Тақырып бойынша жарияланымдар
09 қыркүйек 22
118
Ғаламдық макроэкономикалық шолу (2022 тамыз)
Негізгі тұжырымдар
- Әлемдік экономика тұралауға немесе рецессияға жақын. Жалпы Ішкі Өнімнің (ЖІӨ) өсу қарқыны дамыған елдерде ДЕ дамушы елдерде де төмендеп бара жатыр;
- Дамыған және дамушы елдердің көпшілігінде инфляция қарқын алып барады. Сәйкесінше бағаларды түсіру бойынша қатаң шаралар қолданыла бастады;
- АҚШ ФРЖ, ЕОБ және Англия Банкінің негізгі мөлшерлемені көтергені дамушы елдердің ұлттық валютасының сатып алу қабілетін төмендетуде;
- Украинаға қатысты геосаяси шиеленіс және бір-біріне санкция жариялау әрекеттері әлемдік экономиканың ағымдағы жағдайы мен келешегін нашарлатады;
- Дамыған және дамушы елдердің орталық банктері инфляциямен күресу үшін базалық мөлшерлемелерді көтерді. Бұл ғаламдық ЖІӨ өсу қарқынын төмендетеді;
- Әлемде короновирустың қайта бас көтеруі, оған қарсы Қытай және басқа да елдердің қатаң шаралар қолдануы әлемде іскерлік белсенділікті баяулатады;
- Әлемдік экономиканың негізгі орталықтарында ауа-райының шектен тыс ауытқуы ЖІӨ-нің жаппай өсуіне және азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіреді;
- Әлемнің ең ірі экономикаларында (АҚШ пен Қытай) ЖІӨ өсу қарқыны төмендеуде. Бұл ғаламдық ЖІӨ-нің өсуін бәсеңдетеді;
- Шикізаттық нарықтар геосаяси шиеленістер мен халықаралық санкциялардың кесірінен қатты құбылмалылық жағдайында.
Мерзімді зерттеулер
МакрошолуБасқа елдерӘлемдік экономикаРафаэль Жансултанов