Жиі қаралатын бөлімдер

Табылмады

Анкеталық деректер  — бұл клиент туралы ақпарат. Ол дұрыс қызмет көрсету және банктік қызметтерді ұсыну үшін пайдаланылады. Оған аты-жөні, байланыс деректері, жеке басын куәландыратын құжаттар және Банктің міндеттемелерін орындау үшін қажетті басқа да мәліметтер кіреді.

0% пайдалы деп тапты


Бұл хабарлама Сіздің деректеріңізді жаңарту мақсатында жіберілді және ол жеке тұлғаға банктік қызмет көрсетудің Кешенді шартының (бұдан әрі — Кешенді шарт) 70-бабының 7) тармақшасына негізделген. Кешенді шартпен Банктің jusan.kz сайтында «Құжаттар» бөлімінде таныса аласыз.   

0% пайдалы деп тапты


Анкеталық деректерді жаңарту үшін келесі мәліметтерді жаңарту қажет: 
• Жеке басын куәландыратын құжат;                       
• Салықтық резиденттік туралы мәліметтер; • Байланыс деректері;                                                    
• Тіркелген және нақты тұрғылықты мекенжай;                                                                      
• Қоғамдық лауазымды тұлғалармен байланыс туралы ақпарат;                                                         
•  FATCA шеңберіндегі салық резиденттігі туралы мәліметтер (егер Сіз АҚШ салық резиденті болсаңыз, толтырылған W-9 формасы).

Сонымен қатар, табыс көздерін растайтын құжаттарды ұсыну қажет (растайтын құжаттар, жинақтар, сатып алу-сату келісімшарты немесе акциялар, сенімгерлік пай қоры, өзара қорлар, жылжымайтын және жылжымалы мүлік сатып алу-сату келісімшарты, компанияның сатып алу-сату келісімшарты немесе компаниядағы үлес, мұра, сыйлық, лотерея/тотализатор/казино/ұтыс, компанияның табысы/дивидендтер, өтемақы).

0% пайдалы деп тапты


Сіз кез келген жақын жердегі Jusan Банк бөлімшесінде деректеріңізді жаңарта аласыз. Бөлімшелердің мекенжайлары мен жұмыс кестесін келесі сілтемеден көруге болады: https://jusan.kz/offices
Өкінішке орай, анкеталық деректерді тек Банк бөлімшесінде жаңарта аласыз. Бірақ Сіз деректерді жаңартуды өз өкіліңізге сенімхат беріп тапсырсаңыз болады.  
 

0% пайдалы деп тапты