Қазақстанда оңайлатылған ЖК төлейтін салықтар

Жеке кәсіпкерлер өздері үшін және қызметкерлері үшін төлейтін аударымдар мен жарналар

Ақбота Хасенова

Ақбота Хасенова

автор

Ирина Дубчак

Ирина Дубчак

редактор

Юлия Тё

Юлия Тё

салық кеңесшісі, аудитор, бухгалтер

Қазақстанда оңайлатылған ЖК төлейтін салықтар

Оңайлатылған ЖК жарты жылда бір рет жеке табыс салығын және ай сайын қызметкерлері үшін әлеуметтік төлемдерді төлеп отыруға тиіс. Есепті салық төлеушінің кабинеті арқылы онлайн тапсырады.

Негізгі салықтар

Оңайлатылған ЖК төлейтін табыс салығы табыс мөлшерінің 3% құрайды, оның 1,5% — табыс салығы, 1,5% — әлеуметтік салық.

Есеп беру мерзімі: 910.00 СЕН — шағын бизнеске арналған оңайлатылған декларация. Оған айналым, салықтар, еңбекақылар мен өзі үшін және қызметкерлері үшін төленетін аударымдар кіреді. ЖТС жарты жылдық айналым үшін төленеді. Бұл есеп әр жарты жыл сайын берілуге тиіс, бірақ ол ЖК-ны ашқан уақыттан жарты жыл өткенде емес, арнайы белгіленген мезгілдерде тапсырылады:

  • I жарты жылдық үшін — 1 шілдеден 15 тамызға дейін,
  • II жарты жылдық үшін — 1 қаңтардан 15 ақпанға дейін.

Егер сіз ЖК-ны желтоқсанда ашсаңыз, келер қаңтар айында екінші жарты жыл үшін есеп беруге міндетті боласыз.

Қашан төлеу керек: әр жарты жыл сайын — I жарты жыл үшін үшін 25 тамызға дейін, II жарты жыл үшін — келесі жылғы 25 ақпанға дейін.

Jusan Business өз клиенттеріне салықтарды есептейтін және 910.00 нысанын тікелей қосымшада дайындауға, кадр есебін жүргізуге көмектесіп, салық төлеу мерзімдері туралы еске салып отыратын тегін қызмет ұсынады.

Тегін онлайн-бухгалтерия

Jusan Business мобильді қосымшасында 910 СЕН-ді толтырып, айлық салық мөлшерін есептеңіз

Қосу
Тегін онлайн-бухгалтерия

Кәсіпкер өзі үшін төлейтін ай сайынғы төлемдер

ЖК иесі өзі үшін салықтар мен әлеуметтік төлемдерді міндетті түрде төлеп отыруға тиіс. Әр кәсіпкер өз жалақысын өз еркімен тағайындайды, бірақ оның мөлшері 1 жалақының ең төменгі мөлшерінен (ЖТМ) кем болмауға тиіс, 2024 жылы ЖТМ мөлшері 85 000 теңгені құрайды.

Кәсіпкердің 85 000 теңге мөлшеріндегі табысынан төленетін төлемдерді есептеу үлгісі:

  • МЗЖ — міндетті зейнетақы жарналары: еңбекақы × 10%
    85 000 × 10% = 8 500 теңге
  • ЖМЗЖ — жұмыс беруші төлейтін міндетті зейнетақы жарналары: еңбекақы × 1,5%
    85 000 × 1,5% = 1 275 теңге
  • ӘА — әлеуметтік аударымдар: еңбекақы × 3,5%
    85 000 × 3,5% = 2 975 теңге
  • МӘМСЖ — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары: 1,4 ЖТМ × 5%
    1,4 × 85 000 × 5% = 5 950 теңге

Өзі үшін ЖК 18 700 теңге төлейді.

Қызметкерлер үшін төленетін ай сайынғы төлемдер

Қызметкерлер үшін төленетін төлемдер:

  • МЗЖ — міндетті зейнетақы жарналары: еңбекақы × 10%,
  • ЖМЗЖ — жұмыс беруші төлейтін міндетті зейнетақы жарналары: еңбекақы × 1,5%,
  • ӘА — әлеуметтік аударымдар: (еңбекақы − МЗЖ) × 3,5%,
  • МӘМС — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру: еңбекақы × 3%,
  • МӘМСЖ — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары: еңбекақы × 2%,
  • Қызметкер еңбекақысынан төленетін ЖТС: (еңбекақы − МЗЖ − 14 АЕК − МӘМСЖ) × 10%.

Еңбекақыдан төленетін салықтар мен аударымдарды есептеу

Төменде қызметкердің 200 000 теңге мөлшеріндегі еңбекақысынан әлеуметтік төлемдерді есептеу үлгісі берілген.

Қызметкер есебінен

МЗЖ — еңбекақы × 10%
200 000 × 10% = 20 000 теңге

қызметкер үшін төленетін МӘМСЖ — еңбекақы × 2%
200 000 × 2% = 4 000 теңге

қызметкер еңбекақысынан төленетін ЖТС — (еңбекақы − МЗЖ − 14 АЕК − МӘМСЖ) × 10%
(200 000 − 20 000 − 14 × 3 692 − 4 000) × 10% = 12 431,2 теңге

Жұмыс беруші есебінен

ЖМЗЖ — еңбекақы × 1,5%
200 000 × 1,5% = 3 000 теңге

МӘМС — еңбекақы × 3%
200 000 × 3% = 6 000 теңге

ӘА — (еңбекақы - МЗЖ) × 3,5%
(200 000 - 20 000) × 3,5% = 6 300 теңге

Қызметкер еңбекақысының нақты мөлшері 200 000 теңге болса, қолына ол 163 568,8 теңге алатын болады. Ал жұмыс беруші үстнен тағы 15 300 теңге төлейтін болады.

