Дауыс көмекшісі

kk
Қазақша
Русский
English
location

Тақырып бойынша жарияланымдар

20 қаңтар 23

541

Ғалами үрдістер 2050

Біздің әлем үздіксіз түрленіп, қозғалып отырады. Экономикалық циклдардың бірі келіп, бірі кетіп жатса, технологиялар да ауысып жатады. Дөңгеленген дүниеде алғашқыда таңқаларлық болып көрінген көптеген дүниелердің бүгінде үйреншікті заттарға айналған жайы бар.

Әлемде болып жатқан уақиғалар жан-жақтылығына қарамастан, олардың барлығы кең көлемді мега үрдістердің аясында орын алып жатыр. Бұл жұмыста біз көптеген ақпараттар мен зерттеулерге талдау жүргізіп, мынадай тоқтамға келдік: барлық мега үрдістердің артында экономикалық алғышарттар, технологиялардың даму деңгейі мен адамдардың қажеттіліктері жатыр.

Әлемнің қазіргі уақытта қалай дамып жатқанын зерделей келе, жақын уақытта түбегейлі өзгерістер болады деген тұжырымға келдік. COVID-19 пандемиясы және одан кейінгі геосаяси қақтығыстар ғаламдастырудың екінші дәуірін тежеу үдерісін іске қосып жіберді. Енді алда бізді жоғары турбуленттілік пен айқынсыздықтың өтпелі жылдары күтіп тұр. Міне, сол жылдары адамзат дамуының жаңа тарауы анықталады.

Біз негізгі 7 бағытты белгіледік, оларда алдағы 30 жылда елеулі өзгерістер – жаңа дәуірдің үрдістері орын алады.

  1. Энергетика. Адамзат қазба отыннан толығымен дерлік бас тартады.
  2. Ұтқырлық. Көлік кезең-кезеңмен дербес бола түседі.
  3. Ғаламсыздану және экономика. Ғаламдану жалғасады, бірақ басқа нысанда.
  4. Банк әлемі. Банктер өздерінің бизнес-модельдерін өзгертуге мәжбүр болады: экожүйелер құрады, инфрақұрылымдарды жалға береді және жалға алады.
  5. Коммуникация және виртуалдандыру. Нақты әлем мен виртуалды әлем бір-бірімен астасып кетеді. Метағалам адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналады.
  6. Биотөңкеріс. Биоинженерия медициналық проблемаларды шешуге белсенді түрде қолданылады. Жаңа технологиялар құнарлы әрі анағұрлым арзан жасанды тағамдарды жасауға мүмкіндік береді.
  7. 2.0 адам. Адамдар едәуір төзімді және ақылды бола түседі әрі қазіргіге қарағанда айтарлықтай ұзақ өмір сүреді.

Біржолғы зерттеулер


Әлемдік экономикаJusan Analytics