Jusan Bank және Mastercard-тан UEFA Чемпиондар Лигасының финалына саяхат ұтып алыңыз
Jusan Bank Mastercard -пен бірлесе отырып «Mastercard-пен үздік футбол» акциясын бастайды. Жеңімпаздар жазда Мюнхенде өтетін UEFA 2025 Чемпиондар лигасының финалына жолдама ала алады.
Ұтысқа қатысу үшін 2025 жылғы 25 ақпаннан 13 сәуірге дейін 200 000 теңгеге сауда жасау қажет. Бұл бір үлкен сатып алу немесе бірнеше шағын сатып алу болуы мүмкін. Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay немесе Garmin Pay электрондық әмияндардың біріне байланған Jusan Bank-тің Mastercard картасымен сатып алу ақысын төлеу міндетті шарт болып табылады.
Екі бас жүлде – әйгілі Allianz Arena стадионында UEFA 2025 Чемпиондар лигасының финалын көру мүмкіндігі, яғни бір жеңімпаз өзімен бірге бір жақынын алып бара алады.
Жеңімпаз төмендегілерге ие болады:
• Матч билеттері
• 4 жұлдызды қонақүйде тұру
• Әуежай-қонақ үй-стадион-қонақ үй-әуежай бойынша трансфер
• Естелік кәдесыйлар
әуе билеті мен виза ақысын жеңімпаз өзі төлейді.
Саяхат әлемдегі үздік футбол командаларының ойынынан ұмытылмас әсер сыйлап қана қоймай, сонымен қатар Еуропаның әдемі қалаларының бірін тамашалауға мүмкіндік береді. Jusan ұсынған Mastercard: Jusan Pay, Jusan & Shymbulak, Jusan Mastercard World Elite картасы иелерінің барлығының жеңіске жету мүмкіндігі бар.
Сондай ақ ұтыс ойынына қатысушыларға кәдесый түрінде қосымша сыйлықтар беріледі.
«Mastercard – пен үздік футбол» акциясы – бұл футбол жанкүйерлері үшін керемет оқиғаның бір бөлігі болып, сүйікті командаларын тікелей қолдауға арналған бірегей мүмкіндік!