Тақырып бойынша жарияланымдар
01 тамыз 23
Қазақстандағы туризм
Кең байтақ Қазақстанның табиғаты алуан түрлі. Туристік тұрғыда мұның барлығы олардың тартымдылығын арттыра түсері анық. Алайда тек қана әсем табиғаттың болуы шетелдік туристер тарапынан сұраныстың артуына ешқандай кепілдік бере алмайды.
World Economic Forum әзірлейтін Travel & Tourism Development Index 2021 рейтингіне сәйкес Қазақстан 117 елдің ішінде 66 орында келеді. Осы рейтингті жасаушылардың айтуынша Қазақстанның туристік тұрғыда ең осал жері – әуе көлігінің инфрақұрылымы және мәдени ойын-сауық инфрақұрылымының әлсіздігі.
Қазақстанның туризміне Ұлттық статистика бюросының ресми деректері мен клиенттеріміздің шығындары бойынша Jusan big data-тің деректері негізінде талдау жасалды. Бұл ретте біздің іріктемеге алатын табыстары әрқалай, 20 жастан 70 жас аралығындағы азаматтардың жас топтары енді.
Айталық, біздің талдау бойынша негізгі саяхатшылар – 26-30 және 31-35 жас жас аралығындағы жас азаматтар. Осы жас топтарындағы қазақстандықтардың 90%-дан астамы жылында кемінде 1 рет 2 және одан да көп күнге ел аумағын аралуға немесе шетелге шыққан. Ішкі туризм мен шетелге шығу туризмінің арақатынасы сәйкесінше 60% және 40%-ды құрайды.
Отандық туристердің ең көп санды сегменті жалақысы 200 мың теңгеге дейін жалақы алатын адамдардан тұрады. Яғни Қазақстанда туристік ағынның 60%-ы – айына 200 мың теңгеге дейін табыс алатындар. Айына 1 млн теңгеден асырып алатындар да саяхатқа жиі шығады. Бұл топта саяхат жасауға құмар адамдардың үлесі 80%-ды құрайды деуге болады. Айына 400 мың теңгеге дейін алатын туристер 70% жағдайда Қазақстан бойынша саяхатты таңдайды. Айына 500 мың теңге және одан жоғары жалақы алатын 26-40 жастық топтары арасында шығу туризмі өте танымал.
Шетелге шығу туризмі барысында жастық топтардың көпшілігінің орташа чегі тәулігіне 100 мың теңгеден асатын болса, ішкі туризмде бұл тәулігіне 10-15 мың теңгені құрайды. Шетелге жасалатын сапарлардың орташа ұзақтығы - 7-9 күн. Ел ішінде саяхат жасаудың ең танымал ұзақтығы 2 күнді құрайды (демалыс күнгі тур).
Ішкі туризмде сапар шегудегі басты мақсат – туған-туыстар және достармен кездесу. Ішкі туристер үшін танымал бағыттар – Алматы қ., Алматы және Ақмола облыстары және Астана қ. Ішкі туристер саяхат жасауға негізінен теміржол көлігі мен өздерінің жеке автокөліктерін пайдаланады. Көліктердің бұл түріне туристік ағынның 60%-дан астамы сәйкес келеді.
Барлық жас санаттары бойынша орташа тәуліктің чек Алматыда 18 мың теңге, ал Астанада 12 мың теңгені құрады. Орташа чекте ең үлкен үлес қонақ үйлерге тиесілі - 42%. Қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыруға және дүкендерге шығындардың 16%-ы жұмсалады. Ішкі туристердің айтарлықтай бөлігі Алматы мен Астанаға белсенді түрде өз көліктермен барады. Бұған жанармай қүю стансаларына кететін шығындардың жоғары үлесі (10%) дәлел бола алады.
Қазақстандық туристердлің басым бөлігі жақын көрші елдерге – Ресейге, Қырғызстанға және Өзбекстанға барады. Әр жылдары бүкіл шетелге шығу туристік ағынының 70%-90% пайызы осы елдерге тура келетін. Алыс шет мемлекеттер бойынша қазақстандық туристер арасында ең танымал «курорттық елдер»: Түркия, БАӘ және Мысыр.
«Курорттық елдерде» қазақстандық туристер ең көп шығынды «Қонақ үйлер» санатында жүзеге асырады – ол орташа тәуліктік чектің 65%-ын құрайды. Шығындардың 18%-ы дүкендерге тура келеді. Бір қызығы, такси мен жанармай құю стансаларына жұмысалатын шығындардың көлемі бірдей – орташа тәуліктік чектің 4%-ына тең.
Қазақстандық туристердің Мысырдағы орташа шығындары барлық санаттар бойынша Түркия мен БАӘ-дегі шығындардан айтарлықтай арзан. Түркияда қазақстандық туристер таксиге қарағанда жанармай құюға көп ақша жұмсайды. Сәйкесінше Түркияда автокөлікті жалға алу, ал БАӘ-де такси қызметін пайдалану анағұрлым танымал. Бір қызығы, Түркияда жанармай құюға қатысты ең жоғары шығындар айына 300-700 мың теңге алатын орташа табысты туристерге тиесілі.
Айына 1 млн теңгеден астам табыс алатын туристер такси қызметін де, автомобильді жалға алу қызметін де белсенді пайдаланады. Қалған туристердің бұл тұрғыда белсенділігі төмен.
Қазақстанға келетін туристердің 85%-дан астамы үш ел – Ресейдің, Өзбекстанның және Қырғызстанның азаматтары. Сол келушілердің шамамен 80%-ы жеке мақсатпен келеді. Мұны іскерлік туризм деп атауға болады. Елімізге келетін шетелдік туристердің шамамен 1%-ының елімізге келудегі мақсаты – туризм.
Біржолғы зерттеулер
ТуризмТимур Дауранов