Табыс 13,5%+7%*
12,75% Банк сыйақысы
13,5% ЖТСМ
5% Мемлекет сыйлықақысы
*басым санат үшін 7%
36 ай
сақтау мерзімі
10 млн ₸-ге дейін
салым кепілдігі
Салым Қазақстанның Депозиттерге кепілдік беру Қорымен сақтандырылған
Расчет вклада AQYL
8 000 000 ₸
жинайтын сомаңыз
0₸
0₸
Табыстылық
12.75%
мөлшерлеме
5.0%*
мем. сыйлықақы
0жыл
мерзім
*100 АЕК-тен артық емес
- Жинақтау сомасын енгіз
- Қосымшадағы QR арқылы
- Сіз депозит аштыңыз!
Салым мерзімін таңдап, соманы енгізіңіз
Қосымшаға өтіңіз, депозит шотын ашыңыз және оны толықтырыңыз
Депозитті жиі түрде толықтырып, кірісіңіз көбею үшін қаражатты шешпеуге тырысыңыз
Өтініш қалдыру
Нысанды толтырыңыз, менеджерлер сізге жақын арада хабарласады
AQYL депозитін ашыңыз
Білімге бір қадам жақынырақ болыңыз
FAQ
Депозит AQYL возможно открыть:
• В мобильном приложении Jusan
• В отделении банка Jusan*
* дополнительно необходимо предоставить документ, удостоверяющий личность или свидетельство о рождении ребенка (если вклад открывается на имя несовершеннолетнего ребенка).
"AQYL" депозитін тек ұлттық валюта - теңгемен ашуға болады.
Пайыздық мөлшерлеме - 12,75% ( ЖТCМ 13,5% - ға дейін).
"AQYL" депозитін одан әрі ұзартумен 36 айға ашуға болады.
"AQYL" депозитін ашу үшін ең аз сома депозит ашылған сәтте 3 АЕК-ті құрайды.
"AQYL" депозиті жеке тұлғалардың 10 000 000 теңгеге дейінгі сомадағы депозиттеріне кепілдік беру объектісі болып табылады.
"AQYL" депозитін тек ҚР азаматтары ғана аша алады.
Бір клиентке бір ғана "AQYL" депозитін ашуға болады.
Мемлекет сыйлықақысы жыл сайын жылдық 5% және 7% мөлшерінде, жинақтаудың ең аз мерзімі 1 жыл болған кезде 01 қаңтарға нақты жинақталған қалдыққа есептеледі, бірақ 100 АЕК-тен аспайды. Мемлекет сыйлықақысы салымның негізгі сомасына капиталдандырылады. Мемлекет сыйлықақысын есептеу бойынша ең ұзақ мерзім-20 жыл.
Жылдық 7% мөлшерінде басым санатқа жатқызылған салымшылардың пайдасына ашылған депозиттерге есептеледі:
1) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оның ішінде кәмелеттік жасқа толған, бірақ 23 жасқа толғанға дейін;
2) мүгедектер;
3) төрт және одан көп балалы отбасылардан шыққан балалар;
4) аз қамтылған отбасылардың балалары.
"AQYL" депозитінен білім беру қызметтері үшін төлем салымшының өтініші бойынша растайтын құжаттарды (ЖОО-мен білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмелері, төлем шоты және басқа да құжаттар) ұсынған кезде жүзеге асырылады.
"AQYL" депозитінен барлық оқу кезеңі үшін ақы төлегеннен кейін салымшы немесе оның заңды өкілі аталған соманы мемлекет сыйлықақыны сақтай отырып алуға құқылы.
"AQYL" депозитіндегі қаражатқа мыналар билік ете алады:
- Cалымшы не оның заңды өкілі білім беру салымының ақшасын бір қатысушы банктен басқа қатысушы банкке жылына 1 реттен асырмай толық аударуға құқылы.
- Салымшы білім беру грантын алған жағдайда, оның:
- білім беру салымына қаражат жинақтауды жалғастыру;
- қаражатты Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның пайдасына ашылған (ашылатын) білім беру салымына аудару;
- білім беру салымының қаражатын қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақысымен және есептелген мемлекет сыйлықақысымен қоса алуға құқылы;
- білім берудің басқа деңгейлерін алу мақсатында білім беру жинақтау салымының қаражатын білім беру қызметтеріне ақы төлеуге жіберу.
"AQYL" депозиті ұзарту күніне қолданылатын сыйақы мөлшерлемесі бойынша сыйақы есептеле отырып, автоматты түрде сол мерзімге және сол шарттарда ұзартылады.
Оқу орнының шотына қолма-қол ақшасыз аудару арқылы қаражатты мақсатты алу жағдайларын қоспағанда, "AQYL" депозитінен ішінара алу көзделмеген. Операция тек Банк бөлімшелерінде ғана жүзеге асырылады.
Мүлікке билік етуге уақытша шектеу, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауға шектеулер белгілеуге, "AQYL" депозитіндегі ақшаға тыйым салуға немесе өндіріп алуға жол берілмейді.
"AQYL" депозиті бойынша мемлекеттен сыйлықақылар тоқтатылады:
1) 20 жыл өткеннен кейін;
2) салым шартының қолданылу мерзімі өткеннен кейін;
3) салымшы қайтыс болған; сот салымшыны әрекетке қабілетсіз деп таныған; хабар-ошарсыз кеткен не қайтыс болды деп жариялаған күннен бастап тоқтатылады.
"AQYL"депозитін мерзімінен бұрын жабу Jusan Банктің бөлімшелері арқылы ғана жүзеге асырылады.
Мемлекет сыйлықақысы сақталмай:
- салымшының/заңды өкілдің бастамасы бойынша;
- салымшы білім беру ұйымынан шығарылған күннен бастап күнтізбелік үш жыл өткен соң;
- жинақтау мерзімі заңда белгіленген мерзімнен аз болған кезде мемлекет сыйлықақысын төлеу фактісі анықталса;
- салымшының Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуы;
- мемлекеттің артық есептелген сыйлықақысы фактісін анықтау.
Мемлекет сыйлықақысын сақтай отырып:
- барлық оқу кезеңі үшін білім беру қызметтеріне ақы төлегеннен кейін салымда қаражат қалған жағдайда;
- білім беру гранты берілген жағдайда;
- салымшы қайтыс болған, сот оны хабар-ошарсыз кетті, әрекетке қабілетсіз деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған немесе оның денсаулық жағдайы салдарынан оқуын жалғастыруға қабілеті болмаған жағдайда.