Маркетплейсте сауда жасау үшін тауаша таңдау
Тауар неғұрлым ерекше болса, бәсекелестік соғұрлым аз болады
Антон Соколов
Jusan Дүкенінің өнімдерді дамыту директоры
Мақаланың мазмұны
2024 жылы тауашаға зерттеу жасамай маркетплейске кіру мүмкін емес. Тиімді тауар таңдау — бұл жаңадан бастаған кәсіпкердің алдында тұрған бірінші мәселе, және бизнестің табысты болатыны да соған байланысты. Біз сарапшымен бірге өсіп келе жатқан бәсеке жағдайында нарық үшін дұрыс тауаша таңдау процесін егжей-тегжейлі қарастырдық — қандай тауар сату тиімдірек болады, қандай санаттар сұранысқа ие және жаңадан бастаған кәсіпкерлер қандай қателіктер жасайды.
Қазақстан нарығының ерекшеліктері
Ресейлік маркетплейстерде бәрі оңай — әр сатушы тауарды өз карточкасы бойынша сатады. Ол оны ашып, оған инфографикасын жасап, пікірлермен жұмыс істейді, жарнаманы іске қосады. Карточка тек оған тиесілі, сондықтан ол оны алға жылжыту үшін белсенді жұмыс істейді. Ал қазақстандық маркетплейстердің көбісінде тауардың бір карточкасында бірнеше сатушылар жұмыс істей алады, бұл тек баға бойынша бәсекелестік тудырады. Сайттың жоғарғы бетіне ең төмен бағаны ұсынатын сатушылар шығады, яғни тапсырыстардың көбісі соларға түседі. Бұл басқа сатушыларды сауда жасау үшін өте төмен бағамен демпингке итермелейді.
Сатушыларға тіпті клиентті тауарға кері байланыс қалдыруға ынталандырудың қажеті жоқ, өйткені олардың пікірлері бұл тауарды сататын бүкіл сатушыларға жазылады (бірақ Jusan Дүкенінде олай емес — мұнда әрбір кері байланыс нақты бір сатушыға арналады).
Тауашаны талдау тәсілі
Маркетплейстердегі тауашаларды талдауға арналған әр түрлі қызметтер бар. Олардың ішіндегі ең танымалы MPStats. Бұл қызмет арқылы бәсекелестердің статистикасын көруге, сатылатын және пайда әкелетін тауар табуға, трендтерді анықтауға және қажеттіліктеріңізге сәйкес көрсеткіштерді баптауға болады. Бұл қызмет Ресей нарығына шығуды жоспарлап жүрген қазақстандық жеткізушілерге өте қолайлы.
Бірақ Ресейлік тауашалар талдайтын қызметтердің көбісі қазақстандық нарыққа жарамайды. Олардың алгоритмдері Ресейлік нарықты талдауға арналған және жергілікті сауда алаңдарының ерекшеліктерін ескермейді. Егер Wildberries немесе Ozon бойынша үтіктердің сатылымы өсіп жатса, бұл біздің елдегі жағдайға қатысы жоқ. Қазақстандық сегментті зерттеу үшін ірі маркетплейстердің талдауын жасайтын сервистермен пайдаланған дұрыс. Олардың көмегімен басқа сауда алаңдарында жоқ трендті табуға болады.
Кәсіпкерлер қазақстандық үрдіске қарау керек. Мысалы, ашық деректер арқылы қазақстандық маркетплейстердің саудасын талдайтын түрлі телеграм-боттар бар. Олардың ішінде:
- Sellstat — тауарларға сұраныс пен бәсекелестердің әрекеттері туралы өзекті деректерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін аналитикалық қызмет.
- AlgaTop — әр тауар бойынша сатылымдар саны мен құнын, тауардың рейтингін, маркетплейсте қанша күн сатылатындығын көрсетеді.
Тауашаны трендтер мен сұранысқа қарай таңдау
Маркетплейстердегі сатушылар басқа жеткізушілермен төмен бағаға бәсекелеспеу үшін келесі тауашаларға назар аударуы керек:
- күнделікті қолданатын тауарлар — бұл адамдар үнемі сатып алатын тауарлар. Бұл көптеген тауарларды қамтитын үлкен санат. Олардың ішінде тоқыма тауарлары (төсек-орын жабдығы, сүлгілер, халаттар), үй тауарлары, үй киімдері, ыдыс-аяқ, ас үйге керек-жарақтары бар. Бұл санаттар жоғары сұраныс пен жиі сатып алуымен ерекшеленеді, бірегей тауарлар немесе брендтері «қарапайым» тауарларды сатуға мүмкіндік береді.
- бірегей тауарлар — бұл адамдардың өмірін жеңілдететін және нарыққа әлі шықпаған кез келген тауашадағы тауарлар болуы мүмкін. Бұл кез келген жерді сүртетін супершүберек немесе ұсақ заттарға арналған ұстағыш болуы мүмкін. Ондай тауарларды бірінші болып әкеліп, танымал қылсаңыз, басқалар сатып бастамайынша, бірақ уақыт үлкен пайда таба аласыз. Ол үшін жеткізушілер халықаралық және қытайлық трендтерді үнемі зерттеп отырады.
