Жиі қаралатын бөлімдер

Табылмады

Иә, болады. Коммуналдық қызметтерді, байланыс қызметтерін, айыппұлдарды, салықтарды және т. б. төлеу үшін Jusan мобильді қосымшасында "Төлемдер" бөліміне өтіп, қажетті қызмет жеткізушісін таңдап, Төлем деректерін енгізіп, төлем жасау қажет.

0% пайдалы деп тапты


Jusan мобильді қосымшасында төлемдерді жасау комиссиясыз жүзеге асырылады, бірақ комиссияны алу қарастырылған қызмет жеткізушілері бар.

0% пайдалы деп тапты


Jusan мобильді қосымшасын пайдалану кезінде барлық қауіпсіздік шараларын сақтау үшін сізге кеңес береміз:

• Мобильді қосымшаға кіру үшін пароль мен жылдам кіру кодын, алынған SMS-тегі кодтарды, сондай-ақ картаның ДСН-кодын ешкімге және ешқашан хабарламауды;
• Телефон нөмірін өзгерткен кезде, оны мобильді қосымшаның есептік жазбасында өзгертуді;
• Жылдам қол жеткізу кодын ойлап табуды, оңай танылатын сандарды пайдаланбауды (мысалы: 0000, 1234,9876);
• Басқа қосымшаларда орнатылған жылдам қатынау кодын пайдаланбауды;
• Антивирусты орнатуды және оны уақтылы жаңартып отыруды.

0% пайдалы деп тапты


Jusan мобильді қосымшасындағы төлемдер Сіз үшін ыңғайлы кез келген уақытта қолжетімді:
• Коммуналдық төлемдерді төлеу:  шектеулер жоқ;
• БЖТ төлемі: шектеулер жоқ;
• Айыппұлдарды төлеу: шектеулер жоқ;
• Депозитті толықтыру/ТҚЖБ кредитін өтеу шотына ақша аудару бойынша операциялар: шектеулер жоқ.
 

Келесі қызметтерге тек жұмыс күндері ғана ақы төленуі мүмкін (яғни демалыс/мереке күндері қолжетімсіз):
• Салықтар бойынша берешекті төлеу:  күндері ғана қол жетімді;
• Деректемелер бойынша салықтарды төлеу: күндері ғана қол жетімді.

0% пайдалы деп тапты


Jusan мобильді қосымшасында көптеген қызмет жеткізушілерінің пайдасына төлем бірден түседі. Кейбір ерекше жағдайларда төлемдер 3 күнге дейін өңделуі мүмкін. Қызметтерді алдын ала төлеуді ұсынамыз.

0% пайдалы деп тапты


Өкінішке орай, қазіргі уақытта Jusan мобильді қосымшасында тұрақты төлемдер жүргізу үшін ақша қаражатын автоматты түрде есептен шығару мүмкін емес.

0% пайдалы деп тапты


Jusan мобильді қосымшасында төлем сәтті аяқталғаннан кейін жүйе автоматты түрде жеткізушіні "Төлем шаблондарына" қосады және келесі төлем кезінде Сізге Төлем деректерін қайтадан енгізудің қажеті жоқ.

0% пайдалы деп тапты


Егер қызметтерді жеткізушілер тізімінде Jusan мобильді қосымшасында тек Алматы қаласының немесе кез келген басқа қаланың қызметтері көрсетілсе, сізге қажетті қаланы таңдау қажет. Ол үшін "Төлемдер" бөлімінде орналасқан жер белгішесін (тарихтың оң жағында) басып, қажетті қаланы/елді мекенді таңдау керек.

0% пайдалы деп тапты


Jusan мобильді қосымшасында мынадай қызметтерді төлеуге арналған лимиттер бар:

• Ұялы байланыс операторларының қызметтері: Kcell/Activ ұялы байланыс операторларына тәулігіне 100 000 теңге, басқа ұялы байланыс операторларына тәулігіне 20 000 теңге;
• Алматы қаласы бойынша "Оңай" көлік қызметтері - бір реттік 5000 тг, айына-10 000 тг.

Бұл лимиттер өзгертуге жатпайды.

