды жүзеге асырды.
Jusan эволюциясының қысқаша тарихы біздің клиенттеріміздің сервиспен өзара әрекеттесуі арқылы көрсетілген. Бүгінгі таңда бір қосымшада клиентке онлайн-банкинг, жинақ ақшасын және инвестицияларды басқару, бизнесті жүргізу және операциялық бақылау, онлайн-кредит беру және тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде бөліп төлеуге қолжетімділік ұсынатын онлайн-дүкен, салықтық есептілікті қалыптастыру, оқыту және қаржылық аналитика, саяхаттар және сақтандыру, мобильді байланыс және балаларды қаржылық сауаттылыққа үйрету мүмкіндігі қолжетімді.
2023
Жаңарту жылы
Бизнесмен Ғалымжан Есеновтың Банкке бақылауды алуы. Басқару тобын жаңарту.
Moody’s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі арқылы ұзақ мерзімді депозиттік рейтингтерді B1-ден Ba3-ке дейін «Позитивті» болжаммен жоғарылатуы.
Банкті PwC компаниясының ESG-ақпаратты ашу бойынша Қазақстанның қаржы ұйымдары арасында көшбасшы деп тануы.
2022
Нағыз кәсіпқойлар командасының табысы
Реттегіш белгілеген пруденциалды нормативтерден айтарлықтай асып түсетін бизнестің негізгі көрсеткіштерінің өсімі. Орнықтылықтың үлкен қоры қаржылық реттегіштің өтімділік бойынша белгілеген талаптарынан 4 есе артық бола отырып, меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффицентімен (k1) қамтамасыз етілген. Өтімділіктің ағымдағы көрсеткіші (k4) белгіленген нормативтен 7 есе артық және 224% құрайды. Банктің өтімді активтері жыл соңына банктің жалпы активтерінің 60%-нан асып түсті.
Moody's Investors Service рейтингісі бойынша B1 деңгейінде ұлттық және шетелдік валютадағы депозиттер бойынша болжам «тұрақты»-дан «позитивті»-ге өсті.
Бизнесті жүргізудің ашықтықтығын және әдебін сақтау мақсатымен ұзақмерзімді ESG стратегиясын әзірлеу және енгізу.
GRI стандарты бойынша орнықты даму туралы бірінші жария есептің жариялануы және жақын болашақта төмендету мақсатымен Банктің көміртекті ізін есептеуді халықаралық верификациялау.
2021
Трансформация – ребрендинг және өршіл маркетингтік стратегия
Прогрессивті маркетингтік стратегия.
Банк активтерінің өсімі- 55%. Кредиттік портфельдің өсімі - 200%.
Өнімдер және цифрлық экожүйе халықаралық және жергілікті деңгейде бағаланған, Ұлыбританияның және Азияның қаржылық басылымдары ерекше атап өткен.
2020
Jusan цифрлық экожүйесі
Jusan, Jusan Mobile және Jusan Дүкен маркетплейсінің (бұрынғы Jmart) мобильді қосымшасының іске қосылуы.
Жеке экожүйесі бар цифрлық Банктің бесжылдық даму стратегиясының басталуы. Apple Pay және Samsung Pay іске қосылуы.
2020 жылғы 30 желтоқсан - First Heartland Jýsan Bank АҚ австриялық Bank Austria-Creditanstalt және итальяндық UniCredit бөлігі болған АТФБанк АҚ акцияларының 99,76%-ын сатып алды.
2019
Бастауларға оралу
Ребрендинг - Jýsan Bank (қазақша транскрипцияда «Жусан банк») бөлшек брендімен белгілі First Heartland Jýsan Bank.
IT-платформаның дамуы, жаңа карточкалық өнімдерді іске қосу.
First Heartland Securities Цеснабанктің жай акцияларының 99,5%-ын сатып алды.
2018
Бірегей сәйкестілікті іздеу
Халықаралық ABN және RBS менеджмент стандарттарының жалғастырушысы бола отырып First Heartland 2018 жылғы қаңтарда атауы өзгертілген «Банк ЭкспоКредит» құқықтары мен міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқор болды
ҚР аграрлық секторын сауықтыру тетігі қабылданды және ҚР проблемалық кредиттерінің қорының Банктің кредиттік портфелі бөлігінде 450 млрд. теңгеге проблемалық кредиттерді сатып алуы туралы келісімге қол қойылды
2017
Сервистің сапасы
Алматыда Қазақстандағы автоматтандырылған тәулік бойы жұмыс істейтін депозитариі бар ең ірі банктік VIP-орталықтың ашылуы.
