Jusan Singularity Алматыда IT бойынша тегін оқуға қабылдауды жариялайды

Jusan компаниялар тобының Jusan Singularity білім беру жобасы Almaty IT Сamp бағдарламасы аясында Алматы қаласының тұрғындарына арналған IT саласы  мамандықтары бойынша тегін оқуға қабылдауды жариялайды.

Almaty IT Camp оқыту жүйесі MOST Business Intelligence Almaty серіктестігінде және Алматы қаласы цифрландыру басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Курстардың жаңа ағыны студенттерге нақты IT салаларында білімдерін тереңдетуге мүмкіндік беретін қосымша мамандандырылған курстар мен бағыттарды қамтиды. Жаңа бағыттардың ішінде Cyber Security, Data Science курстарын және Android Jetpack Compose мобильді қосымшаларын жетілдірілген дамыту курстарын атап өтуге болады.  

Оқыту тәжірибелі тәлімгерлермен, берілген жазбалармен және практикалық үй тапсырмаларымен тікелей дәріс форматында өтеді, бұл студенттерге жаңа дағдыларды тез үйренуге және оларды іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді. Курс аяқталғаннан кейін студенттердің портфолиосы бірнеше практикалық жұмыстармен және өту сертификатымен толықтырылады. Оқу ұзақтығы 3 айды құрайды.
Мектеп директоры Бейбарыс Умирбаев Jusan Singularity оқу үдерісі туралы әңгімелеп берді:

«Бұл ағымда біз мамандарды Data Science, Android Development және ақпараттық қауіпсіздік сияқты сұранысқа ие бағыттар бойынша оқытуға аса назар аударамыз. Білім алушыларға аптасына 1 рет дәріс оқылады, сондай - ақ қазіргі таңда әрекет етуші Senior-жасақтамашы менторлардың жетекшілігімен қосымша өз бетінше тапсырмаларды орындайтын болады. Жақын арада біз қазақ тілінде оқытуды бастауды, сонымен қатар ұсынылатын курстарды өнім желісі бойынша кеңейтуді жоспарлап отырмыз». 

Оқыту қорытындысы бойынша Jusan Singularity түлектері мансаптық көрмеге және басқа да іс-шараларға қатыса алады. Айта кетсек, Jusan Singularity сәуір айында Java Backend, PHP Backend, Golang, Frontend, iOS, DevOps бағыттары бойынша оқытуды іске қосты.

Осы ағым бойынша өтінімдерді қабылдау қазірдің өзінде ашық. Бағдарлама туралы қосымша ақпаратпен ресми сайттан танысуға болады. 

Jusan Singularity Қазақстанда IT саласы бойынша онлайн және офлайн қарқынды курстарын ұсынады. Мектеп frontend-әзірлеу, backend-әзірлеу, DevOPs, Data Science, мобильді әзірлеу сияқты IT-мамандықтарды оқытумен айналысады.
 

Банк жаңалықтары

12.06.2024


Jusan компаниялар тобының Jusan Singularity білім беру жобасы Almaty IT Сamp бағ...

10.06.2024


Онлайн-шоппингті ұнататындар үшін керемет жаңалық — Jusan Дүкені мен Jusan Bank ...