Салық төлеу мерзімі: ай сайын, келесі айдың 25 жұлдызына дейін.

Нөлді есеп

Егер ЖК-те жарты жыл бойы айналым жүрмесе, жарты жылдық «бос өрісті» есеп тапсыру керек, яғни, «нөлдік» есеп тапсыру керек болады. Бұл жағдайда сіз ай сайын тек МӘМС төлеуге міндетті боласыз.

Қосылған құн салығы

Егер кәсіпкерліктің жылдық айналымы 20 000 АЕК (2024 жылы 73 840 000 теңге) шамасынан асып кетсе, онда ҚҚС есебіне тұрып, 12% қосымша салық төлеу керек болады.

Аталған шамадан асып кеткен жағдайда ҚҚС есебіне тұру әр кәсіпкердің жеке жауапкершілігі болып саналады. Салық органы ол туралы хабарламай-ақ, айыппұл салатын болады. Сондықтан, айналымның мөлшерін кәсіпкер өз бетімен қадағалауы керек.

Егер кәсіпкер ҚҚС төлеуден қашатын болса, салық комитеті оған шамадан асып кеткен соманың 15% мөлшерінде айыппұл салады. Бірақ, айыппұл мен ҚҚС екеуі төленгеннен кейін де ҚҚС есебінен бірден шығу мүмкін емес, себебі ол үшін ЖК айналымы бір жыл бойы жоғарыда аталған шамадан аспауы керек. Ондай жағдайға ұшырамау үшін есепке уақытында, яғни, айналым шамадан асқан кезден бастап 10 күн ішінде тұру керек.

Салық мөлшерлемесі: 12%

Есеп беру мерзімі: тоқсан сайын 300.00 СЕН, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15 жұлдызына дейін. Мысалы, 2023 жылғы үшінші тоқсан үшін (шілдеден қыркүйекке дейін) — 2023 жылғы 15 қарашаға дейін тапсыру керек.

Салық төлеу мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25 жұлдызына дейін. Мысалы, 2023 жылғы үшінші тоқсан үшін (шілдеден қыркүйекке дейін) — 2023 жылғы 25 қарашаға дейін тапсыру керек.

Импортталған тауарларға салынатын ҚҚС

Егер сіз тауарларыңызды Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения елдерінен тасымалдасаңыз, ол үшін жанама салық төлеуге міндетті боласыз. Қарапайым сөзбен айтқанда, бұл 12% мөлшеріндегі ҚҚС-тің өзі.

Оның не қажеті бар: мысалы, Ресейде ҚҚС мөлшері 20%, бірақ ЕАЭО шарты бойынша ресейлік компаниялар өздерінің ҚҚС салынатын тауарларын Қазақстанға нөлді мөлшерлемелі ҚҚС-пен жөнелтуге тиіс.

Тауарды елімізге жеткізгеннен кейін, сіз ҚҚС-ты қазақстандық мөлшерлеме бойынша төлеп, 328.00 нысан бойынша есеп тапсыруыңыз қажет. Ол айыппұлға ұшырамау үшін, сондай-ақ, тауар сатқан ел есеп сұрап қалатын жағдайларда қажет болады.

Мөлшерлемесі: 12%

Өтініш беру және салық төлеу мерзімі: 328.00 СЕН — ай сайын, тауар импорттаған айдан кейінгі айдың 20 жұлдызына дейін. Егер тауарлар 2023 жылғы қараша айында импортталған болса, онда 328.00 СЕН 2023 жылғы 20 желтоқсанға дейін тапсыру қажет.

Басқа салықтар

Егер ЖК меншігінде коммерциялы мүлік, жер немесе көлік болса, онда олар үшін де тиісті салық төлеу қажет.

Мүлік салығы

Салық мөлшерлемесі: 0,5%

Формуласы: салық базасы × мөлшерлеме

Декларациясы: 700.00

Есеп беру мерзімі: келесі жылғы 31 наурызға дейін, яғни салық кезеңі аяқталғанда 700.00 СЕН тапсыру керек

Салық төлеу мерзімі: тоқсан сайын, 25 ақпан, 25 мамыр, 25 тамыз және 25 қараша күндеріне дейін.

Жер салығы

Салық мөлшерлемесі: елдімекенге байланысты болады

Формуласы: салық базасы × түзетулерді қоса алғандағы салық мөлшерлемесі

Декларациялары: 700.00 және 701.01 СЕН

Төлемдерді есептеу мерзімі: ағымдағы жылғы 15 ақпанға дейін, яғни осы салық кезеңінде есептеп, 701.01 СЕН тапсыру керек

Есеп беру мерзімі: келесі жылғы 31 наурызға дейін, яғни салық кезеңі аяқталғанда 700.00 СЕН тапсыру керек

Салық төлеу мерзімі: тоқсан сайын, 25 ақпан, 25 мамыр, 25 тамыз және 25 қараша күндеріне дейін.

Қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін төленетін салық

Салық мөлшерлемесі: елдімекенге байланысты болады

Есеп беру мерзімі: 870.00 СЕН тоқсан сайын — 15 мамыр, 15 тамыз, 15 қараша және 15 ақпан айларына дейін

Салық төлеу мерзімі: тоқсан сайын — 25 ақпан, 25 мамыр, 25 тамыз және 25 қараша айларына дейін