Жиі қаралатын бөлімдер

Табылмады

Visa Signature

Visa Signature премиалды төлем картасын 14 жастан асқан жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттері аша алады.
Visa Signature премиалды төлем картасын Банктің Premium офисінде/ VIP орталығындағы жеке менеджер ашады.  

Жауап Сізге пайдалы болды ма?

67% пайдалы деп тапты


Visa Signature сервистері және артықшылықтары: 
• Консьерж-сервис, 
• DragonPass - халықаралық әуежайдың бизнес-залдарына кіру, 
• Саяхаттаушыларды 750 000 USD-ға дейін сақтандыру, 
• Астана қ. әуежайындағы VIP Lounge  (халықаралық терминалда),  
• Астана қ. әуежайындағы CIP-зал  (ішкі ұшулар үшін), 
• Алматы және Астана қ. әуежайында жолжүктерді орау  
• Fast Track (Австрия, Бельгия, Германия, Грузия, Испания, Италия, Кипр Республикасы, Латвия, Литва, Польша, Солтүстік Македония, Түркия және Франция, Беларусь, Әзірбайжан әуежайларында), 
• Visа ұсынатын басқа да жергілікті және халықаралық артықшылықтар.

Visa Signature картасының артықшылықтары: 
• 3 валютада ашылады: KZT, USD, EUR. Мобильді қосымшасында валюталар қосу мүмкіндігі бар  (RUB, AED, GBP, TRY ). 
•  0 тг - картаға қызмет көрсету: 
-айына  350 000тг басталатын сомаға сауда жасағанда 
-қалдық айына  15 000 000 тг көп болғанда, 
• 0 тг- «SMS-ақпараттандыру", 
• 0 тг- Банктің банкоматтарында және еліміздің басқа банкоматтарында айына 1 000 000 тг дейін ақша шешіп алу, 
• қалаған категорияларда  15%-ға дейін бонустар, 
• PayWave/Contactless,  
• 3D Secure, 
•  Apple Pay/Samsung Pay/Google Pay байланыссыз төлемі.

Жауап Сізге пайдалы болды ма?

88% пайдалы деп тапты


Visa Signature картасын шығару үшін комиссия– 0 теңге.
Visa Signature негізгі карта) қызмет көрсету үшін комиссия– айына 3 500 теңге.

Мынадай шарттарды сақтаған кезде Visa Infinite картасына қызмет көрсету  - 0 тг:
• Айына 350 000 тг басталатын сомаға сауда жасаған кезде, 
• Қалдық айына 15 000 000 тг көп болғанда.
 

Жауап Сізге пайдалы болды ма?

56% пайдалы деп тапты


Visa Signature премиалды төлем картасын 14 жастан* асқан жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттері аша алады.

*Шарт жасалған күнге 14 жастан бастап 18 жасқа дейін (кәмелетке толмағандар үшін - ата-анасының біреуінің немесе қамқоршысының келісімі болған жағдайда) жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасымен бөлімшеге жүгінген кезде. Кәмелетке толмаған клиенттер үшін Visa Signature төлем картасын ашуға келісім Банк бөлімшесінде растайтын құжаттар (баланың туу туралы куәлігі, куәландыратын құжат, қамқорлыққа алу құжаттары) болған кезде ата-анасының бірінің немесе қамқоршысының қатысуымен рәсімделеді.   

Жауап Сізге пайдалы болды ма?

83% пайдалы деп тапты


Visa Signature премиалды картасын бірнеше әдіспен толықтыруға болады: 
• Банктің Premium офисінде/VIP орталығында ,
• Банктің cash-in функциясы бар банкоматында (карта болған жағдайда, сондай-ақ, картасыз ЖСН нөмірін және алушының мобильді телефон нөмірін енгізу арқылы),
• Касса 24, Yurta терминалдарында,
• Ақшалай қаражатыңызды карта немесе шотқа аудару арқылы. Сізге жедел төлем жүйесінің банк - қатысушылары арасында «Телефон нөмірі бойынша ҚР-ға» жедел аударым қызметін пайдалануды ұсынамыз.

Жауап Сізге пайдалы болды ма?

