Бөлшек салық арнаулы салық режимінде ЖК төлейтін салықтар

Жеке кәсіпкерлер өздері үшін және қызметкерлері үшін төлейтін аударымдар мен жарналар

Дана Ермұхан

Дана Ермұхан

автор

Ирина Дубчак

Ирина Дубчак

редактор

Юлия Тё

Юлия Тё

салық кеңесшісі, аудитор, бухгалтер

Бөлшек салық арнаулы салық режимінде ЖК төлейтін салықтар

Бөлшек салық арнаулы салық режиміндегі (АСР) ЖК әр тоқсан сайын жеке табыс салығын және ай сайын өзі үшін және қызметкерлер үшін әлеуметтік төлемдер төлейді. Есепті салық төлеушінің кабинеті арқылы онлайн тапсырады.

Негізгі салықтар

Жеке табыс салығы (ЖТС) — бұл бөлшек салық АСР-індегі ЖК төлейтін негізгі салық. Ол соңғы сатып алушыға байланысты:

  • 4% — егер өнім немесе қызмет сатып алушы жеке тұлға, сондай-ақ шегерім қолданбайтын ЖК мен ЖШС болса;
  • 8% — егер сатып алушы шегерім қолданатын және электронды шот-фактура қажет ететін жалпыға бірдей белгіленген режимдегі ЖК немесе ЖШС болса.

Жергілікті әкімдік жеке тұлғалармен жұмыс істейтіндерге салық пайызын 50 пайызға дейін (яғни, 4 пайыздан 2 пайызға дейін) төмендетуі мүмкін. Мысалы, Жаңаөзен, Қарағанды, Қызылорда, Курчатов, Тараз, Теміртау, Екібастұз, Өскемен қалаларында бұл көрсеткіш 2 пайызға, ал Ақтөбе мен Астанада 3 пайызға дейін төмендетілген. Заңды тұлғалармен жұмыс істейтіндерге мөлшерлемені төмендетуге болмайды.

Салық компания айналымынан қызметкерлердің жалақыларын санамай есептеліп, әр тоқсан сайын төленеді.

Салық пайызының есебі екі бөлек тапсырылуға тиіс, сатып алушы жеке тұлғалардан (4%) келген табыс бөлек, ал заңды тұлғалардан келгені (8%) басқа бөлек есептелуге тиіс.

Салық есебі: тоқсан сайын екі декларация тапсырылады — 913.00 СЕН бойынша бөлшек салық декларациясы және 200.00 СЕН бойынша ЖТС және әлеуметтік салық декларациясы. Оларды есепті тоқсанынан кейінгі тоқсанның екінші айының 15 жұлдызына дейін тапсыру керек. Мысалы, 2024 жылғы бірінші тоқсан үшін — 2024 жылғы 15 мамырға дейін төлеу керек. Осылайша, есеп мамыр, тамыз, қараша және ақпан айларында тапсырылады.

Салық төлеу мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі тоқсанның екінші айының 25 жұлдызына дейін, яғни декларация тапсырғаннан кейін — мамырда, тамызда, қарашада және ақпанда төленеді. Мысалы, 2024 жылғы бірінші тоқсан үшін 2024 жылғы 25 мамырына дейін тапсыру керек.

Кәсіпкер өзі үшін төлейтін ай сайынғы төлемдер

ЖК иесі өзі үшін салықтар мен әлеуметтік төлемдерді міндетті түрде төлеп отыруға тиіс. Әр кәсіпкер өз жалақысын өз еркімен тағайындайды, бірақ оның мөлшері 1 жалақының ең төменгі мөлшерінен (ЖТМ) кем болмауға тиіс, 2024 жылы ЖТМ мөлшері 85 000 теңгені құрайды.

Кәсіпкердің 85 000 теңге мөлшеріндегі табысынан төленетін төлемдерді есептеу үлгісі:

  • МЗЖ — міндетті зейнетақы жарналары: еңбекақы × 10%
    85 000 × 10% = 8 500 теңге
  • ЖМЗЖ — жұмыс беруші төлейтін міндетті зейнетақы жарналары: еңбекақы × 1,5%
    85 000 × 1,5% = 1 275 теңге
  • ӘА — әлеуметтік аударымдар: еңбекақы × 3,5%
    85 000 × 3,5% = 2 975 теңге
  • МӘМСЖ — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары: 1,4 ЖТМ × 5%
    1,4 × 85 000 × 5% = 5 950 теңге

Егер кәсіпкер зейнеткер болса немесе 1975 жылдан бұрын туған болса, онда ол өзі үшін ЖМЗЖ төлемейді.

Өзі үшін ЖК 18 700 теңге төлейді.

Айналым болмаған айлар үшін МЗЖ, ЖМЗЖ және ӘА төлеумеге де болады, бірақ МӘМСЖ ай сайын төленіп отыруға тиіс.

