Дауыс көмекшісі

kk
Қазақша
Русский
English
location

Тақырып бойынша жарияланымдар

09 маусым 23

791

Қазақстанның банк секторына талдамалы шолу (2012-2022 ж.)

Банк секторы елдің әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалын, дамуын көрсететін маңызды көрсеткіш. 

Қазақстан үшін соңғы жылдар қиыншылықтарға толы болды. Бұл жерде COVID-19 пандемиясын, Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығысты, өзара санкциялар, инфляцияның үдеуі және орталық банктердің оны ауыздықтау үшін іске асырған қатаң шараларын еске алуға болады. Осы және өзге де факторлар әрине, Қазақстанның банк секторына да әсер етті. Алайда нарықтың басты даму үрдістері бұл аталған оқиғаларға дейін-ақ басталған еді. 

Соңғы 10 жылда нарық бірқатар өзгерістерге ұшырады. Бұл өзгерістер екінші деңгейдегі банктердің корпоративтік құрылымына, активтері мен міндеттемелеріне айтарлықтай әсер етті. Банкротқа ұшырау, қосып алу, сіңіріп алу оқиғалары жыл сайын дерлік орын алады. Бұл ретте нарықтың шоғырлануы одан әрі жалғасуда: ірі банктер өсіп жатыр, ал ұсақ банктер жанталасып өмір сүруге мәжбүр болуда.   

 Банк секторының соңғы жылдардағы қимыл-қозғалысына зер салсақ, құрылымдық мәселелер нарықтан тыс қалыптасатынына көз жеткіздік. Банктерді оңалту бойынша қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз болып жатқаны мүмкін осы себептен шығар.   

Айталық, экономикада нақты және белсенді корпоративтік қарыз алушылар саны азайып кетті. Шән мәнісінде макроэкономикалық мәселелер кәсіпорындардың өнімділігіне кері әсер етеді, ал мемлекеттің бизнесті қолдауы нақты жағдайдың шынайылығын бүркемелейді. 

Мұндай жағдайда банктердің шешімдер қабылдау және жобалардың қаржылық моделін талдау бойынша стандартты жүйелері дәрменсіз болып қалады. Көптеген компаниялардың, тіпті ірі салалардың да кредиттік тарихы нашар. Оған қоса жыл сайын бірқатар компаниялар жабылып, олардың орындарына басқа компаниялар ашылады. Банктер болса өздерінің тұрақты клиенттерінен айырылып қалмау үшін оларға әр түрлі жеңілдіктер береді.   

Заңды тұлғаларға ұзақ мерзімді несие беру қысқарып жатқандықтан, банктер жеке тұлғаларға бағдар түзеуге мәжбүр болуда. Соңғы 5 жылда бөлшек саудалық сегмент банк жүйесін дамытудың локомотивіне айналды десе де болғандай. Негізі тез өсу күрделі қауіп-қатерлерге әкеп соғуы мүмкін: бөлшек саудалық сегментте тәуекелдер білімсіз болып жиналып, кейін өте үлкен жылдамдықпен жүзеге асуы мүмкін. Мұның салдары ауыр болуы ықтимал.     

Бөлшек саудалық сегменттің дамуы цифрландыру мәселесін бірінші кезекке қойды. Банктер клиенттерді өзіне тарту және оларды ұстап тұру үшін цифрлық экожүйелерді құрып жатыр. Олар алғашқылардың бірі болып, бизнесті дамыту үшін өздерінің Big-Data-ларын қолдана бастады. Көптеген банктер клиенттерінің портреттерін: олардың қажеттілігі мен тұтынушылық әдет-ғұрыптарын айқындауға үйренді. Қазір нарыққа жәй стандартты өнімдермен шыға салу аздық етеді. Оның тиімділігі де төмен болады. 

Бұл жұмыста біз еліміздің банк нарығының соңғы 10 жылдағы хал-ахуалына талдау жасап, ондағы негізгі үрдістерді анықтауға әрекет жасадық. 

Біржолғы зерттеулер


БанктерСұңғат РысбекТимур Дауранов

17 наурыз 23

929

Ислам банкингі

Қысқаша тұжырымдар

Ислам банкингі – көрсетілетін қаржылық қызметтердің тез дамып келе жатқан сегменті. Бұған әлемде мұсылман халықтар санының артуы және банк әлеміне заманауи технологиялардың енуі септігін тигізуде. Діни негізге қарамастан, ислам банктері де дәстүрлі банктер секілді өздерінің пайдаларын еселендіруге тырысады.

Ислам банктерінің жұмыс істеу қағидалары көптеген замуанаи қаржы институттарына жақсы жағынан үлгі бола алады: мақсат – жанталасып, тек пайда табу ғана емес, сондай-ақ адамдар мен қоршаған ортаға залал келтірмей әділ әріптестік, іскерлік қарым-қатынас орнату.

Қазақстанда ислам банктері әжептеуір өсімге қол жеткізгенімен, шынын айту керек, олар әлі дамудың бастапқы сатысында келеді. Осыған байланысты біз бұл жұмыста жекелеген елдердің даму модельдерін қарап, елімізде ислам банкингін дамытуға септігін тигізеді-ау деген негізгі тетіктерді белгіледік.

Қазақстанда ислам банкингінің әлеуеті өте жоғары және ол әлі толық дамымаған: елде халықтың басым бөлігі ислам дінін ұстанады, ал бұл ретте ислам банктерінің өнімдері халық пен бизнестің ағымдағы қажеттіліктеріне толығымен сәйкес келеді деуге болады.

Біржолғы зерттеулер


БанктерСұңғат РысбекАнуар Куандыков