- меншікті өндіріс — бұл бәсекелестері жоқ бірегей тауар. Тауар карточкасы тек өндірушіге тиесілі болады. Бұл тапсырыс бойынша жасалған шопперлер, қолдан жасалған сабын немесе ұлттық ою-өрнектері бар шамдар болуы мүмкін.
2024 жылы үміт артуға тұрарлық тауашалар
Сарапшылар 2024 жылы бірнеше тауашаларға назар аударуға кеңес береді:
- зоотауарлар — жоғары сұранысқа ие қызықты тауаша. Үй жануарларына күтім жасау үрдісі кең таралуда және статистика бойынша, адамдардың 15%-да үй жануарлары бар.
- спорттық тамақтану — салауатты өмір салтының өсіп келе жатқан үрдісі бұл санатты өте тартымды етеді. Бұған қоспалар мен гейнерлер ғана емес, сонымен қатар биологиялық белсенді қоспалар да кіреді.
Маркетплейсте толып кеткен тауашалар
Қазақстанда электроника санатында тауарлар толып кетті. Мысалы, елдегі танымал маркетплейстердің бірі бұл санатты жаңа жеткізушілерге жауып тастады, себебі оған кірудің мағынасы жоқ — бірдей тауарлардың бәсекелестігі тым жоғары. Бір тауардың астында 200-ден астам жеткізуші болуы мүмкін, ал клиенттер тауарды тек алғашқы бесінен ғана сатып алады. Jusan Дүкенінде бұл санат әлі ашық, бірақ қазірдің өзінде iPhone-ды 160-тан астам сатушы ұсынады. Бұл өте үлкен көрсеткіш және бұл тауашаға кірудің мәні жоқ. Дегенмен, электроника санаты үлкен болғандықтан, бәсекелестері аз басқа бір ішкі санатты таңдап, өз орныңызды табуға болады.
Jusan Дүкеніндегі ең көп сатылатын 3 санаттың қатарына электроника, автомобиль өнімдері және сұлулық пен күтім кіреді (оған күтім және сәндік косметикасы, сұлулыққа арналған гаджеттер кіреді).
Тауаша таңдағанда ескертетін жайттар
- Баға белгілеу — таңдалған санаттың юнит-экономикасын алдын-ала есептеп, сатып алу бағасын, логистика мен маржаны ескере отырып, бәсекеге қабілетті бағаны ұсына алатыныңызға көз жеткізіңіз, сонымен қатар жарнамалық іс-шараларға және басқа сатушылармен уақытша бәсекелестікке көңіл бөлген жөн.
- Бәсекелестік — таңдалған тауашадағы бәсекелестер санын зерттеу маңызды. Егер бәсекелестер тым көп болса, кәсіпкерге бірегей ұсыныс жасауға немесе өте төмен бағаны ұстауға тура келеді. Басқа сатушылар аз болатын тауашаны таңдаған дұрыс.
- Көлемі — қазақстандағы жеткізушілерге тауардың үлкен партияларын сатып алудың қажеті жоқ, өйткені тауар бітіп қалған кезде маркетплейстер жағынан ықпалшаралар жоқ. Ресейлік маркетплейстер бұндай тоқырауды кешірмейді, онда сіз тауар болуын қадағалап жүруіңіз керек, өйткені тауар болмаса карточка рейтингте төмендейді және тауар келген кезде барлық жұмысты жаңадан бастауға тура келеді.
Қазақстандық маркетплейстер гипотезаларды шағын партиялармен сынауға мүмкіндік береді, өйткені қоймада тауардың тұрақты болуы қажеті жоқ. Кәсіпкер тауарды сатып алып, оларға карточкалар жасап, сауданы жүргізе береді, ал тауар біткен кезде сатуды жаба салады. Сауда тоқтап тұрғанда басқа жеткізушілер сол тауарды сата береді, ал келесі партия келгенде қайтадан ешқандай шығынсыз сатылымға шыға салады.
Қазақстандық маркетплейстердің тағы бір артықшылығы — логистика мен жеткізу шығындарын оңтайландыруға болады. Мысалы, Jusan Дүкенінде тауарды курьер арқылы жеткізу функциясы бар.
Тауашаны таңдау — бұл маркетплейстерге шығудың алғашқы кезеңі, бірақ әрі қарай даму, кеңею, команда құру және тағы басқа қадамдар жасау қажет. Біз сізге пайдалы болуы мүмкін маркетплейстер бойынша материалдар жаздық.
Қазақстандық маркетплейстер нарығы серпінді дамып келе жатса да, әлі де қалыптасуда. Бұл дегеніміз, кәсіпкерлер әлі де тиімді тауашалар тауып, бәсекелестерінен озып, табысты бизнес құра алады. Ол үшін нарықтың ерекшеліктерінен хабардар болып, деректер талдау құралдарын пайдалану керек, трендтерді тауып, бәсекелестерге қарау маңызды, және ең бастысы — тәуекел етуден қорықпау керек.