Дауыс көмекшісі

kk
Қазақша
Русский
English
location

Тақырып бойынша жарияланымдар Басқа елдер

09 қыркүйек 22

109

Ғаламдық макроэкономикалық шолу (2022 тамыз)

Негізгі тұжырымдар

  • Әлемдік экономика тұралауға немесе рецессияға жақын. Жалпы Ішкі Өнімнің (ЖІӨ) өсу қарқыны дамыған елдерде ДЕ дамушы елдерде де төмендеп бара жатыр;
  • Дамыған және дамушы елдердің көпшілігінде инфляция қарқын алып барады. Сәйкесінше бағаларды түсіру бойынша қатаң шаралар қолданыла бастады;
  • АҚШ ФРЖ, ЕОБ және Англия Банкінің негізгі мөлшерлемені көтергені дамушы елдердің ұлттық валютасының сатып алу қабілетін төмендетуде;
  • Украинаға қатысты геосаяси шиеленіс және бір-біріне санкция жариялау әрекеттері әлемдік экономиканың ағымдағы жағдайы мен келешегін нашарлатады;
  • Дамыған және дамушы елдердің орталық банктері инфляциямен күресу үшін базалық мөлшерлемелерді көтерді. Бұл ғаламдық ЖІӨ өсу қарқынын төмендетеді;
  • Әлемде короновирустың қайта бас көтеруі, оған қарсы Қытай және басқа да елдердің қатаң шаралар қолдануы әлемде іскерлік белсенділікті баяулатады;
  • Әлемдік экономиканың негізгі орталықтарында ауа-райының шектен тыс ауытқуы ЖІӨ-нің жаппай өсуіне және азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіреді;
  • Әлемнің ең ірі экономикаларында (АҚШ пен Қытай) ЖІӨ өсу қарқыны төмендеуде. Бұл ғаламдық ЖІӨ-нің өсуін бәсеңдетеді;
  • Шикізаттық нарықтар геосаяси шиеленістер мен халықаралық санкциялардың кесірінен қатты құбылмалылық жағдайында.

Мерзімді зерттеулер


Басқа елдерМакрошолуӘлемдік экономикаРафаэль Жансултанов

01 маусым 22

111

Ресей санкциялар қыспағында

Ресей экономикасы 2014 жылдан бері әртүрлі шектеулерді бастан кешуде және осы жылдар ішінде оларға құрылымдық жағынан бейімделіп үлгерді. Алайда 2022 жылдың 24 ақпанынан кейін санкциялық қысым бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілді. Шектеулерге енді жеке компаниялар қосылды.

Yale school of management-тің берген бағасы бойынша Украинада басталған қақтығыстан кейін 799 шетелдік ірі компания Ресейден кеткен. 312 компания операцияларын, инвестициясын қысқартып, жобаларын уақытша тоқтатты және тек 244 компания ғана қызметін жалғастыруда.

Енгізілген шектеулердің ауқымы КСРО ыдырағаннан кейін орын алған құрылымдық дағдарысқа өте жақын. Біздің бағалауымыз бойынша 2022 жылы Ресейде Жалпы Ішкі Өнімнің (ЖІӨ) төмендеуі 9,5%-ды құрайды - бұл ауқымдылығы жағынан 1991 жылдан кейінгі екінші құлдырау. Ал инфляция 20%-дан асып жығылады.

Енгізілген санкциялардың ауқымы мен алуан түрлілігі Ресейде және басқа да елдерде айтарлықтай экономикалық тұрақсыздық туғызады:

  1. тауарлар мен төлемдердің трансшекаралық ағыны елеулі түрде тежеледі. Бұл жеткізілім тізбегінің бұзылып, экономикалық белсенділіктің төмендеуіне әкеп соғады және еңбек нарығы мен инфляцияға қысым түсіреді;
  2. Орталық Банк пен Үкіметтің экономикалық шоктарға дер кезінде ден қою мүмкіндігі мен алдағы уақытта экономикалық саясат жүргізу кеңістігі шектеледі;
  3. инвестициялық белсенділік пен ұзақ мерзімді экономикалық даму мүмкіндігі төмендейді.

Біз Ресей экономикасына қарсы қойылған санкциялардың салдарын, туындайтын тұрақсыздықтың басқа елдерге, бірінші кезекте Қазақстанның экономикасына таралу жолдарын барынша байқауға тырыстық.

Негізгі тұжырымдар

  • Ресей бүгінде санкцияларға жақсы дайын;
  • Сұраныстың шектелуіне байланысты рубльге түсетін қысым төмен;
  • Рубльдің бағамы фискалды (қазыналық) қажеттіліктер арқылы белгіленеді;
  • Ресейдегі дағдарыстың ауқымы экспортқа қатысты шектеулердің тереңдігімен айқындалады;
  • Бүкіл әлем қуат және азық-түлік нарықтарында бағаның күрт өсу жағдайларына тап болады;
  • Орталық Азия елдері РФ-мен арадағы жеткізілім тізбегінің бұзылуынан және аударымдардың азаюынан зардап шегеді;
  • Қазақстанның азық-түлік нарығында айтарлықтай тәуекелдер қалыптасады.

Біржолғы зерттеулер


Басқа елдерМакрошолуАлександр Дауранов