0% пайдалы деп тапты


Jusan мобильді қосымшасының "Төлемдер" бөліміндегі қызметтерді төлеу тек Jusan Банктің  карталары бойынша жүргізіледі. Егер сіздің ақша қаражатыңыз депозитте немесе ағымдағы шотта болса, оны картаңызға "Аударымдар" бөлімінде аудару қажет, одан әрі "Шоттар арасында" таңдау қажет.

0% пайдалы деп тапты


Егер қызметтерді төлеу кезінде Jusan мобильді қосымшасында есептен шығару үшін қажетті карта көрсетілмесе, Сізге "Банк" бөлімінде картаның мәртебесін тексеру қажет, картаңыз оқшауланған болуы мүмкін. Өзге қателер туындаған жағдайда Сізге төлем картаңызды тексеру үшін Jusan Банктің Call-center-іне 7711 (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін) немесе +7 7172 587 711 (ҚР шегінен тыс болған кезде) нөмірлері бойынша хабарласу қажет.

0% пайдалы деп тапты


Егер сіздің Jusan мобильді қосымшасында жасаған төлеміңіз өткен болса, бірақ жеткізушіге төлем жасалмаса, бұл жағдайда төлемдер тарихында Сіз осы төлемді басуыңыз керек. Пайда болған терезеде төлем күйі көрсетіледі.

• Егер төлем мәртебесі "Өңдеуде" болса, төлемді тоқтату үшін Jusan Банктің Call-center-іне 7711 (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін) немесе +7 7172 587 711 (ҚР шегінен тыс болған кезде) нөмірлері бойынша қажет;
• Егер төлем мәртебесі "Төленген" болса, Сізге қызмет жеткізушісіне жүгіну қажет;
• Егер төлем мәртебесі "Қабылданбады" болса, сіздің төлеміңіз жасалмады және ақша қаражаты шотқа оралды. Төлемді қайта жасап көру керек. 

0% пайдалы деп тапты


Егер Сізде Jusan мобильді қосымшасында төлем жасалмаса, сізге қызметтерді төлеу бойынша қаражаттың алынғанын және ықтимал қателердің бар-жоғын тексеру үшін Банктің Call-center-іне 7711 (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін) немесе +7 7172 587 711 (ҚР шегінен тыс болған кезде) нөмірлері бойынша хабарласу қажет. 

0% пайдалы деп тапты


Егер Jusan мобильді қосымшасында қажетті қызмет жеткізушісі болмаса, Сіз Jusan Банктің Call-center-іне 7711 (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін) немесе +7 7172 587 711 (ҚР шегінен тыс болған кезде) нөмірлері бойынша хабарласу арқылы қажетті қызмет жеткізушісін қосу бойынша ұсыныс қалдыра аласыз немесе Банктің info@jusan.kz электронды мекенжайына хат жаза аласыз. 

0% пайдалы деп тапты


Егер сіз қате төлем жасаған болсаңыз немесе Jusanмобильді қосымшасында жеткізушінің деректерін дұрыс көрсетпеген болсаңыз, төлемдер тарихында сіз осы төлемді басуыңыз қажет. Пайда болған терезеде төлем мәртебесі көрсетіледі.

• Егер төлем мәртебесі "Өңдеуде" болса, төлемді тоқтату үшін Jusan Банктің Call-center-іне 7711 (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін) немесе +7 7172 587 711 (ҚР шегінен тыс болған кезде) нөмірлері бойынша хабарласу қажет;
• Егер төлем мәртебесі "Төленген" болса, Сізге қызмет жеткізушісіне жүгіну қажет;
• Егер төлем мәртебесі "Қабылданбады" болса, сіздің төлеміңіз жасалмады және ақша қаражаты шотқа қайтарылды.

0% пайдалы деп тапты


Егер Cізде Jusan мобильді қосымшасында төлем жасау кезінде қате туралы хабарлама пайда болса, Банктің Call-center-іне 7711 (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін) немесе +7 7172 587 711 (ҚР шегінен тыс болған кезде) нөмірлері бойынша хабарласып, Банктің техникалық бөліміне өтінім жасау үшін қате туралы хабарлау қажет. 

0% пайдалы деп тапты


Jusan мобильді қосымшасында төлем тарихын жою мүмкін емес.

0% пайдалы деп тапты