Дауыс көмекшісі
kk
Қазақша
Русский
English
Жаңалықтар13.09.2023

Jusan Bank «Қазақтелеком» АҚ-ның 9% акциясын сатып алды

«First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank, бұдан әрі – Банк) «Қазақстан қор биржасы» АҚ-да (KASE) «Қазақтелеком» АҚ-ның 983 мың жай акциясын сатып алғаны туралы хабарлайды, бұл байланыс операторының орналастырылған жай акциялардың жалпы санының 9%-ына жетеді. 

Акциялар ашық сауда алаңында сатып алынды. Олардың бағасы сатып алу кезінде KASE-де белгіленген нарықтық бағаға тең.

Банк бизнесте жоғары цифрлық құрамдас бөлігі бар қаржы институтын құруға бағытталған стратегиясының бір бөлігі ретінде бұған дейін болған «Кселл» АҚ-да үлесіне қосымша ретінде «Қазақтелеком» АҚ акцияларын сатып алды.

«Қазақтелеком» АҚ – ауқымды клиенттік базасы және қызмет көрсетудің жоғары деңгейі бар ұлттық байланыс операторы, сондықтан Банк бұл инвестицияны бөлшек бизнесті дамыту стратегиясын одан әрі жүзеге асырудағы қисынды қадам ретінде қарастырады.

Банк бұған дейін «Кселл» АҚ-мен қызмет көрсету ретінде banking as a service (OGO Bank) саласындағы бірлескен жобаны сәтті жүзеге асырған еді. Сонымен қатарм Jusan тобына телекоммуникация және ақпараттық технологиялар саласында кең ауқымды қызметтерді ұсынатын жетекші байланыс операторы «Jusan Mobile» АҚ кіреді. Банк бұған дейін Tele2/ALTEL желісі негізіндегі Jusan Mobile виртуалды ұялы байланыс операторын іске қосты.

Банк қолданыстағы стратегияға сәйкес телекоммуникация секторындағы, оның ішінде өзі акционер болып саналатын компаниялармен синергияны пайдалану мүмкіндіктерін іздеуді жалғастырады.
 

Қосымша ақпарат үшін: 

Press-service@jusan.kz

Басқа жаңалықтар

Moody's Jusan Bank-тің позитивті болжаммен «Ba3» д...

Алматы. 16 шілде 2024ж. Moody's Ratings (Moody's) халықаралық рейтинг агенттігі ...

«Jusan Vibe» Қазақстанның бірегей құстарының көрме...

«Қазақстан құстары» көрмесінің келушілері еліміздің қанаттылар алуандығын түсірг...

Ұқсас жаңалықтар

Jusan Bank өз қосымшасына “Алматы паркинг” қызметт...

Jusan бұдан былай «Алматы Паркинг» қызметтерін банк қосымшасында төлеуге болатын...

S&P CSA Jusan Bank-тің тұрақты даму саласындағы ба...

«First Heartland Jusan Bank» АҚ (бұдан әрі — Банк) S&P Global Market Intelli...

Jusan Singularity Алматыда IT бойынша тегін оқуға ...

Jusan компаниялар тобының Jusan Singularity білім беру жобасы Almaty IT Сamp бағ...