Дауыс көмекшісі
kk
Қазақша
Русский
English

Күні бойынша сүзу

  • 27 мамыр
  • 24 сағат
  • Апта
  • Ай
  • Жыл
  • Барлық уақыт

Санатты таңдаңыз

Жаңалықтар санаттары

Күні бойынша сүзу

Барлық уақыт

Жеке тұрғаларға банктік қызмет көрсету шарттарын ағымдағы шоттарға қызмет көрсету бөлігінде орандаудан біржақты бас тарту туралы хабарлама

Құрметті жеке тұлға клиенттер!

«Jusan Bank» АҚ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес («Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы заңының 29–бабының 1-тармағы), клиенттің банктік шотында бір жылдан астам уақыт бойы ақша болмаған, сондай-ақ клиенттің банктік шотында бір жылдан астам уақыт бойы ақша қозғалысы болмаған жағдайда Банк банктік салым шартын орындаудан бас тартуға құқылы екендігін Сіздердің назарларыңызға жеткізеді.

Жоғарыда мазмұндалған ақпаратты назарға ала отырып, осы арқылы Банк Сіздерге Кешенді шарт («Jusan Bank» АҚ шоттары үшін) және «АТФБанк» АҚ-тың жеке тұлғаларға банктік және басқа қызметтерді ұсынуының жалпы шарттары («АТФБанк» АҚ шоттары үшін) шеңберінде ашылған, бір жылдан астам уақыт бойы ақша және ақша қозғалысы болмаған жинақтаушы шоттар және «Талап еткенге дейін» шоттары 01.06.2025ж. бастап (2025ж. маусым айының ішінде) жабылатыны туралы хабарлайды.