Бизнес туралы мақалалар

Қазақстанда шаруа немесе фермер қожалығын ашу

Шаруа немесе фермер қожалығын қалай ашуға болады, оның салықтары қалай төленеді және оған қандай жеңілдік алуға болатыны туралы әңгімелейміз

Қазақстанда шаруа немесе фермер қожалығын ашу

Мақаланың мазмұны

Шаруа немесе фермер қожалығы (ШФҚ) — бұл жер учаскесін пайдаланатын жеке кәсіпкерлік. Шаруа немесе фермер болған кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен, оларды қайта өңдеумен және сатумен айналыса алады. Қожалық жер учаскесіне құқық алған кезден бастап құрылады, ал кейбір жағдайларда жеке кәсіпкерлікті тіркегеннен кейін де құрылған болып саналады.

ШФҚ туралы түсінік

ШФҚ-ны Қазақстанның кез келген кәмелетке толған азаматы немесе қандас аша алады, ал оның құрамына бірлесіп шаруа жүргізетін отбасы, жақын туған-туысқан кіре алады. Сонымен қатар, шаруа немесе фермер қожалығына жұмыскер де жалдауға болады.

ШФҚ мүлкі

ШФҚ меншігіне сатып алынған немесе тапсырылған мүлік, ауыл шаруашылығы өнімі, табылған табыс, сондай-ақ:

  • жер учаскесі;
  • учаскедегі өсімдіктер мен жабайы аңдар;
  • генофонд: өсімдіктердің сұрыптары мен тұқымдары;
  • шаруашылық қора-жайлар;
  • мелиорациялық ғимараттар;
  • малдар мен құстар;
  • ауылшаруашылық техника және жабдық;
  • көлік;
  • құрал-сайман жатады.

ШФҚ түрлері

ШФҚ түрлері адам санына байланысты болады:

  • шаруа қожалығы — отбасы мүшелері басқаруындағы жеке кәсіпкерлік;
  • фермер қожалығы — бір адам басқаратын жеке кәсіпкерлік;
  • қарапайым серіктестік түріндегі фермер қожалығы — ортақ үлескерлік меншік пен ортақ шаруашылық жүргізу келісімшартын жасасқан бір-біріне туыс емес қатысушылардың жеке кәсіпкерлігі.

ШФҚ ашу

ШФҚ ашу үшін жер учаскесін жалдау немесе сатып алу керек, яғни, учаскеге құқық алып, жеке кәсіпкерлік тіркеу керек.

ЖК ашу

ЖК-ны тіркеу үшін мемлекеттік органдарға онлайн хабарландыру жіберу керек. Ол үшін электронды лицензиялау сайтында немесе банк қосымшаларында белгіленген үлгі бойынша өтініш беру керек. Тіркелу қызметі толығынан тегін, болашақ кәсіпкерге тек қана электронды-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет болады.

Қызмет түрін таңдау

Елімізде экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші — ЭҚЖЖ бар. Онда мал шаруашылығынан бастап, бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуге дейінгі кәсіпкерліктің барлық түрлері аталған.

Жіктеуіш бойынша қызметтің үш түрін таңдауға болады:

  • Қызметтің негізгі түрі — басты табыс көзі.
  • Қызметтің қосымша түрі — негізгіге қарағанда азырақ табыс әкелетін қызмет түрі.
  • Қызметтің қосалқы түрі — негізгі және қосымша қызмет түрлерін сүйемелдейтін қызмет түрі: тасымалдау, сақтау, сатып алу, өнім өткізуді дамыту, тазалау, жөндеу, күзет және тағы басқа мақсаттарда пайдаланады.

Қажетті ЭҚЖЖ-ны таңдау барысын телеграмдағы боттың көмегімен жеңілдете аласыз.

ШФҚ-ның қызмет түрінің коды

Әр қызмет түрінің арнайы коды болады, ол код қызметтің бөлімін, тобын, класын және ішкі класын анықтайды.

Мысалы, егін егу үшін негізгі қызмет түрі ретінде 01.11 «Дәнді дақылдарды (күрішті қоспағанда), бұршақ дақылдарын және майлы тұқымдарды өсіру» кодын таңдауға болады. Ал оған қоса көкөніс егу үшін қосымша қызмет түрі ретінде 01.13 «Көкөністерді және қауындарды, көкөністердің тамыр тәрізді және түйнекті түрлерін өсіру» кодын таңдауға болады.

Elicense.kz-те ЖК ашу тәртібі

1. ЭЦҚ арқылы авторизациялану

2. «Қызмет көрсету» бөліміне өту → «Дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама» → «Қызметке онлайн тапсырыс беру»

3. Деректерді толтыру:

  • ЖК нақты мекенжайы
  • ЖК атауы
  • қызмет түрі (ЭҚЖЖ)
  • салық режимі (ЖБР, оңайлатылған, патент, т.б.)