Бөлшек салық АСР-дегі ЖК қызметкерлердің жалақысынан төленетін 21,5% мөлшерлемелі бірыңғай төлем төлей де алады (мөлшерме жыл сайын өзгеріп тұрады).

Бірыңғай төлем = еңбекақы × 21,5%
85 000 × 21,5% = 18 275 теңге

Қызметкерлер үшін төленетін ай сайынғы төлемдер

Қызметкерлер үшін ай сайын төленетін төлемдер:

  • МЗЖ — міндетті зейнетақы жарналары: еңбекақы × 10%,
  • ЖМЗЖ — жұмыс беруші төлейтін міндетті зейнетақы жарналары: еңбекақы × 1,5%,
  • ӘА — әлеуметтік аударымдар: (еңбекақы − МЗЖ) × 3,5%,
  • МӘМС — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру: еңбекақы × 3%,
  • МӘМСЖ — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары: еңбекақы × 2%,
  • Қызметкер еңбекақысынан төленетін ЖТС: (еңбекақы − МЗЖ − 14 АЕК − МӘМСЖ) × 10%.

Бірыңғай төлем төлеген кезде = еңбекақы × 21,5%

Еңбекақыдан төленетін салықтар мен аударымдарды есептеу

Төменде қызметкердің 200 000 теңге мөлшеріндегі еңбекақысынан әлеуметтік төлемдерді есептеу үлгісі берілген.

Қызметкер есебінен

МЗЖ — еңбекақы × 10%
200 000 × 10% = 20 000 теңге

қызметкер үшін төленетін МӘМСЖ — еңбекақы × 2%
200 000 × 2% = 4 000 теңге

қызметкер еңбекақысынан төленетін ЖТС — (еңбекақы − МЗЖ − 14 АЕК − МӘМСЖ) × 10%
(200 000 − 20 000 − 14 × 3 692 − 4 000) × 10% = 12 431,2 теңге

Жұмыс беруші есебінен

ЖМЗЖ — еңбекақы × 1,5%
200 000 × 1,5% = 3 000 теңге

МӘМС — еңбекақы × 3%
200 000 × 3% = 6 000 теңге

ӘА — (еңбекақы - МЗЖ) × 3,5%
(200 000 - 20 000) × 3,5% = 6 300 теңге

Қызметкер еңбекақысының нақты мөлшері 200 000 теңге болса, қолына ол 163 568,8 теңге алатын болады. Ал жұмыс беруші үстнен тағы 15 300 теңге төлейтін болады.

При оплате единого платежа сумма составит: единый платеж = зарплата × 21,5%
200 000 × 21,5% = 43 000 тенге

Салық төлеу мерзімі: ай сайын, келесі айдың 25 жұлдызына дейін.

Басқа салықтар

Егер ЖК меншігінде коммерциялы мүлік, жер немесе көлік болса, онда олар үшін де тиісті салық төлеу қажет.

Мүлік салығы

Салық мөлшерлемесі: 0,5%

Формуласы: салық базасы × мөлшерлеме

Декларациясы: 700.00 и 701.01 СЕН — жалпыға бірдей белгіленген режимдегі ЖК үшін, 700.00 СЕН — оңайлатылған немесе басқа арнаулы салық режиміндегі ЖК үшін

Төлемдерді есептеу мерзімі: ағымдағы жылғы 15 ақпанға дейін, яғни осы салық кезеңінде есептеп, 701.01 СЕН тапсыру керек

Есеп беру мерзімі: келесі жылғы 31 наурызға дейін, яғни салық кезеңі аяқталғанда 700.00 СЕН тапсыру керек

Салық төлеу мерзімі: тоқсан сайын, 25 ақпан, 25 мамыр, 25 тамыз және 25 қараша күндеріне дейін.

Жер салығы

Салық мөлшерлемесі: елдімекенге байланысты болады

Формуласы: салық базасы × түзетулерді қоса алғандағы салық мөлшерлемесі

Декларациялары: 700.00 және 701.01 СЕН

Төлемдерді есептеу мерзімі: ағымдағы жылғы 15 ақпанға дейін, яғни осы салық кезеңінде есептеп, 701.01 СЕН тапсыру керек

Есеп беру мерзімі: келесі жылғы 31 наурызға дейін, яғни салық кезеңі аяқталғанда 700.00 СЕН тапсыру керек

Салық төлеу мерзімі: тоқсан сайын, 25 ақпан, 25 мамыр, 25 тамыз және 25 қараша күндеріне дейін.

Қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін төленетін салық

Салық мөлшерлемесі: елдімекенге байланысты болады

Есеп беру мерзімі: 870.00 СЕН тоқсан сайын — 15 мамыр, 15 тамыз, 15 қараша және 15 ақпан айларына дейін

Салық төлеу мерзімі: тоқсан сайын — 25 ақпан, 25 мамыр, 25 тамыз және 25 қараша айларына дейін