100% пайдалы деп тапты


Visa Signature картасынан қолма-қол ақша алу: 
• Банктің банкоматтарында айына 1 000 000 теңгеге дейін (қоса алғанда) - 0 теңге, одан жоғары – сомадан 1%;
• ҚР аумағындағы басқа банктердің банкоматтарында айына 1 000 000 теңгеге дейін (қоса алғанда) - 0 теңге, одан жоғары – сомадан 1%;  
• ҚР аумағынан тыс жердегі банктердің банкоматтарында айына 300 000 теңгеге дейін (қоса алғанда) - 0 теңге, одан жоғары –сомадан  1% + 1 000 теңге (басқа валютадағы эквиваленті).

Жауап Сізге пайдалы болды ма?

75% пайдалы деп тапты


Банк желісіндегі Visa Signature картасынан ақша аудару операциялары үшін комиссиялар:
• Банкте ашылған басқа төлем карточкасына/шотқа – комиссиясыз,
• Мыналар айналысқа шығарған төлем карточкасына:
- ҚР резидент-банкі (1 операцияға лимит - 1 000 000 теңге) айналысқа шығарған төлем карточкасына Банктің мобильді қосымшасы арқылы –айына 1 000 000 теңгеге дейін - 0 теңге, одан жоғары 0,2%, ең азы 200 теңге
-шетелдік банк айналысқа шығарған төлем карточкасына Банктің мобильді қосымшасы арқылы -айына  500 000 теңгеге дейін - 0 теңге, одан жоғары -сомадан 0,5% + 1 000 теңге

Жауап Сізге пайдалы болды ма?

67% пайдалы деп тапты


Иә, Visa Signature қосымша төлем картасы негізгі төлем картасын ұстаушының өзіне де, үшінші тұлғаға да шығарылады.
Негізгі карта ұстаушысына 3-ке дейін қосымша карталар шығаруға болады.

Жауап Сізге пайдалы болды ма?

100% пайдалы деп тапты


Visa Signature (қосымша карта) жылдық қызмет көрсету үшін комиссия - бірінші жылы 0 теңге, әрі қарай "Elite" өнімі бойынша қолданыстағы тарифтерге сәйкес.

Жауап Сізге пайдалы болды ма?

100% пайдалы деп тапты


Visa Signature төлем карталарын ұстаушыларға бонустардың 3 деңгейі ұсынылған:
Бірінші деңгей Silver 0,5% бонустарға дейін, екінші деңгей Gold 1% бонустарға дейін және үшінші максималды деңгей Premium 2% бонустарға дейін. Бонустар деңгейі өткен айдың қолма-қол ақшасыз жүргізілген операцияларының нәтижелері бойынша ай сайын 1-ші күні автоматты түрде беріледі.
2%-ға дейінгі стандартты бонустардан басқа мобильді қосымшасында "Сатып алу категорияларын" таңдау кезінде 15% -ға дейін.
Бонустарға қосылуға және ағымдағы деңгейін қосымшасындағы "Менің Банкім" бөлімінде көруге болады.
Бонустарды есептеу қарастырылмаған операциялардың тізімін "Бонустық бағдарлама ережелеріне қосымшада" көре аласыз.
Бонустарды Market-та және мобильді қосымшасында төлемдер кезінде пайдалануға болады. Есептелген бонустарды мобильді қосымшасында Менің Банкім бөліміндегі Бірыңғай бонустық шотта көре аласыз. Бонустардың ең жоғары төлемі-айына 50 000 теңге (төлем карточкаларының бір ұстаушысы шеңберінде (клиенттің төлем карточкаларының санына қарамастан) 1 транзакцияға бонустарды есептеудің ең жоғары сомасы – 10 000 бонустан аспайды.

Жауап Сізге пайдалы болды ма?

100% пайдалы деп тапты


Консьерж-сервис-кез келген тапсырмаларды 24/7 шешуге көмектесуге дайын кәсіби көмекшілер тобы: қажетті ақпаратты табуға, күнделікті тапсырмаларды орындауға, саяхаттарды ұйымдастыруға және т.б. көмектеседі.
Visa Infinite картасының иесі сұранысты таңдалған мессенджердегі чат - бот консьержі арқылы жібере алады: Telegram, WhatsApp, Viber немесе visa@concierge.link. электрондық поштасы арқылы.