4. ЭЦҚ көмегімен өтінішке қол қою

Jusan Business қосымшасында ЖК ашу

Jusan Business мобильді қосымшасында да ЖК жылдам ашуға болады. Ол үшін JB қосымшасын жүктеп алып, телефон нөмірі мен ЖСН енгізіп, «ЖК тіркеу» деген экран шығады → «Тіркеуді бастау» → ЖК-ның аты-жөнін және қызмет мекенжайын толтыру керек → ЭҚЖЖ кодын таңдау → салық режимін таңдау → өтінімді растау.

Содан кейін Jusan Business-те шот ашып, бизнесті дәл қосымшада басқаруға болады.

ЖК тіркелгені туралы elicense.kz порталындағы жеке кабинетте білуге болады:

ШФҚ-ның салық режимдері

Салық режимін ЖК-ны тіркеу кезінде таңдау керек. Салық төлеу және есептілік беру кәсіпкерліктің салық режиміне сәйкес жүзеге асырылады.

ШФҚ қандай салық режимдерін қолдана алады:

Егер шаруа немесе фермер қожалығы бірнеше қызмет түрімен айналықысы келсе, онда оған екі салық режимін қолдануға рұқсат етіледі. Мысалы, көкөніспен айналысу үшін ШФҚ-ға арналған АСР, ал оған кірмейтін азық-түлік саудасымен айналысу үшін оңайлатылған режимді таңдауға болады. Мұнда әр салық режимінің табысын бөлек есептеп, салық есебін де екі бөлек тапсыру керек болады.

ШФҚ-ға арналған салық режимі

ШФҚ режимі бухгалтерлік есеп жүргізуді талап етеді. Бірақ оның салық жеңілдіктері көп, жылдық табыс мөлшері мен қызметкерлер саны да шектелмеген. Сондай-ақ, егер табыс мөлшері 20 000 АЕК-тен асып кетсе (2024 жылы 73 840 000 теңге), ҚТС есебіне тұрмауға болады.

ШФҚ режимін таңдау үшін мына шарттардың екеуін бірдей орындау керек:

  • ҚТС есебінде тұрмау;
  • Қазақстан аумағында меншікті немесе жалданған жер учаскесін иелену.

Бұл режимнің жер ауданына байланысты шектеулері бар. Учаскелер аймақ бойынша бөлінген:

  • 1-ші аймақ, 5 000 га — Алматы облысы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу обыстарының, Алматы және Шымкент қалаларының топырақ-климаттық аймақтарындағы шөл, шөлейт және тау етегіндегі шөлді-далалық жерлердегі жайылымдар;
  • 2-ші аймақ, 3 500 га — Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Абай облыстарындағы, Астана қаласындағы учаскелер (1 аймақтағы жерлерден бөлек);
  • 3-ші аймақ, 1 500 га — Атырау, Маңғыстау облыстарындағы учаскелер (1 аймақтағы жерлерден бөлек);
  • 4-ші аймақ, 500 га — Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарындағы, Алматы және Шымкент қалаларындағы учаскелер (1 аймақтағы жерлерден бөлек).

ШФҚ төлейтін салықтар

ШФҚ жылына бір рет бірыңғай жер салығын (БЖС) және ай сайын мүшелері мен қызметкерлері үшін әлеуметтік төлемдерді төлеуге тиіс. ШФҚ салықтары туралы толығырақ біздің басқа мақаламыздан оқыңыздар.

БЖС төлеушілер босатылатын салықтар мен төлемдер

АСР-дегі шаруа және фермер қожалықтары мынадай салықтар мен төлемдерден босатылады:

  • шаруашылық табысынан төленетін жеке табыс салығы;
  • жер салығы;
  • көлік салығы;
  • мүлік салығы;
  • әлеуметтік салық;
  • қоршаған ортаға келтірілген зиян төлемақысы.

Ауыл шаруашылығы тіршілік етуге де, табыс табуға да жол ашатын кәсіп. Онымен айналысу үшін жағдай да, уақыт та керек. Бірақ егін шықпай қалу қауіпі мен маусымдық жұмыстарға байланысты тәуекелдер де бар. Алайда қорқудың қажеті жоқ: ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс ешқашан таусылмайды, ал кәсіпкерлерге жеңілдетілген кредиттеу бағдарламалары мен импорттың орнын басу жобалары қарастырылған: ауыл шаруашылығы елімізді азық-түлікпен қамтамасыздандыратын бірінші сала болғандықтан, мемлекет оны дамытуға қолдау көрсетуге әрдайым дайын.