Дауыс көмекшісі

kk
Қазақша
Русский
English
location

Тақырып бойынша жарияланымдар

09 қазан 23

484

Жұмыссыз қалмау жолдары: еңбек нарығының болашағы туралы нені білу қажет

Дүниежүзілік экономикалық форумның сарапшылары (ДЭФ) бизнестің дамуы, мамандықтар мен дағдылар туралы алдағы 5 жылға жаңа болжамдар ұсынды. ДЭФ зерттеуі ірі жұмыс берушілер арасында жүргізілген сауалнамаға және олардың бизнесті, мамандықтарды және дағдыларды дамытуға қатысты болжамдарына негізделді. Сауалнамаға әлемнің барлық аймақтарын қамтитын 45 экономиканы және 27 салалық кластерді қамтитын, 11.3 миллионнан астам адам жұмыс істейтін 803 компания қатысты.

Негізгі тұжырымдар:

  • Жұмыс берушілердің болжауынша жұмыс орындарының 23%-ы құрылымдық өзгеріске ұшырайды;
  • «жасыл экономика» - жаңа жұмыс орындарының басты қайнар көзі;
  • еңбек нарығы үшін ең үлкен қауіп – экономикалық сын-қатерлер;
  • озық технологиялар бизнесті дамытудың басты қозғаушы күші болып қала бермек;
  • сауалнама жүргізілген компаниялардың шамамен 75%-ы 2027 жылға қарай жасанды интеллектіні енгізуді жоспарлауда;
  • 2027 жылға қарай бизнес-міндеттердің 43%-ға жуығын машиналар орындайтын болады;
  • ең сұранысқа ие мамандық – жасанды сана және машиналық оқыту бойынша мамандар;
  • талдамдық ой – мансап жемісті болуы үшін қажетті негізгі дағды;
  • сауалнамаға жауап берген жұмыс берушілердің 47%-ы жұмысқа адам алуда олардың дағдыларын бағалайды, ал 45%-ы диплом талап етеді;
  • алдағы бес жылда жұмыскерлерге қажетті дағдылардың 44%-ы ескіреді, 10 қызметкердің алтауы оқыту курстарынан өтулері керек болады;
  • Қазақстанда жұмыспен қамтылғандардың 5%-ы ғана өздерінің біліктіліктерін жыл сайын арттырады.

Мерзімді зерттеулер


еңбек нарығыБизнесАлександра Молчановская

24 тамыз 23

2732

Қоғамдық тамақтандыру нарығын талдау

Біздің зерттеу қоғамдық тамақтандырудың әлемдік нарығын және Қазақстанның екі ең ірі қалалары – Алматы мен Астананың қоғамдық тамақтандыру нарығын талдауға арналған. Аталмыш жұмыс мейрамханалар мен кафелер, барлар, фаст-фуд мейрамханалар секілді әртүрлі кәсіпорындарды, сондай-ақ тамақ жеткізу қызметін қамтиды.       

Қоғамдық тамақтандырудың әлемдік нарығы тамақ жеткізу саласын дамыту, тамақ индустриясы саласында технологияларды дамыту және инновациялық тәсілдерді белсенді түрде енгізу қызметтеріне сүйене отырып, өз дамуын жалғастыруда.

Қазақстанның қоғамдық тамақтандыру нарығы қарқынды өсу сатысында енген. Бұл ретте ең танымал сегмент - толық қызмет көрсететін мейрамханалар. Отандық нарықты талдау біздің базамыздағы өзекті деректер негізінде жүргізілді. Ол клиенттердің шығындаған сомасы, жасаған транзакцияларының саны мен жиілігі туралы ақпараттарды қамтиды.    

Зерттеу нәтижесінде біз жоғары бәсекелестік салдарынан аталмыш бизнестің өміршеңдік деңгейінің төмен екендігін анықтадық – Қазақстанның ең ірі екі қаласында мейрамханалардың үштен бірі нарықта бір жыл ішінде жабылып қалады.

Қоғамдық тамақтандыру орындарының орташа чегі жыл барысында маусымдылық, мерекелер, экономикалық ахуалдар және т.б. секілді көптеген факторларға байланысты құбылып отырады. Орташа чек және қоғамдық тамақтандыру орындарына келу сондай-ақ келушілердің жасына да байланысты. 35 жастан асқандар мейрамханаларға сирек келетіндіктеріне қарамастан, әл келгенде ақшаны молынан жұмсайды. Ал 35 жасқа дейінгілер мейрамханаларға жиі барады, бірақ олардың орташа чегінің сомасы айтарлықтай төмен.        

Зерттеу нәтижелері аталмыш саланың стратегиясын әзірлеуге және жұмыс істеп жатқан немесе жаңа бизнес бойынша шешім қабылдауға пайдалы болуы мүмкін.

Біржолғы зерттеулер


БизнесНаргиза Макенова

12 мамыр 23

889

Beauty индустриясы: сұлулық салондары

Біз бұл жұмысымызда сұлулық салондарының әлемдік және қазақстандық нарықтарының жай-күйін, көлемін, бьюти-индустрияның сипаты мен үрдістерін талдадық.

Сұлулық салондарының әлемдік нарығы қарқынды түрде өсіп жатыр және алдағы жылдары өсуін одан әрі жалғастырады. Әртүрлі елдерде бьюти-қызметтерге деген сұраныстың артуы адамдардың өмір сүру деңгейінің артқандығына ғана емес, олардың тұтынушылық талғамдарының өзгеруіне де байланысты болып отыр. Біздің зерттеу жұмысымыздың нәтижесінде белгілі болғанындай, бүкіл әлемде сұлулық салондары бойынша ең танымал қызметтер – шашты күту, одан кейін тырнақ және теріні күту екен.

Осы ретте әр елде сұлулық индустриясының көрсететін қызметтеріне жұмсалатын шығындардың көлемі әрқалай. Бұл мәдени және экономикалық факторларға байланысты екені белгілі. Сонымен қатар біз желілік сұлулық салондарының Қазақстанда ғана емес, Еуропа және АҚШ елдерінде де кеңінен тарағанын байқадық. Неге бұлай екендігіне жауап берер болсақ, аталмыш сала әлі онша дамымаған және тұтынушылық талғам әрқалай.

Қазақстанның сұлулық салондары нарығы да серпінді дамып келеді. Ал ең танымал қызмет – шаш күтімі. Отандық нарыққа базамыздағы өзекті деректерді талдай отырып, зерттеу жүргіздік. Базадағы өзекті деректер клиенттеріміздің жасаған      транзакцияларының сомасын, санын және жиілігін көрсетеді.  

Зерттеу нәтижесінде біз отандық нарықта сұлулық салондары арасында бәсекелестік жоғары екендігіне көз жеткіздік. Бұған сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігі себеп болуда. Яғни сұраныс жеткіліксіз. Еліміздің тек бірнеше облысында ғана сұлулық салондары мен шаштараздары жеткіліксіз. Мүмкін содан болар, Астана мен Алматыда салондардың орташа жасы көп емес. Сондай-ақ Қазақстанда ерлер мен әйелдердің шаш қырқу қызметінің бағасы шамамен бірдей.

Зерттеу нәтижелері аталмыш саланы дамыту стратегиясын әзірлеуге және жаңа немесе қолданыстағы бизнес бойынша шешімдер қабылдауға пайдалы болуы мүмкін.

Біржолғы зерттеулер


БизнесНаргиза Макенова