Консьерж-сервиске қосылу үшін Сізге:
•   https:https: //concierge__service.mssg.me/ сайтына кіру керек,
•  Ыңғайлы мессенджерді таңдап, белгішені басу керек,
•  Тіркелу үшін көрсетілген сілтемеге өту керек,
•  Авторизациядан кейін мессенджерге оралып, консьерждің чат-ботын қолдануды бастау керек.

Консьерж-сервис - тегін қызмет, Visa Signature  картасының ұстаушысы сервис арқылы тапсырыс берілген тауарлар мен қызметтерге ғана ақы төлейді (мысалы: Билеттерді сатып алу, гүлдерді жеткізу, салонның SPA қызметтері және басқалар).

Жауап Сізге пайдалы болды ма?

33% пайдалы деп тапты


Visa Signature картасының деректемелерін мобильді қосымшасының "Банк" бөлімінде, әрі қарай "Деректемелер" бөлімінде көрсетіледі. Сондай-ақ деректемелерді Банктің Call-center-іне 7711 (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін) немесе +7 7172 587 711 (ҚР шегінен тыс болған кезде) нөмірлері бойынша қоңырау шалу арқылы немесе Банктің Premium офисіндегі/ VIP орталығындағы жеке менеджерге хабарласу арқылы білуге болады. 

Жауап Сізге пайдалы болды ма?

0% пайдалы деп тапты


CVV / CVC - картаның артқы жағында қол қою өрісінің жанында орналасқан төлем картасының түпнұсқалығын растайтын үш таңбалы код. CVV/CVC онлайн сатып алу кезінде қолданылады және құпия ақпарат болып табылады, сондықтан Банк CVV/CVC деректерін үшінші тұлғаларға, тіпті өзін банк қызметкерлері ретінде таныстырған адамдарға айтпауға кеңес береді.

Жауап Сізге пайдалы болды ма?

0% пайдалы деп тапты


Үзінді көшірмені 2 жолмен алуға болады: 
• Мобильді қосымшасында, "PDF жүктеу" функциясы арқылы үзінді көшірмені жүктеу арқылы;
• Банктің Premium офисінде/ VIP орталығындағы жеке менеджерден.

Жауап Сізге пайдалы болды ма?

0% пайдалы деп тапты


Visa Signature төлем картасын кез келген уақытта  тұрақты негізде (жоғалған, ұрланған кезде) немесе уақытша оқшаулауға болады:
• Мобильді қосымшасында,
• Банктің Call-center-іне 7711 (мобильді телефондардан тегін қоңырау шалу) немесе +7 7172 587 711 (ҚР шегінен тыс жерде болған кезде) нөмірлері арқылы хабарласқан кезде.
Тұрақты негізде оқшауланған карта (жоғалған, ұрланған кезде) оқшауланудан шығаруға жатпайды, картаны Банктің Premium офисінде/ VIP орталығында қайта шығару қажет.
Уақытша оқшауланған картаны мобильді қосымшасында немесе Premium офисінде/VIP орталығында жеке менеджер арқылы өз бетіңізше оқшаулаудан шығаруға болады.

Жауап Сізге пайдалы болды ма?

0% пайдалы деп тапты


Егер Сіз Visa Signature картасын жоғалтсаңыз, картаны оқшаулауыңыз керек:
• Мобильді қосымшасында,
• Банктің Call-center-іне 7711 (ұялы телефондардан тегін қоңырау шалу) немесе +7 7172 587 711 (ҚР шегінен тыс жерде болған кезде) нөмірлері бойынша хабарласу арқылы.
Әрі қарай, Банктің Premium офисіндегі/ VIP орталығындағы жеке менеджерге хабарласыңыз. 

Жауап Сізге пайдалы болды ма?

