Кәсіпкерлер жер салығын қалай төлейді

ЖШС пен ЖК төлейтін жер салығының мерзімдері, тәртібі және мөлшерлері

Дана Ермұхан

Дана Ермұхан

автор

Ирина Дубчак

Ирина Дубчак

редактор

Кәсіпкерлер жер салығын қалай төлейді

Жер салығын жерді пайдаланушылардың барлығы — заңды тұлғалар да, жеке кәсіпкерлер де төлейді. Сондай-ақ, жер жеке меншікте, тұрақты немесе уақытша өтеусіз пайдалануда болуы мүмкін.

Жер салығын төлеуден босатылатын кәсіпкерлер

Шаруа немесе фермер қожалықтарының арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер жер салығын төлеуден босатылады. Олар бірыңғай жер салығын (БЖС) жылына бір рет екі бөліп төлейді.

Сонымен қатар, жер учаскелерінің кейбір түрлеріне салық салынбайды.

Жер салығын есептеу

Жер салығының сомасы жерді нақты пайдаланған кезең үшін есептеледі. Есеп ай басынан жүргізіледі: 2023 жылдың 15 мамырында жер сатып алған кәсіпкер 1 мамырдан бастап жер салығын төлейді.

Салық төлеушілер сомасын өздері есептейді. Есептеу үшін келесі формула қолданылады:

Салық базасы × Түзетулерді қоса алғандағы салық мөлшерлемесі = Жер салығы

Салық базасы — бұл шаршы метрмен саналатын жер ауданы.

Салық мөлшерлемесі елді мекенге байланысты болады. Мөлшерлемелерді жергілікті өкілді органдар түзетеді, олар мөлшерлемені төмендетуі немесе арттыруы мүмкін. Салық мөлшерлемесін салық органында кадастрлық нөмір бойынша білуге болады.

Салық төлеушінің кабинетінде салық мөлшерлемесін және жер көлемін енгізсеңіз, салық автоматты түрде есептеледі.

Егер жерді бірнеше адам пайдаланса, онда әрқайсысы жердің өз үлесін төлейді.

Жер салығын төлеу мерзімдері

Жер салығы жыл сайын төленетін ақы. Компаниялар салықтың жалпы сомасын төрт бірдей төлемге бөледі де:

  • 25 ақпан,
  • 25 мамыр,
  • 25 тамыз,
  • 25 қараша

мерзімнен кешіктірілмей төлейді.

Ал арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер жер салығын төлемейді, өйткені олар БЖС-ты төлеп, 920.00 нысаны бойынша декларация жібереді.

Салық сомасын есептегеннен кейін 15 ақпанға дейін 701.01 салық нысаны және 31 наурызға дейін 700.00 нысаны жіберіледі. Бұл екі нысандар бір-бірімен сәйкес келу керек, бірақ 700.00 СЕН-нің ерекшелігі — ол жылдық қорытынды мәліметтерді қамтиды, ал 701.01 СЕН тоқсан сайын жіберіледі.

Салық төлеу тәсілдері

Жер салығын онлайн төлеуге болады. Бұл үшін бірнеше сервистер бар:

  • Салық төлеушінің кабинеті;
  • банктердің мобильді қосымшалары;
  • e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы;
  • egov.kz порталы.

БСК салығы — бұл 104302 «Елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы». Барлық төлемдер тек осыған түсуі керек.

Жер салығын төлемеген жағдайда салынатын айыппұл

Егер кәсіп иесі жер салығын уақытында төлемесе, онда оған барлық сомаға өсімпұл салынады. Әрбір кешіктірілген күн үшін 1,25 еселенген мөлшерлеме қосылады. Өсімпұлды Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында есептей аласыз.

Салық органдары төленбеген салықты мәжбүрлеп төлеткізу үшін сот ісін де қозғай алады. Ал сот барысында активтерге немесе мүлікке тыйым салынуы мүмкін.