Jusan қолдаған бірінші этнофестиваль

SAQ Fest – мәдениетіміздің бай мұрасына мән беріп, Қазақстанның ұлттық дәстүрлерін жаңғырту мен дәріптеуге арналған Алматыдағы бірінші этнофестиваль. Фестивальде сәйгүліктің халқымыздың өміріндегі маңызына баса назар аударылды. Фестиваль қонақтары атқа міну өнері – «бәйгені» тамашалап, дәстүрлі «қыз қуу» ат ойынына қатысып, қыздар мен жігіттер ептілік бойынша сайысқа түсті.

Фестивальдің бастамашысы Құндыз Бошағұлова: 
«Біз қазақ халқының салт-дәстүрін сақтау және жаңғыртуға бағытталған жарқын және есте қаларлық іс-шара ұйымдастыруға тырыстық. Мұндай іс-шаралар туризмді дамытуға және көшпенділердің бірегей мәдени мұрасы – ат спорты өнерін дәріптеуге септігін тигізеді».
Фестиваль қонақтары өздерін қазақ жауынгерлері ретінде сезініп, садақ атып, көшпелілердің қолөнерінің дәстүрі мен мәдениетін көрсететін бұйымдармен және кәдесыйлармен танысуға мүмкіндік алды. Ұлттық тағамдарға да ерекше назар аударылды. 
Jusan Bank Қазақстанның бірегей мәдениетін сақтау бойынша бастамаларды қолдай отырып, SAQ Fest-ке табысты іске асыру үшін қосымша ресурстар мен мүмкіндіктер берді.               

Гаухар Керңмова, Jusan Bank PR директоры:
«Jusan ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті сақтау және насихаттау біздің болмысымызды қалыптастырудың негізгі факторы деп біледі. Сондықтан біз қазақстандықтардың ұлттық мәдениет пен тілдің сақталуына ықпал ететін жасампаз бастамаларын қолдаймыз. SAQ Fest сияқты жобалар өткен мен болашақ арасындағы алтын көпір. Мұндай шаралар әсіресе өскелең ұрпақ үшін ұлттық бай мәдениетіміз бен қазақ тілін үйренуге шабыт сыйлайды деп ойлаймыз. Jusan үшін бұл шараға қатысу жай ғана брендті таныту емес, бұл Қазақстанның бірегей мәдениетін сақтау үшін осындай бастамалардың драйверіне айналу мүмкіндігі».

Дереккөз: Tengrinews

Банк жаңалықтары

09.04.2024


Алматы. 9 сәуір 2024ж. 9 сәуірде «First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank) «С...

08.04.2024


Jusan Business командасы дәстүрлі Demo Day іс-шарасын өткізді, оның барысында ол...