2016
Халықаралық тәжірибе
Банк минскілік «Беларусбанкке» бірлесіп берілген қарыздың менеджері және қатысушы банкі қызметін атқарды
Британдық RBS меншік иесі ауысқаннан кейін ребрендинг жүргізді және банк жаңа атауға ие болды –«Банк ЭкспоКредит» АҚ
Әлемге танымал кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин – Банктің ресми бренд-амбассадоры.
2015
Экспорттық-импорттық операциялар нарығына шығу
Қазақстандық импорттаушы компаниялар мен ресейлік экспорттаушылардың қатысуымен мәмілелерді іске асыру үшін Росэксимбанкпен қаржыландыру туралы Бас келісім жасалды.
MasterCard халықаралық төлем карточкалары шығарылды
2014
Айтарлықтай жетістік жылы
Банк активтерінің мөлшері 1 трлн теңгеден асты
2011
Бизнесті масштабтау
Брокерлік компанияны сатып алу және Visa халықаралық төлем жүйесінің принципті қатысушысы мәртебесін алды
2010
Болашақ цифрландырудың негізі
SAP ERP Банк енгізілді
2009
Есептеу жүйесін автоматтандырудың басталуы
Жеке процессингтік орталығы іске қосылды
2008
Алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені зерттеу
Бас банк ABN AMRO-ны Шотландияның Корольдік банкіне жаһандық сатуға байланысты, Банк бенефициарды және маңдайшасын RBS (Royal Bank of Scotland)-ға ауыстырды
ҚР экспорттық кредиттерін және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандум
Қайырымдылыққа қосқан үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі берген «Жыл меценаты 2008» премиясы
2007
Халықаралық ақша аударымдары жүйесі
Юнистрим халықаралық ақша аударымдары жүйесімен әріптестік келісім
$125 млн-ға еврооблигациялардың дебюттік шығарылымы және $54 млн бірлесіп берілген қарызды жұмылдыру
Commerzbank AG және Standard Bank Plc мәмілесінің ұйымдастырушы-банкі және букраннері
2006
Эксперттік ортада банк имиджінің нығаюы
Fitch Ratings халықаралық агенттігінің кредиттік рейтингі
15 млрд теңгеге бірінші облигациялық бағдарламаны тіркеу
Raiffeisen Zentralbank Österreich AG және Bankgesellschaft Berlin AG-дан $22 млн-ға бірлесіп берілетін дебюттік қарызды жұмылдыру туралы келісім
Landesbank Berlin AG, Raiffeisen Zentralbank Oesterreich AG-дан $50 млн-ға бірлесіп берілетін қарызды жұмылдыру
2005
Бірінші беделді рейтинг
Standard & Poor ' s халықаралық агенттігінің кредиттік рейтингісі шықты.
Visa төлем карталарын шығару басталды
2004
Visa-мен серіктестік
Банк Visa Халықаралық төлем жүйесінің қауымдастырылған мүшесі ретінде қабылданды
2003
Нарықты тану
Банктің акциялары КАЅЕ Қазақстан қор биржасының «А» санатындағы бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізілді.
Банк ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жүргізген мониторинг нәтижелері бойынша Дүниежүзілік банктің кредиттік желісін іске асыруда үздік деп танылды
2001
Реттеушіні бағалау
Банктік ақпараттық технологияларды автоматтандыру бойынша халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкестігі туралы ҚР Ұлттық Банкінің қорытындысы шықты
2000
Халықтың салымдарын қорғау кепілдігі
Банк Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) қатысушысы болды
1998
Мемлекеттік маңызы бар жүйелік жобаларға қатысу
Ауыл шаруашылығы секторы үшін Азия даму банкінің (АДБ) және шағын және орта бизнес үшін Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) кредиттік желілері. Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейінгі қолдау жобасы бойынша Дүниежүзілік Банкпен кредиттік келісім жасалды.
Rabobank Нидерланд банкімен институционалдық даму бағдарламасы жасалды.
1996
Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі
Шағын және орта бизнесті қаржыландыру бойынша Орта Азия-Америка кәсіпкерлікті қолдау қорымен (Азиялық кредиттік компания) келісім жасалды
1995
АТФБанк құрылған жыл, ол кейіннен Jusan Bank құрамына кірді
1993
Үлкен тарихтың басталуы
Қазақстанның ABN AMRO Банкі қаржы нарығына 1993 жылы шығып, кейіннен Jusan Bank тарихының негізін қалаушыға айналған ең ірі халықаралық банктік топтың жалғыз өкілі болды
1992
Цесна Банктің құрылған жылы, ол кейіннен Jusan Bank құрамына кірді