Зейнеткер-жеке кәсіпкер төлейтін салықтар

Міндетті төлемдерді есептеу тәртібі

Зейнеткер-жеке кәсіпкер төлейтін салықтар
Юлия Тё

Юлия Тё

салық кеңесшісі, аудитор, бухгалтер

Мақаланың мазмұны

Қазақстанда зейнеткерлер бизнестерін ЖК ретінде жүргізе алады. Әр кәсіпкер таңдалған салық режимінің ережелерін сақтап, салықтарды уақтылы төлеп, есептілікті тапсыруы тиіс. Зейнеткерлердің салықтан босатылу тәртібі туралы осы мақалада айтып өтеміз.

Жеке табыс салығы (ЖТС)

Әртүрлі салық режимдеріндегі ЖТС мөлшерлемелері:

  • оңайлатылған — табыс мөлшерінің 1,5%
  • патенттегі — табыс мөлшерінің 1%
  • жалпыға бірдей белгіленген режимдегі — таза пайданың 10%

Зейнеткер-ЖК аталған режимдердің бірінде жұмыс істесе, ЖТС төлеуге міндетті.

Әлеуметтік салық (ӘС)

Зейнеткер-ЖК әлеуметтік салық төлеуден босатылмайды.

  • оңайлатылған — табыс мөлшерінің 1,5%
  • ЖБР — 2 АЕК (2025 жылы 7 864 теңге)

Қосылған құн салығы (ҚҚС)

Зейнеткер-ЖК үшін жалпы талаптар қолданылады: кәсіпкердің жылдық айналымы 20 000 АЕК-тен (2025 жылы 78 640 000 теңгеден) асса, ол ҚҚС бойынша тіркеліп, табысының 12% мөлшерінде салық төлеуі қажет. ҚҚС бойынша жеңілдіктер кәсіпкердің жасына байланысты емес.

Әлеуметтік аударымдар мен жарналар

Зейнеткерлік жасқа жеткен кәсіпкерлер босатылатын міндетті төлемдер:

  • МЗЖ — міндетті зейнетақы жарналары
  • ЖМЗЖ — жұмыс беруші төлейтін міндетті зейнетақы жарналары
  • ӘА — әлеуметтік аударымдар
  • МӘМСЖ — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары

Бұл шарттар тек кәсіпкердің өзі үшін төлейтін салықтар мен аударымдарға қатысты. ЖК қызметкерлері үшін салық режиміне сәйкес барлық міндетті төлемдер төленуі тиіс. Зейнеткерлік жастағы қызметкерлер және басқа да жеңілдікті санаттардағы тұлғалар бұл төлемдерге енгізілмейді.

Салықтарды есептеу үлгісі

Зейнеткер-кәсіпкер үшін жеңілдіктерді ескере отырып, ЖБР-дағы ЖК мысалында салықтар мен әлеуметтік аударымдардың мөлшерін есептейік. Әр кәсіпкер өз еңбекақысын өз еркімен тағайындайды, бірақ оның мөлшері 1 жалақының ең төменгі мөлшерінен (ЖТМ) кем болмауы тиіс, 2025 жылы ЖТМ мөлшері 85 000 теңгені құрайды.

ЖК үшін 85 000 теңге мөлшеріндегі табысынан төленетін төлемдерді есептеу үлгісіі:

  • МЗЖ — 0 теңге
  • ЖМЗЖ — 0 теңге
  • ӘА — 0 теңге
  • МӘМСЖ — 0 теңге
  • ӘС — әлеуметтік салық: 2 АЕК − ӘА 2 × 3 932 − 0 = 7 864 теңге

Басқа режимдер бойынша салықтар туралы толығырақ мына сілтемені басып, оқи аласыз.

 

Қазақстанда зейнеткерлер ЖК ретінде кәсіпкерлік қызмет жүргізе алады. Олар табыс салығын төлеуге міндетті, бірақ зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар мен МӘМСЖ-дан босатылады. Бизнес жүргізетін зейнеткерлер жалпы негізде зейнетақысын алады.