Jusan Bank өз қосымшасына “Алматы паркинг” қызметтерін төлеу функционалын енгізді

Jusan бұдан былай «Алматы Паркинг» қызметтерін банк қосымшасында төлеуге болатынын қуана хабарлайды. 
Жаңа функцияны қалай пайдалануға болады:

1. "Төлемдер" бөлімі арқылы:
• Jusan қосымшасын ашып, «Төлемдер» бөліміне өтіңіз.
• "Алматы Паркинг. Тұрақ ақысын төлеу" табыңыз.
• Көліктің нөмірін және тұрақ аумағының нөмірін енгізіңіз немесе ұсынылған тізімнен таңдаңыз (ең жақын тұрақ аумағын автоматты түрде анықтау үшін «геопозициямен бөлісу» функциясын қосыңыз.
• Тұрақ уақытын таңдаңыз және автоматты түрде есептелген соманы төлеңіз.

2. QR-код арқылы:
• Тұрақ белгісіне жақындаңыз.
• Jusan қосымшасын ашып, "Jusan QR" басыңыз. 
• Тұрақ белгісіндегі QR-кодты сканерлеңіз.
• Көліктің нөмірін және тұрақ аумағының нөмірін енгізіңіз немесе ұсынылған тізімнен таңдаңыз (ең жақын тұрақ аумағын автоматты түрде анықтау үшін «геопозициямен бөлісу» функциясын қосыңыз.
• Тұрақ уақытын таңдаңыз және автоматты түрде есептелген соманы төлеңіз.

Ақысын төлеу тұрақ аумақтарының жұмыс уақытында – 08:00-ден 19:00-ге дейін қолжетімді. «Алматы Паркинг» алдын ала төлем бойынша жұмыс істейтінін ескертіп, төлемді көліктеріңізді тұраққа қойған кезде енгізіуін ұсынады.  

Егер сізде сервисті жақсарту бойынша идеялар немесе ұсыныстар бар болса, бізбен +7 708 103 68 82 нөмірі бойынша хабарласыңыз.

Банк жаңалықтары

16.07.2024


Алматы. 16 шілде 2024ж. Moody's Ratings (Moody's) халықаралық рейтинг агенттігі ...

03.07.2024


Jusan бұдан былай «Алматы Паркинг» қызметтерін банк қосымшасында төлеуге болатын...