Jusan өзінің жеке тұлғалар мен бизнеске арналған жаңалықтары мен бөлісті
Banking Evolution: Jusan өзінің жеке тұлғалар мен бизнеске арналған жаңалықтары мен бөлісті
Jusan Bank командасы өзінің жаңа әзірлемелерінің дәстүрлі ашық таныстуыруын өткізді. Іс-шара «Banking Evolution. Жеке тұлғалар мен бизнеске арналған озық шешімдерге толы Demo Day» атауымен өтті.
Өзінің кіріспе сөзінде Бөлшек және бұқаралық бизнеске арналған өнімдерді әзірлеу департаментінің басқарушы директоры Александр Уздяев атап өткендей, шара қонақтары - клиенттер мен банк серіктестері жаңа өнімдермен танысып қана қоймай, демонстрация аумағында оларды сынап көрді. Сондай-ақ әр келген адам өз тілектерімен және пікірлерімен Jusan командасымен бөлісіп, жаңалықтары талқылады.
«Бұл іс-шарадағы ең құндысы– бұл сіздердің кері байланыстарыңыз. Себебі өнімдер қандай болуы керектігін, олардың қалай жұмыс істеу керектігін сіздерден артық ешкім білмейді. Сол себепті өз пікірлеріңізбен бөлісіңіздер, командалар фидбектеріңізді міндетті түрде жұмыс барысында ескеретін болады» -деп атап өтті ол.
Іс-шараның бірінші бөлігі барысында өнімдер командаларының көшбасшылары питчинг форматында ағымдағы жылдың алғашқы 9 айындағы өз жетістіктерін баяндап, жоспарларымен бөлісті. Айтылған пікірлердің барлығының тобықтай түйінін шығаратын болсақ, әр команданың жұмысының түпкілікті мақсаты − клиенттердің міндеттерін шешу, олардың сапалы және пайдалы банктік және басқа да сервистерге мұқтаждылықтарын қанағаттандыру.
«Біз жай өнімдер әзірлеп қана қоймаймыз, біз клиенттерімізге өсуге және дамуға көмектесе отырып, олармен ұзақмерзімді қатынастар қалыптастырамыз», − деп ерекшелеп көрсетті product owner Online Credit Jusan Business Ажар Алимхан.
Қонақтар Банктің 2024 жылы нарықта алғашқы болып бизнес-клиенттерге арналған қарыздарды онлайн-қайта қаржыландыру жобасын іске қосқанын білді. Әрі қайта қаржыландыру барысында кәсіпкер қарыз бойынша әдәуір тиімді шарт алумен шектелмей, бизнесті дамыту үшін оның сомасын ұлғайта алады. Сонымен қатар, Jusan ЖШС үшін онлайн-кредит беруді іске қосқаны белгілі болды, ал бұрындары бұл өнім тек жеке кәсіпкерлерге ғана қолжетімді еді.
Командалар таныстырған жеке тұлға клиенттерге де, бизнес клиенттерге де арналған әзірлемелердің басым көпшілігі бірнеше негізгі мақсаттарға бағынады – клиент жолын жақсарту, қызметтер көрсету уақытын қысқарту және банкішілік процестерді барынша автоматтандыру.
Retail блогының өкілдері кредиттік және депозиттік өнімдер саласындағы, ақша аударымдары саласындағы жаңа шешімдер, сондай-ақ жеке тұлғаларға арналған жаңартылған мобильді қосымшаның жаңа функциялары туралы ақпарат берді. Оған қоса, іс-шара қатысушылары бірінші болып банктің ірі серіктестермен дайындалып жатқан коллоборациялар туралы білді. Осы жаңалықтармен қатар, Jusan Дүкен командасының өкілдері өздерінің жаңа мүмкіндіктерімен де бөлісті.
Күннің екінші жартысы командалардың демонстрация аумақтарында өз әзірлемелерін таныстыруына арналды. Бұл аумақтарда осындай тілек білдірген қатысушылардың барлығы өнімдерді тестілеуден өткізіп, әзірлеушілермен талқылады.
Demo Day әділқазы алқасының пікірі бойынша ағымдағы жылы айтарлықтай жетістікке қол жеткізген командаларды марапаттаумен аяқталды.
Купондық сыйақы төлемі
Яндекс.Еда-да бонустары бардебеттік карта
Толығырақ біліңіз