Jusan қаржы сауаттылығы бойынша балаларға арнап кітап шығарды

Бүгін Jusan Bank-те балалар мен ата-аналарға арналған қазақ тіліндегі қаржы сауаттылығы жайында кітаптың тұсаукесері өтті. Әлемдік бестселлер The Opposite of Spoiled: Raising Children who are Financially Smart and Responsible («Тиыннан теңге құрайтын бала») қазақ тіліне аударылды. Айта кетсек, бұл қаржы сауаттылығы туралы балаларға арнап мемлекеттік тілге аударылған алғашқы The New York Times нұсқасы бойынша бестселлер кітап. Жоба бастамашылары қазақ тілін насихаттау жеке қаражатты басқару бойынша мемлекеттік тілде сапалы ақпараттан басталуы керек деп есептейді.

«Балалардың бойында қаржы мен капиталды басқару дағдыларын дамыту ұлттық экономиканың өркендеуі мен жалпы елдің ертеңі үшін үлкен маңызға ие. Балалар өз ресурстарын байыппен басқаруды үйренсе, қаржылық қиындықтарды еңсеріп, өз болашағы мен еліміздің келешегін тұрақты ететін жауапты әрі өздеріне сенімді ересек адамға айналады. Бұл біздің Қазақстандағы қаржы сауаттылығын дамытуға қосқан үлесіміз. Тираждың басым бөлігін мектептер мен банк бөлімшелері арқылы тегін таратамыз», - деп түсіндірді Jusan Bank басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосов.

Америкалық бестселлер авторы Рон Либер балаларды қаржылық тұрғыдан тәрбиелеудің бірегей тәсілін ұсынып, қаражат пен оның әрбір адамның, отбасының өміріндегі рөлін түсінуге бағыт-бағдар беріп, практикалық кеңестер мен нұсқаулар ұсынады. Либердің негізгі идеяларының бірі – ақша тек тұтыну құралы ғана емес, сонымен бірге балалардың бойында құндылықтар мен мінез-құлықты қалыптастырудың негізі. Автор ата-аналарды балаларынан ақша туралы әңгімелерді жасырмай, керісінше, отбасындағы қаржы мәселелерін бірге талқылауға шақырады. Бұл тәсіл балалардың қаржы сауаттылығын және өз қаржысына деген жауапкершілігін дамытуға көмектеседі.

«Кітаптың ең тартымды тұсы - оның қолжетімді әрі түсінікті болуы. Біз қазақстандықтардың қаржылық білімін арттыруды басты міндетіміз деп санаймыз, ал осы орайда балалар – еліміздің болашағы. Балаңызды оқыту арқылы ата-ананың өзі қаржы сауаттылығы мен инвестициялаудың қыр-сырын меңгеретінін де айта кеткен жөн. Jusan цифрлық экожүйесінің бөлігі, біздің еншілес компаниямыз – Jusan Invest Қазақстан халқының қаржы сауаттылығын арттыруға үлкен үлес қосуда. Мысалы, біз 13 жастан асқан балаларға Jusan Academy платформасында инвестиция жасауды қазақ және орыс тілдерінде үйретіп, қосымшамыз арқылы инвестициялау мүмкіндігін сыйлаймыз», - деп қосты Jusan Bank басшысы Нұрдәулет Айдосов.

Кітапты аударып, оны басып шығарумен қазақ тілінде әлемдік бестселлерлердің тұтас сериясын шығарған The Steppe and World командасы айналысты. Басылым редакторы – Назгүл Қожабек, ағылшын тілінен бес баланың анасы Динара Мәзен аударды.

«Біз Jusan-ға қазақстандықтармен ана тілімізде тамаша кітаптар мен біліммен бөлісу мүмкіндігін сыйлағаны үшін алғыс айтамыз. Бір өкініштісі, қазір қазақ тіліне аударылып жатқан, оның үстіне сапалы әрі пайдалы кітаптар саусақпен санарлық. Бұл жобаның біздің басылым үшін де әлеуметтік маңызы бар», - дейді The Steppe and World баспасының негізін қалаушы Раиса Қадыр.

«Тиыннан теңге құрайтын бала» ата-аналарды балаларына ақша жинап, инвестициялауды ғана емес, оны мұқтаж жандармен бөлісуді үйретуге шақырады. Бұл балаларға жомарттық пен қоғамдық сана құндылықтарын сіңіруге көмектеседі.

«Либер өз идеялары мен кеңестерін анық және қарапайым, күрделі терминдерсіз ұсынады. Кітап оқырманға ұсынылған ұғымдарды тереңірек түсінуге және қолдануға жәрдемдесетін нақты мысалдар мен отбасылық оқиғаларға толы. Оның расымен де ақша және оның өмірге деген әсері туралы түсінігімізді өзгертіп, балаларды қаржылық тұрғыдан тәрбиелеуге септігін тигізер нұсқаулық болары сөзсіз. Кітап ата-аналарға өз балаларының қаржы сауаттылығы мен құндылықтарын дамытуға сеп болады», - дейді Максим Кабанов, Jusan Invest басқарма төрағасы.

Bank news

08.04.2024


Команда Jusan Business провела ставшее уже традиционным мероприятие Demo Day, в ...

03.04.2024


Almaty, April 3, 2024 Jusan Bank allocated 300 million tenge to assist Kazakhst...