0% пайдалы деп тапты


Банкоматта картаны пайдаланумен даулы (диспуттық) жағдай болған кезде Банктің Premium офисіндегі/VIP орталығындағы дербес менеджерге өтініш жазып, өтініште банкомат тиесілі Банктің мекенжайын және атауын көрсету керек. 
Өтініш Банкке өтініш жасаған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік  күннен аспайтын, сондай-ақ төлем карточкасын ҚР шегінен тыс жерде пайдаланған жағдайда осындай өтінішті алған күннен бастап 45 (қырық бес) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қаралатын болады. Клиенттің өтінішін қарау және  жауап дайындау мерзімі ҚР заңнамасында және Төлем жүйелерінің ережелерінде(Visa/Mastercard) белгіленген мерзімде жүргізіледі.

Жауап Сізге пайдалы болды ма?

0% пайдалы деп тапты


Егер банкомат картаны бермесе, онда бірінші кезекте оны мобильді қосымшасында немесе 7711 нөмірі бойынша (мобильді телефондардан тегін қоңырау шалу) Банктің  Call-center-іне қоңырау шалу арқылы оқшаулау қажет. Әрі қарай, картаны алу немесе жаңа картаны қайта шығару туралы өтініш жазу үшін Банктің Premium офисіндегі/ VIP орталығындағы жеке менеджерге хабарласу қажет.

Жауап Сізге пайдалы болды ма?

0% пайдалы деп тапты


Visa Signature төлем картасын Банктің Premium офисіндегі/VIP орталығындағы жеке менеджерге барып жабуға болады. Өзіңізбен бірге жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасы болуы қажет.
Сонымен қатар Сіз төлем картасын мобильді қосымшасы арқылы жаба аласыз («Менің Банкім» -> «Төлем карталары» -> «Картаны жабу»).
Картаны мобильді қосымшасында жабар алдында келесі шарттардың орындалғанына көз жеткізіңіз:
• картада бұғатталған сомалардың болмауы;
• карта бойынша өтелмеген берешектің болмауы; 
• шотта тыйымның болмауы; 
• картаның шоты қолданыстағы депозитік келісімшартқа байланбаған;  
• картаның шоты қолданыстағы кредиттік келісімшартқа байланбаған (яғни қарыз бойынша ай сайынғы төлемді өтеу жабылатын карта арқылы жүзеге аспайды).
• қосымша ашылған карта болмауы тиіс. 

Жауап Сізге пайдалы болды ма?

0% пайдалы деп тапты


Келесі жағдайларда картаны жабу мүмкін емес:
• егер шотқа тыйым салынған немесе басқа да шектеулер қойылған болса, картаны жабу шоттан шектеулер алынғаннан кейін ғана қолжетімді болады;
• егер карта бойынша өтелмеген берешек болса (мерзімі өткен/дебиторлық, оның ішінде есептелген комиссиялар және/немесе өзге де берешектер бойынша), картаны жабу берешек өтелгеннен кейін ғана қолжетімді болады;
• егер картаның шоты қолданыстағы депозиттік келісімшартқа байланған болса, картаны жабу келісімшарттың мерзімі аяқталғаннан кейін ғана қолжетімді болады;
• егер картаның шоты қолданыстағы кредиттік келісімшартқа байланған болса (қарыз бойынша ай сайынғы төлемді өтеу төлем картасы арқылы жүзеге асырылады), картаны жабу кредиттік келісімшарт бойынша міндеттемелерді толық орындағаннан кейін ғана қолжетімді болады;
• таңдалған картаны жабу - карта шотына ашылған қосымша картаны жапқан соң ғана мүмкін болады;
• егер Сіздің кредиттік лимиті бар картаңыз АТФБанк кезінде шығарылған болса;
• егер шотта бұғатталған* сомалар болса, картаны жабу тек сомалар бұғаттан шығарылғаннан кейін ғана қолжетімді болады. 
* Шығыс операцияларын жүргізу кезінде (тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу, қолма-қол ақша алу және т.б.) Банк операция сомасын "бұғаттайды", яғни  Банк ол соманы операция жасалғаны туралы растау құжатын алған сәтке дейін қолжетімді қаражат сомасынан алып тастайды. Соманы бұғаттау мерзімі бұғаттаған күннен бастап есептегенде 30 күнтізбелік күннен аспайды.

Жауап Сізге пайдалы болды ма?

0% пайдалы деп тапты